А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет15/102
Дата20.06.2022
өлшемі2,39 Mb.
#37098
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102
 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985. 
2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 
3.Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969. 
4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997. 


24 
І. 4. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ 
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ 
1.ХХ ғасырдың басындағы алғашқы мектептер, оқу мазмұны. 
2.Алғашқы бағдарламаларды құрудағы ізденістер. Алғашқы бағдарла-
малардың құрылысы мен мазмұны. 
3.Қазақ әдебиеті оқулығының қалыптасуы тарихы.
4.Алғашқы әдістемелік ізденістер. 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасу жолын қарас-
тырғанда оны тӛрт арнадан іздеуге болады: 
1.Мектепте пән ретінде оқытылу тарихы; 
2.Әдебиет пәнін оқытуға арналған оқу құралдарының пайда болуы мен 
қалыптасу жолы. 
3.Әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілуі мен қалыптасу 
тарихы; 
4.Алғашқы әдістемелік ізденістер: мақалалар, әдістемелік пікірлер; 
5.Әдебиетті оқыту оқулықтарына нұсқаулар, арнайы әдістемелік 
еңбектер, ондағы бағыт-бағдар. 
Қазақ халқы сӛз ӛнерін қадірлей отырып, ӛзінің бай әдеби мұрасын 
ғасырдан ғасырға жеткізді. Оны ұрпақ санасына сіңіріп, халқының бай мұра-
сын танытып келгендігі даусыз. Дегенмен әдебиеттің арнайы пән ретінде 
оқытылуын мектеп ӛмірінен тысқары қарауға болмайды. Сондықтан мектеп-
тер әр пәнге деген сұраныста болуы себепті әдебиет пәнінің оқытылуын мек-
тептер ӛмірімен сабақтастырамыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ 
елі Ресейдің отары болғандықтан, мектеп мәселесі де үстем елдің отарлық 
саясатының аясында ӛз мүддесіне қарай шешіліп отырды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жеріндегі мектептер екі бағыт-
та болды. Оның бірі — діни оқуға бағытталған ауыл мектептері. Орталық 
қалаларда ашылған діни оқу орындары, медреселер. Татар ағартушысы 
И.Гаспиринский негізін салған жадит мектептері. Екіншісі — оқу тек орыс 
тілінде жүргізілетін училищелер мен семинариялар еді.
1870 жылы Халық ағарту министрлігінің ұлттық мектептеріне арналған
Н.И.Ильминскийдің жүйесіне негізделген заң күшіне енді. 1970 жылғы халық 
ағарту министрлігінің ұлттық мектептері басқа ұлт балаларының орыс тілін 
меңгеру деңгейіне қарай үш түрлі дәрежеде болған. Олар: 
1. Орыс тілін меңгергенге дейінгі алғашқы оқу жылында орыс алфави-
тімен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде оқуға рұқсат етілген 
мектептер; 
2. Оқу орыс тілінде жүргізілетін, мұғалімдер ұлт ӛкілдерін тілін білуі, 
оны сабақты ауызекі түсіндіру үшін ғана пайдалану рұқсат етілген мектептер; 
3. Оқу тек орыс тілінде жүргізілетін, ана тілін қолдануға рұқсат етіл-
мейтін мектептер. 
Бастапқы топтағы мектептерде орыс тілін меңгергенге дейін орыс 
әрпімен басылған ана тіліндегі оқулықтар қолданыла бастады. Ағарту сала-
сында Ы.Алтынсарин кӛш бастады. Ұлы мақсат-мұраты қазақ балаларының 


25 
кӛзі мен кӛкірегін ашу болған Ы.Алтынсарин ӛзіне дейінгі оқулық-хресто-
матиялардың ізімен «Қазақ хрестоматиясын» дүниеге әкелді. К.Ушинскийдің 
(«Детский мир и хрестоматия», «Радное слова») Л.Н.Толстойдың («Азбука») 
шығармашылық тәжірибесін басшылыққа алған «Қазақ хрестоматиясы» 
ӛзінің құндылықтарымен, ұғым, түсінік, табиғатымен толықтай қазақ бол-
мысына негізделіп жазылған жаңа типті оқулық болып дүниеге келді. Ӛзінің 
әдістемелік бастамасымен де кейінгі оқулықтарға кӛшбасшы болды.
Негізінен орыс-қазақ мектептерінде А.Васильевтің «Букварь для 
киргиз», А.Е.Алекторовтың «Русско-киргизская азбука» Л.Н.Толстойдың 
«Азбука» сияқты орыс баспасынан жарық кӛрген оқулықтары қолданылды.
Сабақ кӛбіне діни оқуға бағытталғанымен, жазу, арифметика сияқты 
пәндерді де қамтыды. 
Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийдің 
бастамасы бойынша 1876 жылы Торғай облысының инспекторы болып 
Ы.Алтынсарин тағайындалып, бірнеше ауылдық мектептер ашылған. 
1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті
РСФСР Халық Комиссарлары Советінің қаулысы бойынша ҚАССР құру 
туралы қаулы қабылданып, қазақ жеріндегі Халық ағарту ісі кеңес үкіметінің 
саясатына бағытталды. 1918 жылға 1 қазаннан бастап барлық бастауыш және 
жоғарғы бастауыш училищелері, діни мектептер мен медреселер, тӛменгі 
және орта дәрежедегі оқу орындары бірыңғай кеңестік еңбек мектебі болып 
қайта құрылды. Оқу-ағарту ісіндегі қозғалыстың ықпалымен қазақ дала-
сында оқуға тартылғандардың саны ұлғая түсті. Мәселен, 1914-15 оқу жы-
лында мектепке тартылғандар барлық оқу жасындағы балалардың 7,5% 
болса, 1920-21 оқу жылында 21,7% ға кӛтерілген. 1-5 сыныптардағы қазақ 
оқушылары үш есе ӛскен.
Осы жылдары қазақ ӛлкесінде бірыңғай екі сатылы еңбек мектептері 
қалыптасқан. Олар: мектеп-коммунарлар; ересек балалар мектебі, бастауыш 
мектеп коммунарлары; Ф.З.О.; шаруа жастар мектебі т.б. 
Кеңес мектептерінің кӛптеп ашылуы, кеңестік идеямен саясатты наси-
хаттау мүддесінен туындады. В.И.Лениннің мектеп саласындағы ірі буржуа-
зияны құлату жолындағы күрес екендігін, саясаттан тыс мектеп болмайды 
деген ойынан да кӛрінеді. Мектептегі әдеби білім мазмұны да 1990 жыл-
дарға дейін кеңестік идеологияға қызмет етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет