37
Оқытудың қарастырылған
жалпы мақсаттары физиканы
оқыту процесін құрудың негізі, іргетасы болады.
Оқыту үрдісінде білімді жинақтауға ғана емес, білімге ие
болу икемділігін қалыптастыру көзделінеді. Осыған байланысты
қазіргі мектепте мұғалім сабақта оқушылардың алдарында тұрған
проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуде барлық іс
әрекеттерін
өз бетінше жоспарлап, шығармашылық, танымдық
қабілеттерін дамытуға бағыттау керек. Оқушылардың жұмысын
осы бағытта ұйымдастыра білген мұғалім -дарынды мұғалім.
Физиканы оқытуда, оқушылардың тек ғылымның негізін
біліп
қана қоймай, ғылыми таным әдістерін, қазіргі заманғы
өндірістің, техниканың, адамға тұрмыстық қызмет көрсетудің
практикалық тәсілдері мен икемділіктерін игере білуі тиісті.
Осыған байланысты қазіргі мектептерде
оқу әдістемелерін
жетілдіруге көбірек көңіл бөле бастады, оларды әлеуметтік,
ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қолға алынуда.
Физика курсында әрбір тақырып бойынша міндетті меңге-
руліге тиісті білім элементтерімен қатар қосымша материалдар да
бар. Олармен мұғалім таныстырып, түсіндіреді,
бірақ оны
оқушылардың барлығынан бірдей сұрай бермейді. Негізгі қажетті
оқу материалын оқушылардың есте сақтауын талап етіп, соған
жағдай жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: