А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет72/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93
Байланысты:
ФӘО

 
 
9.3. Оқушылардың білімін бағалау кретерийі 
Білімді бағалау, оны тексеру сияқты, үлкен тәрбиелік мәні 
бар. Мұғалімнің бағаны дұрыс қоя білуі, оқушының білімі мен 
іскелігін шыңдауға, өз еңбегіне дұрыс баға қоя білуіне ықпалын 
тигізеді.Бағаға қойылатын басты талап, оның әділдігі немесе 
дұрыстылығы. Бағаға мұғалімнің көңіл – күйі, бір оқушыға деген 
жаман көзқарасы, сабақтағы көзқарасы, сабақтағы тәртібі немесе 
басқа да білім, іскерлік, дағдыға байланысты себептер әсерін 
тигізбеуі керек. Бағаны оқушының сабақты жіберуі, тіртіпті 
бұзуы үшін қолдануға болмайды. (тәртіпті бұзуды бағалау, 
физика бойынша оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру 
кезінде емес, тәртіпті бағалау кезінде есептелу қажет.) 
Оқушылардың білімін бағалаудағы басты ескермеушілік бағаның 
төмендетілуі мен көтерілуі: бұл бағаның әділдігінің төмендеуіне 
әкеледі және өнегелі тәрбиеге залалын келтіреді, мұғалім мен 
оқушы арасында және оқушы ұжымында жанжал туғызады. Баға – 
жан-жақты мәні бар педогогикалық құралдардың ең қиыны. Ол 
ең бастысы оқудағы жетістіктерді бағалау ретінде қолданылады, 
содан кейін оқушы жұмысын ынталандыру өлшемі ретінде және 
оның оқуға деген көзқарасын ұнату не ұнатпауды білдіру 
ретінде. Ол оқушының сынып ұжымындағы «орнын» анықтайды.
Мұғалімнің беделі оқушылардың білімі мен іскерлігін дұрыс 
және әділ бағалауға байланысты болады, себебі ол бұл бағамен 
өзінің педогогикалық жұмысын да бағалайды. 
Білім мен іскерлікті бағалаудың әділдігі көптеген 
факторларға тәуелді: 
- мұғалімнің оқушылардың білімі мен іскерлігіне қойылатын 
талаптары; 


153 
- сынып оқушыларының жалпы дайындығы; 
- білім мен іскрлікті шығаратын әртүрлі әдіс-тәсілдер; 
- тексерулерді өткізудің жилігі
- бағаға сәйкес келетін тапсырмаларды өздігінен орындау; 
- негізгі оқу материалының толық қамтылуын тексеру; 
- бағаның мөлшері мен критерийлерін жасақтау; 
- оқушылардың нақты жұмысын бағалау бойынша, баға 
мөлшерін сауатты қолдану. 
Үйде және сабақта бағалауға оқу қызметінің негізгі түрлері 
жатады: ауызша жауаптар, жазбаша жұмыстар, схема мен 
графиктерді салу мен оқу, зертханалық жұмыстарды орындау, 
физикалық машық жұмыстары, оқулықпен жұмыс, қосымша 
әдебиет пен басқа да білім көздерімен жұмыс, баяндамаларды 
дайындау мен қорғау, физикалық құралдарды жасау т. б. 
Жазбаша және ауызша жауаптарды жауаптың дұрысты-
лығын ескеру қажет, оның толықтығы (негізінен барлығын қоса), 
түсіндірудің логикасы, тұжырымдаманы дәлелделуі, өз сөзімен 
жеткізе білуі, оқу материалынан негізгіні таңдауы, жауапты 
техника, табиғат және тұрмыстағы мысалдармен дәлелдеуі, 
тапсырмаларды өзі орындауы, дұрыс қорытынды шығара білуі, 
жинақтап қорыта білуі, салыстыру мен талдау жасай білуі
сондай-ақ сөйлеу мәдениеті.
Зертханалық жұмыстарды бағалау кезінде жұмысты орындау 
жоспарын құруды білу ескеріледі, эксперимент өткізуге 
зертханалық орнатуды дайындау, зертханалық құралдарды, 
өлшеу приборларын және эксперимент үшін қажетті құралдарды 
қолдана білу, теориялық білімдерді машықта қолдану, 
зертханалық жұмыстарды орындаудағы тиімді әдісті таңдай білу. 
Тоқсанға және жарты жылдыққа баға шығару кезінде, 
тоқсанның (жарты жылдық) «орта арифметикалық бағасынан» 
емес, қорытынды баға шығару кезіндегі оқушының нақты сол 
кездегі білім мен іскерлігін бағалау керек. Егер оқушы тоқсан 
аяғында барлық тақырып бойынша сұралған болса және барлық 
материал бойынша жақсы білім көрсетсе, бұдан бұрын алынған 
бағалар қорытындыға әсерін тигізбеуі керек, себебі бұл уақытқа 
дейін оның білімі өзгерді. Егер оқушының жауабы әлсіз болса, 
бұдан бұрынғы жақсы бағаларға қарамастан, осыған сәйкес оған 
жақсы қорытынды баға қойылмайды. Мұндай бағалау 
оқушылардың оқуға деген ынтасын көтереді, әсіресе қайталау 


154 
мен жинақтау кезінде. Ағымдағы бағалар мен қорытынды бағалар 
бірдей еместігін ескерген жөн. Мысалы, барлық тақырып 
бойынша жазбаша жұмыс немесе қорытынды сұраудағы 
бағалардың, ағымдағы сұрауға қарағанда үлкен мәні бар, себебі 
«5» деген баға ағымдағы сұрауда қайта жеткізудің деңгейіне 
немесе 
үлгі 
бойынша 
білімдерін 
(мысалы, 
жаттығу 
тапсырмаларын орындау кезінде) қолдану үшін қойылуы мүмкін. 
Ал қорытынды сұрауда (ауызша немесе жазбаша) «5» деген баға 
тек қайта жеткізудің толық білім деңгейі емес, оларды 
өзгертілген немесе жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. 
Тоқсан, жартыжылдық бағаларды, жылдық бағаларды шығару 
кезінде, барлық кезеңдегі оқушылар жұмысын мұғалімнің 
қадағалау қорытындысын ескеру қажет. 
Оқушылардың жауаптарын бағалау кезінде барлық қателер 
(дөрекі және дөрекі емес) мен ескермеушіліктер анықтай білу 
қажет. 
Дөрекі қателерге жататындар: 
- негізгі түсініктердің анықтамаларын білмеу, заңдар, 
ережелер, негізгі теорияларды, формулаларды білмеу, физикалық 
шамалардың таңбалануын және өлшем бірліктерін білмеу. 
-өлшем бірліктердің атауларын білмеу;
- жауабындағы басты мәселені көрсете алмау; 
- физикалық құбылыстарды түсіндіруде және есептер 
шығаруда білімін қолдануды білмеу; 
- жалпылап қорытынды жасай білмеуі ; 
- графиктерді, сұлбаларды оқуды және оларды сызып салуды 
білмеуі;
- зертханалық жұмысқа қажетті құралдарды жинақтауды
тәжірибені орындауды және алынған мәліметтер бойынша 
қорытынды жасай білмеуі;
- техника мен физика бойынша анықтамалықтар мен 
оқулықтарды қолдана білмеу; 
- физикалық экспериментті орындау кезінде техникалық 
қауіпсіздікті бұзу; 
- өлшеуіш құралдар мен зертханалық құралдарға ұқыпсыз 
қарау.
Дөрекі емес қателерге жатады: 
- ұғымдардың, теориялардың, заңдардың, түсініктердің, 
тұжырымдамалардың анықтамаларында қателік жіберу; 


155 
- шкаланың құнын анықтаумен байланысты емес, өлшеуіш 
құралдардаң көрсету мәндерін дұрыс алмау
- өлшеуіш құралдармен жұмыс істеу ережелерін және 
тәжірибенің өткізу жағдайын ескермеу нәтижесіндегі қателігі; 
- графиктің дұрыс сызылмауы, сұлбалардағы шартты 
белгілердің дұрыс белгіленбеуі; 
- есептер шығаруда тиімді әдісті таңдай алмауы; 
- анықтама мен басқа да әдебиеттермен жұмыс жасауда 
тиімді әдісті қолдана алмауы; 
- жалпы түрдегі есептерді шешуді білмеу (8-10 сынып 
оқушылары үшін). 
Ескермеушілік нәтижесінде жіберілетін қателер: 
- түрлендірулер мен есептеудің тиімді әдісінің болмауы; 
- есеп шығарудағы арифметикалық қателер; 
- графиктерді, схемаларды, сызбаларды, жазуларды ұқыпсыз 
орындау; 
- орфографиялық және пунктуациялық қателер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет