79
ленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудан білімді үйре-
нудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні
үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес,
берілген бастапқы
нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады.
Технология ұғымы тар мағынада - бір нақты объектінің
технологиясы ретінде, және кең мағынада - ғылым саласы ретінде
қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға
қатысты алсак, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
1. Дәстүрлі дидактика - әдістемелік тәсілдерді жинақтауға
бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың
оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін
оңтайландыра түсетін окытудың ұйымдастырылған түрлері мен
әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды.
2. Әдетте, дидактиканың пәні - білім берудің мазмұны және
оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ
дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл оқытудың
мақсаттары, мазмұны, зандылықтары, әдістері және принциптері.
3. Дидкатиканың міндеттері: а) оқыту үрдісін суреттеп
түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету; б) оқыту
үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін,
жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде
дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технологиясын -
қолданбалы дидактика
десе де болады.
Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс -
әрекетінің әдіс - тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және
қолдану теориясы.
Сонымен, технологиялық әдіс дидкатикалық немесе жеке
әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудін
дербес бағыты болып табылады екен.
Енді, білім беру технологиясының белгілі
Достарыңызбен бөлісу: