Жастықтың қадірін біл сен дәл осы сәттегідей ешқашан Жас болмайсың



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі10,18 Mb.
#5568
  1   2   3

№4

2016 жыл

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің газеті    *   Газет 1957 жылдың 15 қазанынан шыға бастады

  Newspaper of the Kazakh national agrarian university   *   Newspaper is published since October 15, 1957

Жастықтың қадірін біл. сен дәл осы сәттегідей ешқашан Жас болмайсың.

Enjoy your youth.you’ll nEvEr bE youngEr thanyou arE at this vEry momEnt.

наслаЖдайся своей молодостью. ты никогда не будешь молоЖе, чем в этот самый момент.

Университет ұжымы өз 

жұмысын заман талабына 

сай ұйымдастырып келеді

+++++++


БҮГІНГІ САНДА

Жүгері өндірісіндегі француз 

тәЖірибесі

білікті ғалым өнегесі

ең қызықты мамандық

әлемдегі ең ірі баспа үйі 

өкілдері қонақта

+++++++




2



5



6



7



• Топжарғандар

Жүректерді жарастырған – Алматы

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған 

«Жүректерді жарастырған – Алматы» атты байқау өтті. Мың жылдық тарихы бар әсем қала Алматының 

мәдени-тарихи мұралары мен сұлу табиғатын  насихаттап, бұл қаланың нағыз ғашықтар қаласы екендігін 

таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға университеттің  ізетті, сұлу да, сымбатты, халқымыздың 

салт-дәстүрін жетік меңгерген арулары мен сегіз қырлы, бір сырлы сері жігіттері қатысты.

(Жалғасы 3-бетте)

ҮЗДІКТЕР БЕЛСЕНДІЛЕР, МЫҚТЫЛАР

Өнер мен білімде, спортта топжарған студенттерімізбен таныс болыңыздар. Осы 

санда «Технология және биоресурстар» факультетінің студенттері

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++     



4


2

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++     



ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ!

канадалық лайкленд колледЖі 

мамандары қазҰау-да

 

ҚазҰАУ басшылығы Лейк-



ленд колледжі (Канада, Аль-

берта провинциясы) өкіл де-

рін  қа был дады.

Қазақ  ұлттық  уни вер си-

те тінің  кіші  залында  Ка на -

дадан келген шет елдік қо -

нақ тармен  кездесу  бол ды. 

Ка 


надалық делегация құ-

ра  мында  Альберт  про фин  -

ция сының  өкілі Аридж  Ба-

шар мен Лейкленд кол лед жі 

халықаралық 

серік тес тік 

де пар  та ментінің  директоры 

Джеф Браун бар.

Университет ректоры Тілектес Исабайұлы келген меймандарымызды құрметпен 

қарсы алып, екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың артықшылықтары 

жайында айтып өтті.

Канадалық тарап та ауыл шаруашылығы саласында білім беру мен ғылыми 

зерттеулер жүргізу үшін Қазақ ұлттық университетімен серіктестік байланыс 

орнатудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Колледждің халықаралық серіктестік 

департаментінің директоры Джеф Браун:

– Лейкленд колледжі өзінің 100 жылдық тарихы бар Канада еліндегі іргелі оқу 

орындардың бірі. Колледж кәсіби сапалы білім беруде жеткен жетістіктері үшін 

Канадағы ең беделді жоғары оқу орны болып табылады.

Біздің колледжде аграрлық сала мамандарын жан-жақты кәсіби дайындау 

үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған. Канадалықтардың өмір сүру стилі мал 

шаруашылығымен бай ла ныс ты. Сол себепті оқу орнымыздың базасында егіншілік 

пен мал шаруашылығының қыр-сырын үйрететін жеке-меншік фермаларымыз да бар. 

Осыдан алты жыл бұрын біз колледж аумағын кеңейтіп, қосымша оқу ғимараттары 

мен фермалар салдық. Білім беру барысында New Holland Equipment  компаниясы 

ұсынған заманауи жаңа техникалар пайдаланылады.  Бұл компаниямен оқу орны 10 

млн. долларға келісім шарт жасасқан. Сонымен қатар 2010 жылы колледж 2,3 млн. 

доллар көлемінде мемлекеттік грант ұтып алса, ал 2013 жылы Канаданың 50 үздік 

зерттеу оқу орындарының тізіміне кірді, - деді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумға 

қол қойылды.



қазҰау кореЯның Чонбук  Ұлттық униВерситетімен 

серіктестік байланыс орнатты

 

Наурызайының 14-і күні университетімізге 



Чонбук Ұлттық университетінің 

(Корей Республикасы) делегациясы 

келді. Делегация құрамында Корей 

университетінің профессоры, доктор, вице-

президенттіңміндетінатқарушы Янг Мун-

Сик, соныменқатаржоспарлаужәнеүйлестіру

жөніндегі вице-президент Ли Мин-Хо және

университеттіңаймақтықжобаларындамытуж

өніндегі директоры ЧоКуанг-Мин мырзалар 

бар.


Сапар барысында екі оқу орнының 

басшылары  ресми кездесіп, аграрлық оқу 

орындары мен факультеттер арасындағы 

академиялық серіктестік,  студенттер мен 

магистранттардың Чонбук ұлттық университетінде  шәкіртақы негізінде білім алуы, сондай-ақ бірлесе 

ғылыми жобаларды жүзеге асыру, қысқа мерзімді  академиялық ұтқырлық бағдарламасы сияқты 

 

мәселелерді талқылады.



Университет ректоры, академик  Тілектес Исабайұлы Есполов мырза шетелдік  мейман 

да 


ры-

мызды  құрметпен қарсы алып, оқу орнымызға арнайы сапармен келгендері үшін алғысын білдіріп: 

«Корей мемлекеті көп жылдардан бері Қазақ елінің  маңызды серіктесі болып табылады. Бүгінгі таңда 

елімізде 200-ден аса корей кәсіпорындары бар. Осы орайда, біздің оқу орнымызда да Қазақстан-Корей 

инновациялық орталығының жұмыс жасайтынын атап өткім келеді. Бұл орталықтың Чонбук ұлттық 

университетінің  қолдауымен одан әрі дамитынына сенімім мол»,- деді. 

Чонбук ұлттық университетінің вице-президенті Янг Мун-Сик мырза Қазақ ұлттық уни вер ситетінің 

өзге   де шет мемлекеттерде танымалдылыққа ие екенін атап өтіп, өзі басқарып отырған оқу орны туралы 

қысқаша ақпарат берді:

«ЧонбукуниверситетіСеулден 200 км жердеорналасқан. Бүгінгітаңдауниверситетімізде 25 мың студент 

білімалуда. Оның 2000 мыңғажуығышетелдікстуденттерболса, 10-ы сіздердің жер лестеріңіз.

Чонбук ұлттық университеті Кореяның үздік 400  оқу орнының құрамына кіреді.  Университет 

орналасқан қалада ауыл шаруашылығын дамыту департаменті жұмыс жасайды және оқу орнында «білім, 

ғылым, өндіріс»  интеграциясы жүзеге асуда.

Университет  базасы ауыл шаруашылығы саласының озық технологиялармен жабдықталаған. Мұнда 

білім алған кез келген студент жоғары инновациялық ғылым-білімді меңгеріп, өз елінің дамуынамол үлес 

қосатынына сенімім мол»,- деді.

Кездесу қортындысы бойынша екіжақты меморандумға қол қойылып, Корей мемлекетінің өкілдері  

университет факультеттерінің декандарымен, ғылыми-зерттеу институттарының басшыларыменкездесіп, 

оқу орнының инфрақұрылымымен, инновациялық ғылыми ор та лықтардың жұмысымен танысты. 



Висконсин Штаты 

ғалымдарымен

әріптестік байланыс

Қазақ ұлттық аграрлық университеті шетелдіктермен өзара 

тығыз байланыс жасап, қарым-қатынастық қадамдарын ны-

ғай туды басты ұстанымы етіп келеді. Наурыз айы шетелдік 

оқу орындарының өкілдерімен кездесуден басталды. Оның 

мәні мен маңызы зор. Білім, ғылым, өндірістік бағытта болып 

жат қан бұл кездесулер ынтымақтастық пен ықпалдастықтың 

айқын көрінісі болып табылады.

Университетке арнайы бағдарламалық сапармен келген 

меймандарымыздың қатарында АҚШ-тың Висконсин Штаты 

делегациясы да бар. Кездесде университет ректоры Тілектес 

Иса 


байұлы аталған штаттағы жоғары оқу орындарының, 

денсаулық сақтау саласының, бизнестің, мәдениеттің, тауар 

өн 

дірушілер тарапынан және аграрлық саланың танымал 



тұлғалардан құралған  20-дан астам делегация мүшелерін оқу 

орнымыздың оқытушы-профессорлар құрамымен таныс-

тырды. 

Өз сөзін одан әрі сабақтаған Тілектес Исабайұлы 85 жылдық 



тарихы бар, Қазақстанның аграрлық ғылымы мен білімінің 

көшбасшысы саналатын қасиетті қара шаңырақтың бүгінгі 

күнге дейінгі жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті:

– Университетте ғылыми-білім беру инфрақұрылымы да-

мы ған. Отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының 

қарашаңырағы саналатын университетіміздің 28 кафедрасында 

800-ден астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді. Олардың 

арасында  ҚР ҰҒА 17 академигі, 159 ғылым докторы мен 305 

ғылым кандидаты, 14 PhD докторы бар. Соңғы жылдары 150 

жас ғалым әлемнің озық оқу орындарында тәжірибе жинақтап, 

оқытушы-профессорлар құрамын толықтырды, - деп уни вер -

си теттің басқа бағыттағы салалары жөнінде де кеңінен әң гі-

меледі.

Висконсин штатынан арнайы сапармен келген делегация 



құрамындағы университет ғалымдары мен ірі компаниялардың 

басшыларына басшылық жасап жүрген профессор Гарри 

Киркин сөз алып,  өз штатындағы оқу орындарының жайына 

жан-жақты тоқталды. 

Бұдан кейін екі жақты сый-сияпат тапсыру рәсімі болды. 

Оны ректор Тілектес Есполов пен делегация жетекшісі Гар-

ри Киркин жүргізді. Америкалық делегация өкілдері оқу 

Жүгері өндірісіндегі 

француз тәЖірибесі

 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Жүгері өн дірісі 



саласындағы француз тәжірибесі» атты се 

ми 


 

нар болып 

өтті. Семинар жұмысына «Байсерке-Аг ро», «Будан», «Ами-

ран» және т.б. сияқты ірі агро құ ры лым дар дың мамандары, 

жетекшіғалымдар, агрономдар, серік тес кәсіп орынбасшы-

лары қатысты.

ARVALIS институтыныңмаманы Ян ФлодропсжәнеФра

нцияныңЖүгерізауытыныңмамандары Бертранд Карпен-

тьер мен Анна Колпаковская  жүгеріөсірудіңжаңатехноло

гиялары мен тиімдіәдістерінсеминарғақатысушылардыңна

зарынаұсынды.  «Астық және сүрленген жүгері сорттарын 

генетикалық іріктеу»,«Агротехника: топырақты дайындау, 

отырғызу тығыздығы», «Өсімдіктерді қорғау, арамшөптерті 

бақылау, ұрықтандыру, суару»,«Зиянкестер мен түрлі 

аурулардың алдын алу диагностикасы»,«Сүтті сиырлар-

ды тамақтандырудағы  сүрленген жүгерілердің маңызы» 

сияқты тақырыптар төңірігендегімәселелер қозғалды.

Университет ректоры, академик Есполов Тілектес Иса-

байұлы кіріспе сөз сөйлеп, екі ел арасындағы бай ла ныстың 

күннен күнге дамып жатқандығын, Франция елінің 

 

Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша 



үшін ші орында  (10 млрд, евро) тұрғанын атап өтті:

- Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орынды ала-



Венгерлік мамандармен  

тәЖірибе алмасу

  

Кез келген қоғамның, ел экономикасының алға басуы 



ауылшаруашылығы саласына тікелей байланысты болып та-

былады. Сондықтан да әлемелдерінің барлығы еңалдыменау

ылшаруашылығымеханизмінкідіріссізжүргізіп, белгіленгент

алаптардымүлтіксізорындаудыбасшылыққаалады. Осы рет-

те Отандық экономика, аграрлық сектордың алға өрлеуі үшін 

біздің оқу орнымыздың да қосып отқан үлесі айрықша. Осы 

салаға 85 жылдан аса уақыт білікті мамандар дайындап келе 

жатқан ауыл шаруашылығы ғылымының алтын қазығына 

айналған қасиетті қара шаңырақтың ХХІ ғасырдағы серпінді 

іс-қимылы да заманауи талаптарға жауап берерлік. Мұнда 

қырықтан астам мамандықтар бойынша сапалы кадрлар дай-

ындап, инновациялық-технологиялық талап тұрғысынан 

шетелдердегі жоғары оқу орындары және өндіріс орындары-

мен бірлесе ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Шет елдік әріптестермен ықпалдастықты нығайту мақ-

са 


тында оқу орнымыз венгерлік меймандарды қабылдап, 

дела 


гация өкілдері мен оқу орнының қызметкерлері ара-

сында «Жүгері өсірудегі венгерлердің іс-тәжірибесі» деген 

тақырыпта кеңейтілген семинар өткізді. Семинарға Алма-

ты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан фермерлер, 

қо 

салқы шаруашылық иегерлері, сол сияқты кәсіпкерлер, 



университеттің профессор-оқытушылары, магистранттары, 

докторанттары қатысты.

Семинарды университеттің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ті-

лек тес Исабайұлы Есполов:

– Бүгінгімеймандарымыздыңдәндідақылдардыңішіненжү-

гері өсірудегі озық тәжірибесіне көптеген мемлекеттер оң баға-

ларын беріп отыр. Венгерлік әріптестеріміз аталған өнімнің 

гектар қайтарымдылығына баса көңіл бөлуде. Бұл техноло-

гия арқылы әр гектардан 286 келіге дейінөнімалуға болады. 

Сонымен қатар ұсынып отырған жүгері тұқымдары қазіргі 

таңдажоғары сұранысқа ие, - деп, венгерлік әріптестердің 

әдістерінің тиімділігіне тоқталып өтті. 

Еңбекшіқазақ ауданының фермері, белгілі дихан, Қазақстан 

Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Нұр 

Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі 

Кә 


рім Құрбанұлы Худайбердиевмырза да сөз алып, жүгері 

өсіруге байланысты өзінің іс-тәжірибесіндегі ой-пікірлері 



3

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

(Жалғасы. Басы 1-бетте) 

Байқауда оқу орнының алты факультетінің намысын қорғаған 

 

6 жұп өнер көрсетті: Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс 



шаруашылығы факультетінен Олжатай Қайсар мен Қантөреева 

Гүл жауxар, Инженерлiк факультетінен Азирбай Ердаулен мен Да-

рынбай Камила,  Ветеринария факультетінен Еркебай Әбдіқалык 

және Дүйсеналина Жансая,  Агробиология және фитосанитария фа-

культетінен Сугирбекова Айдана мен Махашов Айдынбек, Гидро-

техника, мелиорация жане бизнес факультетінен Ыдырыс Алмат 

пен Өмірзак Еркеназ, Технология жане биоресурстар факультетінен 

Мәдәлі Тоғжан және Асқар Ахмет. 

Қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде 

сайысқа қатысушы жұп өзінің факультетін, мамандығын, аты-жөнін 

әнмен, поэзимен немесе бейнеролик арқылы таныстырса, екінші 

«Бәйге» кезеңінде үміткерлердің салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - 

жоралғы жөнінде білімдері тексерілді. Байқаудың үшінші кезеңінде  

сәні мен салтанаты келіскен қыз-жігіттеріміз мың бұрала жұптық би 

билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. 

Жұптарға Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас дирек то-

рының бірінші орынбасары Анар Қашағанова, танымал актриса, әнші 

Салтанат Бақаева, белгілі ақын, журналист Алмат Исәділ, М. Әуезов 

атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері 

Абзал Асхатұлы және «Ерке-Нұр» сән үйі директорының орынбасары  

Айжан Байзақова  қазылық етті.

Кешке «Жігер» тобының әншісі Болатбек Досыбаев арнайы келіп, 

әннен шашу шашты. Сонымен қатар көрермендер бүгінгі таңда елімізде 

шеберліктің сырын талмай шертіп, ұлтымыздың мақтанышына айна-

лып жүрген «Ерке Нұр» сән үйінің қазақ халқының салт-дәстүрі мен 

қолөнер шеберлерінің ежелгі әдісін сақтай отырып тігілген, әйелдерге 

арналған ұлттық нақыштағы киімдерінің көрсетілімін тамашалады. 

Байқау қорытындысы бойынша, көпшіліктің көңілінен шығып Бас 

жүлдені «Технология және биоресурстар» факультетінің студенттері 

Мәдәлі Тоғжан мен Асқар Ахмет иеленіп, нағыз бүгінгінің Төлегені 

мен Жібегінің үлгісін көрсетті. Байқау жеңімпаздары бағалы сый лық-

тармен, «Ерке-Нұр» сән үйінің арнайы сертификатымен марапаттал-

ды. 

Шуақты 


мереке

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалып 

та-

су 


ы 

мен бірге Наурыз мейрамы барлық 

қа зақс тандықтар  үшін  жалпыхалықтық 

мерекеге айналып, еліміздің барлық 

өңірінде кеңінен аталынып өтілуде. 

Жыл 


 

дағы дәстүрмен бұл мереке «Вете-

ри 

нария» факультетінің №5 «Жалын» 



сту денттер үйінде де тойланды.  Жатақ-

хана тұрғындары, қызметкерлері  ұлттық 

киімдер киіп, келген меймандары ерекше 

көңіл-күймен қарсы алды.  Ұлтымыздың 

ұлы мерекесін дәріптеу, салт-дәстүрді 

жаңғырту, жастарға қазақи тәрбие беру 

мақсатында студенттер үйінің мең 

ге 


ру-

шісі Зәуреш Науқанбайқызының ұйым-

дастыруымен өткен бұл шара барысында 

келген қонақтар жатақханада  шаңырақ 

көтерген жас отбасының беташар тойына 

да куә болды. 

№5 жатақхананың белсенді студенттері 

өз өнерлерін ортаға салып, шағын кон-

церттік бағдарлама қойды. Ұлыстың 

ұлы күніне арналған әсем әуендер шыр-

қап, мыңбұрала би биледі, күмбірлете 

күй төкті. Небір тамаша қойылымдар, 

дәстүрге байланысты қызықты сұрақтар 

қойылып, кәде сыйлар таратылды. Содан 

кейін өнерлерін ортаға салған өрендер 

мен жиналған қауым 7 түрлі дәннен 

жасалған наурыз көжеден ауыз тиіп, 

мерекеге орай жайылған ақ дастарханнан 

дәм татты. 

Мерекелік шараға университетіміздің 

оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары 

жөніндегі проректоры Әбдікәрім Өсерұлы 

арнайы келіп, барша студенттерді, мей-

мандарды Ұлыстың ұлы күнімен құт тық-

тады. 

Жансая әлтай,

Ветеринария факультетінің 

3-курс студенті

   

Жүректерді жарастырған – Алматы



4

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

• Топжарғандар

ҮЗДІКТЕР БЕЛСЕНДІЛЕР, МЫҚТЫЛАР

Өнер мен білімде, спортта топжарған студенттерімізбен таныс болыңыздар. 

Осы санда «Технология және биоресурстар» факультетінің студенттері

әйгерім рЖанқызы, президенттік стипендия иегері, 

«технология және биоресурстар» факультетінің студенті. 

Талдықорған қаласында 1996 жылы дүниеге келген. 

 

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясын бітірген.  



– «Құқық негіздері» пәні бойынша Республикалық олим-

пиададан II орын алған. (2013ж.);

– Қалалық «Дартс» ойынының I орын иегері. (2012-2013 

жж.);


– «Thomson Reuters» сертификатының иегері. (2015ж.);

– «Қазақ хандығына – 550 жыл» мерейтойына арналған 

факультет аралық интеллектуалды ойынның командалық жа-

рысынан I орын, (2015ж.);

– «Бізге – 85 жыл» атты ителлектуалды ойыннан I орын 

(2015ж.);

– Студенттердің XIX дәстүрлі ғылыми конференциясының 

«Үздік баяндамашысы» (2015ж.); 

– «Шапағат» жастар қоғамдық қозғалысының мүшесі.

Қызығушылықтары: психология, нумерология, графоло-

гия, музыка, би

Мақсаты: болашақта өзімнің жеке ипподромымды ашып, 

сондай-ақ Қазақстандағы жылқы шаруашылығын дамытқым 

келеді. Сонымен қатар, психология саласында жұмыс істесем 

деймін, оның ішінде жануарлар психологиясы ерекше қы зы-

ғушылық тудырып отыр. 



қырмызы кенЖебекқызы, республикалық ғылыми 

байқаулардың жеңімпазы, «технология және биоресурстар» 

факультетінің студенті

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кентінде 1997 жылы 

дүниеге келген. Оқушы кезінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын 

жүргізеді. 

- Республикалық «Ақбота» интеллектуалды 

марафонының І-орын иегері атанып, Алматы, Астана 

қалаларына тегін туристік саяхатты жеңіп алған. (2011ж.)

Республикалық ғылыми-танымдық, педагогикалық 



«Химик анықтамалығы» журналында өткен «Алхимик - 2012» 

сайысының жеңімпазы.

Республикалық Кіші ғылым академиясының ІІ 



дәрежелі дипломын иеленген.

«Turan junior - 2014»ХІІ қалалық үздік ғылыми 



жұмыстар байқауының номинанты

ҰБТ-дан 108 балл жинап, ҚазҰАУ-дың студенті 



атанды.

Мақсаты:ауыл шаруашылық өнімдері бойынша ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның экономикасын 

нығайту.


ъ

таңшолпан елу, «ең үздік ойыншы» номинациясының иегері, 

технология және биоресурстар факультетінің студенті.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Атбұлақ елді 

мекенінде 1994 жылы дүниеге келген.

– Шымкент қаласында университет аралық жайдарман-

нан III орын. (2012ж.);

– Факультет аралық КВН-нан бас жүлдесі және «Ең үздік 

ойыншы» номинациясының иегері. (2013ж.);

– Факультет аралық жарыстан I орын. (2014ж.);

– Факультет аралық КВН ойынынан бас жүлде және 

Европаға жолдаманың иегері (2016ж.);

– «Ералаш» және «AGRARWORD» құрамасының ойын-

шысы;


– «Шапағат» жастар қоғамдық қозғалысының мүшесі.

 Қызығушылықтары: КВН, музыка, би.

Мақсаты: Жайдарман ойындарына жаңалық енгізіп, осы 

тоғжан  мәдәлі,“технология және биоресурастар” 

факультетінің студенті.

ОҚО, Отырар ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылының ту-

масы.

– Отырар ауданында Аудандық білім беру және спорт 



бөлімі және халықаралық балалар күніне, сондай-ақ Отырар 

ауданының 70 жылдық мерей тойына орай өткен “Әнші бала-

пан-2005” байқауынан I –орын;

– ОҚО-ң 80 жылдығына орай “Тарихқа толы мәдени өлке” 

тақырыбында өткен “Көктем аруы-2012” байқауында I-орын;

– Отырар аудандық “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” байқауын 

және Наурыз мерекесіне орай өтілген “Алтыбақан” кешін ше-

бер жүргізе білгені үшін алғыс хат;

– Шымкент қаласында өткен Ш.Қалдаяқовтың 75 жылдық 

мерей тойы қарсаңында өткен “Қазақ вальсінің королі” ән 

фестивалінде I-орын;

– Аудандық “Жастар ел болашағы” тақырыбында өткен 

би сайысында II-орын;

– Ағылшын және орыс тілінен аудандық олимпиадаларда 

II-орын;

– Отырар ауданында өткізілген “Отырар аруы-2014” 

байқауында жақсы өнер көрсетіп, 15 қыздың арасынан II-

орын алып, II дәрежелі дипломмен марапатталған.

Қазіргі таңда университетіміздің қоғамдық іс-шараларына 

белсене араласатын  үздік студенттердің қатарында. Сондай-

ақ Университетіміздің 85 жылдығына орай өткізілген іс-

шараларына қатысып, мақтау қағазымен марапатталды. Қазіргі 



ахмет асқар, муай-тай спортыбойыншақрспорт шебері.

(2015-2016ж.), Жасөспірімдерарасындақазақстанныңүшдүркін 

чемпионы, алматы қаласыныңекідүркін чемпионы, «технология 

және биоресурстар» факультетінің 1 курс студенті

Алматы каласындағы №123 мектеп-гимназиясының тү-

легі. 

Муай-тай Федерациясының кубогы үшін  жасөспірімдер 



мен жастар арасындағы республикалық турнирден І орын. 

(2015ж.);

Жеңістің 70 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 105 

жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында муай-тайдан 

ашық біріншілікте І орын. (2015ж.);

Алматы қаласында өткен Жастар мен кадеттер арасындағы 

кикбоксингтен ашық біріншілікте І орын. (2015);

Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Манас кубогы-

на арналған халықаралық турнирде III орын.

Ерлер арасындағы Қазақстан кубогының қола және күміс 

жүлдегері;

Муай-тайдан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік 

күніне арналған ашық біріншіліктің күміс жүлдегері;

Астана қаласында муай-тай спорты бойынша ересектер 

арасында өткен Қазақстан Республикасы кубогының қола 

жүлдегері. (2015ж.)

Петропавл қаласында өткен республикалық турнирден ІІ 

орын. (2015 ж.);

Муай-тайдан жасөспірімдер арасындағы ашық бірін ші лік-

те ІІ орын.(2014ж);

Қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирден ІІІ 

орын. (2014ж.);




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет