А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет30/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Байланысты:
ФӘО

Әңгімелеу 

оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек 
мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай 
тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады: 
1) физикалық заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) 
ашылу тарихымен, физик-ғалымдардың өмірбаянымен оқушы-
ларды таныстыру қажет болғанда (бүкіл әлемдік тартылыс заңы, 
радионы ойлап табу); 
2)
ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспекти-
валарымен мектеп оқушыларын таныстырғанда (фотоэффект, 
атом электр стансасы); 
Физикалық заңдар мен кұбылыстардың ғылымда, техникада, 
өмірде қолданылуын түсіндіргенде (спектр анализі, Архимед 
күші, капиллярлық); табиғатта және техникалық қондырғыларда 
байқалатын физикалық құбылыстарды баяндағанда (конвекция, 
шала 
өткізгіштер). 
Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар 
ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі 
төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдей-
ліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол 
себепті әңгімелеу және 
ауызша түсіндіру
 
кездеріңде оқу 
материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік 
жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып 
керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет. 


73 
Жоғары сыныптарда оқу материалын түсіндіру кейде 
лекциялық 
тәсілмен өткізіледі ("Электромагниттік толқындар", 
физика және техникалық прогресс"). Лекцияның ғылыми 
мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы 
көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың 
дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. 
Мектеп физикасынан лекцияны кез келген тақырыпта және 
сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың 
белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды 
жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ірі 
ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада 
құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. 
Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де 
маңызды, әрі қызықгы болады. 
Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық 
ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет