А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет75/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93
Байланысты:
ФӘО

 


160 
 
10.2. Демонстрациялық экспериментке
қойылатын талаптар 
Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құн-
дылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді: 
1.
Тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органи-
калық байланыста көрсетілуі керек. 
2.
Демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс. 
3.Сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт 
алмауы керек және барлық құралдарды бірден көрсетудің қажеті 
жоқ. Олардың ең негізгілерін ғана тақырыпты түсіндіруде 
қолданып, қалғандарын оқушылардың сұрау, қайталау сабақ-
тарында пайдаланған тиімді. 
4. 
Физикалық 
тәжірибелер 
негізінен 
физикалық 
заңдылық-тардың сандық мағынасын дәлелдеуге тиісті.
5.Демонстрациялық 
эксперименттің 
эврикалық 
түрде 
болғаны жөн, мұндай жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар 
өздері "жаңалық" ашады немесе тиісті қорытындыға келеді. 
6.Тәжірибенің бірнеше нұсқаларынан, жаңа сабақты түсін-
діруде олардың ең көрнекісі, әсері (эффектісі) күштісі көрсетілуі 
керек. 
7.Тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керек-
ті құралдар ғана қойылуы тиіс. Оның көрнекілігін күшейту үшін 
мұғалім түсті қағаздарды, ақ-қара экрандарды, түрлі түсті боялған 
сұйықтарды пайдаланып, құралдарды жарықтандырғаны жөн. 
8. 
Көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен сұлбаларды 
дер кезінде тақтаға сызу қажет. Ең дұрысы - суретті динамикалық 
түрде салу. 
9. 
Физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика 
мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет. 
10.3. Зертханалық жұмыстар және оларды
ұйымдастырып өткізудің әдістемесі 
Зертханалық жұмысты (экспериментті) орындағанда, физика-
лық құбылыстарды оқушылардың өздері бақылайды, тексеріп 
көреді; табиғат заңдылықтарын зерттейді; "қолдан қайта 


161 
жасайды", сандық және сапалық қасиеттерін байқап, өлшейді; өз 
бетінше қорытынды жасауға үйренеді, физикалық процестерді 
біліп-тануға және өмірде қолдануға мүмкіндік болатындығына 
сенімі артады. Зертханалық эксперимент оқытудың ең әсерлі 
және нәтижелі әдістеріне жатады. Оны физика ғылымындағы 
эксперименттік зерттеу тәсілдерінің бейнесі және тікелей 
"көшірмесі" деп 
 
түсіну керек. Сондықтан ол мектеп физика 
пәніне ғылыми-зерттеу сипат береді. Мектепте физиканы оқыту-
дың мақсаттарын орындайтындай зертханалық эксперименттің 
мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар. 
1.
Демонстрациялық тәжірибені көрсеткенде оқушылар тек 
ғана пассивті түрде бақылаушы рөл атқаратын болса, 
зертханалық экспериментке олардың өздері белсене қатынасады, 
физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер 
жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды. 
2.
Зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылар физика-
лық приборлармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйреніп, 
политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытады, 
практикалық маңызын түсініп, олардың табиғат құбылыстарын 
біліп-тануға қажетті құрал екендігіне көз жеткізеді. 
3.
Зертханалық эксперимент жасау үстінде оқушылар бізді 
қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды 
жасауға үйренеді, физика заңдарының практикалық маңызына 
түсінеді, физика ғылымының техникамен және өмірмен байла-
ныстылығына сенетін болады. Бұл физиканы оқытудағы 
формализмді жоюға жәрдемдеседі. 
4.
Зертханалық сабақтарда окушылар ғылыми-зерттеу жұмыс-
тарды жүргізуге дағдыланады, физика ғылымының танымдық 
күшіне сеніп, оқуға деген олардың ынта-жігері артады. 
Мектепте өткізілетін зертханалық эксперимент белгі-
ерекшеліктеріне қарай мынадай 5 топқа классификацияланады: 
I. 
Зертханалық экспериментке 
 оқушыларды 
қатыстырылуы бойынша :
1) олардың барлығы түгел міндетті 
түрде орындайтын сыныптық зертханалақ, жұмыстар; 2) 
сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға 
қызығушы оқушылардың ғана істейтін зертханалық жұмыстары 
болып бөлінеді. 
II. 
Өткізілетін орны мен уақыты бойынша зертханалық 
жұмыстар 4 түрге бөлінеді :
1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта 


162 
қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық практикум деп 
аталатып ұзақ уақыт (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта 
(кабинетте, үйде - 10,30 мин) өткізілетін эксперимент. 
III. Зертханалық эксперимент мазмұны бойынша сандық 
және сапалық жұмыстар болып бөлінеді. 
IV. Өткізу тәсілдері бойынша зертханалық эксперимент:
1) фронталь; 2) әр түрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық 
практикум болып 3 ке бөлінеді. 
V.Зертханалық эксперимент қойылу мақсаты бойынша 
зерттеушілік, эвристикалык, иллюстративтік болып бөлінеді. 
Фронталь зертханалық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір 
сағаттық болады. Ол сабақта яғни барлық оқушылар бір мезгілде 
бәрі бірдей жұмысты орындайды. Фронталь зертханалық жұмыс-
тардың бірқатар ұйымдастыру - әдістемелік артықшылықтары 
бар: а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә) барлық 
оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өтікізу мен тексеру 
мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай 
өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а) сыныптағы 
барлық оқушыларды бірдей құралдармен қамтамасыз етудің 
мүмкіндігі бола бермейді; ә) бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ 
болып істегендіктен, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, 
қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б) жұмыстың құралдардың 
тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге 
оңайлыққа соқпайды. 
Бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстар мен физи-
калық практикумдар негізінен мектеп физика курсының мынадай 
басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді: 
1) физикалық құбылыстарды бақылау және зерттеу
2) өлшеуіш приборлармен және физикалық шамаларды 
өлшеу әдістерімен танысу
3) физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыс-
тарды тағайындау
4) физикалық тұрақтыларды анықтау және олардың сан 
мәндерін табу тәсілдерімен таныстыру
5)техникалық 
құралдармен 
және 
қондырғылармен 
таныстыру.
Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі мынадай жүйеде 
өткізілуі тиіс: мұғалімнің кіріспе түсінігі (3-5мин), оқушылардың 


163 
жұмысты істеуі (25-30 мин), алынған нәтижелерді өңдеу
(7-10 мин). қорытындылауы (3-5мин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет