А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата06.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#8164
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ISSN 2223-2389 

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ 

А Б А Й   И Н С Т И Т У Т Ы Н Ы Ң 

ХАБАРШЫСЫ

 

Алматы                                                           №4 (10)                                                            2011 

 

 

Ғылыми-ақпараттық  



əдеби  журнал 2010 жылдан  

бері екі айда бір шығады.  

ҚР Мəдениет жəне ақпарат  

министрлігі  Ақпарат жəне мұрағат  

комитетінде тіркеліп  (24.12.2009), 

№ 10586-Ж куəлігі берілген 

 

(ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.) 



сериялық басылымдарды 

тіркейтін ISSN Халықаралық  

орталығында тіркелген жəне  

халықаралық номер берілген 

 

Бас редактор  

Дəдебаев Ж.Д. 

 

Редакциялық кеңес  

Абдуалиев А., Акматалиев А.А. 

(Қырғызстан), Аманшаев Е.А.,  

Əбдезұлы Қ., Əбдиманұлы Ө.,  

Əмірбеков Ш.А., 

Бақтыкереева Ұ.М. (Россия),   

Бисенбаев П.Қ. (ғылыми редактор), 

 Ғайыпов З.С., Есембеков Т., Есім Ғ.,  

Жақсылықов А.Ж., Кəкішев Т.К., 

Қамзабекұлы Д., Мадиева Г.Б.,  

Момынова Б., Мырзахметов М., 

 Нұралиев А. (Тəжікстан),  

Омаров Б.Ж., Чабаноғлы О. (Түркия), 

Шəріп А.Ж., Ысқақұлы С. (Қытай). 

  

Редакциялық алқа 

Адаева Е.С., Ахмедьяров Қ.К. , 

Əбдікова Қ.Т., Бектурова Э.Қ.,  

Кəрібаев Б.Б., Малдыбай А.Д., 

Мəмбетов Ж., Медеубек С.,  

Мұсалы Л.Ж., Сағындық Н.,  

Таева Р.М., Тарақ Ə.С.  

 

Жауапты хатшы 

Дəуітова Г.Р. 



Құрылтайшы  

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 



Шығарушы 

Абай институты  



Редакция мен шығарушының  

мекен-жайы 

Алматы, əл-Фараби даңғылы,71. 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Абай ғылыми-зерттеу институты. 

E.mail: Abai_instkaznu@mail.ru 

 

ИБ № 5650 

Басуға 24.08.2011 ж. жіберілді.  

Пішімі 70х110 1/16. Тапсырыс № 187. 

Көлемі 8,33  б.т. Таралымы 500.  

Əл-Фараби атындағы  

Қазақ ұлттық университетінің 

«Қазақ университеті» баспасы. 

050040, Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71. 

«Қазақ университеті» баспаханасында басылды 

Мақала авторларының пікірі редакцияның 

 көзқарасын білдірмейді



 



М А З М Ұ Н Ы  

 

 

 

АБАЙТАНУ  

Дəдебаев Ж. Абайдың «Сегіз аяғы»: мəн мен  

мағына поэтикасы ................................................................................  3 

 

Палтөре Ы. Абай шығармаларындағы Алланың көркем  

есімдерінің кейбіріне лексика-семантикалық талдау ....................... 11 



 

АБАЙТАНУ ТАРИХЫНАН 

Сейфуллин С. Ибраһим Құнанбайұлы  

(Абай) (1845-1904 жж.) ....................................................................... 17 



 

Ысмайлұлы Е., Шашкин З. Абайдың поэтикасы ............................  20 

 

Смағұлов Ж. Абайтану Əлиханнан басталады ................................. 34 

 

Искакулы К. Жизнь Абая (Ибрагима) Кунанбаева .......................... 38                  

           



 

СӨЗ ӨНЕРІ 

Сейтжанов З. Сегіз қырлы ................................................................  44 

 

Егембердиева Б. Сарбастың ақындығы туралы ................................  51 

Лұқман Хакімнің даналығы ................................................................ 54     

                                                                   

ТІЛ БІЛІМІ 

Смағұлова Г. Сөйлеу мəдениетінің  

лингвоэкологиялық аспектілері ..........................................................  67 



 

АУДАРМА ЖƏНЕ ƏДЕБИ КОМПАРАТИВИСТИКА 

Мартин Лютер. Послание о переводе (открытое письмо) ............ 71 

 

ҚОҒАМТАНУ 



Кəрібаев Б. Т.И. Сұлтанов жəне Қазақ хандығы  

құрылуының мəселелері ......................................................................  79 

 

СЫН ЖƏНЕ БИБЛИОГРАФИЯ 

Дəдебаев Ж. Əлішер Науаи .................................................................  84 

 

ЖАС ҚАЛАМ 



Mukambetkaliev K. Star Nights ............................................................ 91 

 

Карканова А. Воспроизведение национальной картины  

мира на основе реалий в романе-эпопее М.О. Ауэзова  

«

Путь Абая» ......................................................................................... 95 



 

Жусупова А. Творчество Стивена Кинга и его рецепция ................. 98    

 

 

 



 

 

 



                                              

Біздің авторлар 

 

 

 

 

 

Дəдебаев  Ж.Д.   – филология  ғылымдарының  докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар  одағының 

мүшесі,  ҚР  Ұлттық  жоғары  мектеп  ғылым  академиясының,  Халықаралық  Жоғары  мектеп  ғылым 

академиясының,  ҚР  Білім  академиясының,  Халықаралық  Айтматов  академиясының  академигі,  əл-

Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры 

 

Сейтжанов З. – филология ғылымдарының докторы, профессор 



 

Смағұлова Г. – филология ғылымдарының докторы, профессор 

 

Егембердиева Б. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент 



 

Смағұлов  Ж. – филология  ғылымдарының  докторы,  Е.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 

университетінің профессоры 



 

Кəрібаев  Б. – тарих  ғылымдарының  докторы,  əл-Фараби  атындығы  ҚазҰУ  Қазақстан  тарихы 

кафедрасының доценті 



 

Палтөре Ы. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанты 

 

Карканова А. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты, ғылыми жетекшісі А. Жақсылықов 

 

Шаменов А. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты, ғылыми жетекшісі Т. Есембеков  

 

Жусупова А. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты, ғылыми жетекшісі А. Жақсылықов 

 

Ембергенов Д. – əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  3-курс студенті, жетекшісі А. Түсіпова 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 



 

Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                         

 

 

 



 

АБАЙТАНУ  



                                       

                                              

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ж. Дəдебаев 

АБАЙДЫҢ «СЕГІЗ АЯҒЫ»: 

МƏН МЕН МАҒЫНА ПОЭТИКАСЫ 

Аннотация. Мақалада қарастырылатын мəселелер. Абайдың «Сегіз аяғы». Ашық жəне жасырын мағына.  

Мəн мен мағына поэтикасы. Жалпы мен жалқы, бүтін мен бөлшек арасындағы байланыстар.  

Образ жəне образды тұтастық. 

Тірек сөздер: Абай, «Сегіз аяқ», мағына, мəн, поэтика, образ, образды тұтастық. 

 

Ж. Дадебаев 



«ВОСЬМИСТИШИЯ» АБАЯ:  

ПОЭТИКА СМЫСЛА И ЗНАЧЕНИЯ 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. «Восьмистишия» Абая. Имплицитное и эксплитное. Поэтика 

смысла и значения. Диалектика общего и особенного, целого и отдельного. Образ и образная целостность. 

Ключевые слова: Абай, «Восьмистишия», значение, смысл, поэтика, образ, образная целостность. 

 

Zh. Dadebaev 

«EIGHT RYTHM» OF ABAI: 

POETICS OF SENSE AND VALUE 

Abstract. The issues dealt in this article. «Eight rythm» of Abai. Implicit and ex-tiled. Poetics of sense and value. 

Dialectician general and special, whole and separate. Character and vivid integrity. 

Keywords: Аbai, "Eight rythm", value, sense, poetics, character, vivid integrity. 

 

Өнер  туындыларының  жүйесінде  жасырын 



мəннің болатыны  туралы  ой  əу  бастан  бар. Бұл 

ой  көркем  əдебиетке,  əдеби  шығармаға  тікелей 

қатысты. Суреткердің белгілі өмір құбылыстары 

туралы айтқысы келген ойын өз шығармасында 

түгел,  шашау  шығармай  баяндау  мүмкіншілігі 

шектеулі. Өйткені өмірдің шындық құбылыстары-

ның  қыры  да,  сыры  да  мол.  Суреткер  өмірдің 

шындық құбылыстарын қанша толық суреттеуге 

ұмтылғанмен,  көптеген  жайлардың  шығарма 

желісінен  тыс  қалатыны  анық.  Ал  шығарма 

жүйесінде  көрініс  тапқан  шындық  құбылыстар 

жəне  оларды  қабылдаудан  туатын  əсер  мен 

түсінік шығарма желісінен тыс қалған жайларға 

мегзейтін  сəттер  де  болады.  Ондай  жайлардың 

мəнін ұғу, түсіну – қабылдаушының санасының 

тереңінде  ғана  өтетін  өте  күрделі,  сөйте  тұра 

нəзік  шығармашылық  процесс.  Бүгінгі  заманғы 

эстетикалық қабылдау теориясы, көркем рецепция 

мен  герменевтика  үшін  өнер  туындысының 

жасырын,  имплицитті  мəнін  ғана  емес,  анық 

мағынасы мен ашық мазмұнын дұрыс тану мен 

жете  түсінудің  өзі  мейлінше  өзекті,  көкейкесті 

мəселелердің қатарына жатады. 

Өнер туындысын қабылдау (тану, білу, түсіну) 

теориялық тұрғыда алғаш Аристотель еңбектерін-

де пайымдалғаны белгілі. Содан бергі дəуірлерде 

бұл  салада  неше  түрлі  теориялар,  бағыттар  өріс 

алды.  Қазақ  əдебиеттану  ғылымында  да  құнды 

теориялық  ойлар қоры  жинақталды. Алайда  өнер 

туындысының жасырын мағынасы мен мəні қазақ 

əдебиеттануында  белгілі  бір  кезеңнің  əдебиеті, 

белгілі  бір  автордың  шығармашылығы  немесе 

белгілі бір көркем шығарма негізінде эстетикалық 

қабылдау теориясы, көркем рецепция мен герме-

невтика қағидалары тұрғысынан арнайы  қарас-

тырылған емес.  

Əдебиеттану дегеніміздің өзі əдебиетті тану, 

түсіну, бағалау (қабылдау) екенінде сөз жоқ. Ал 

көркем  əдебиет  немесе  нақты  əдеби  шығарма-


4                                                                                                               

        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

ның  бүтін  жүйесіндегі  немесе  сол  бүтіннің  бір 

бөлшегіндегі жасырын, бүркеулі мəнді тану мен 

түсінудің жөні бөлек. Бұл жерде, əрине, бүтіндік 

ұғымының  мəнісі  төрт  құбыласы  түгел  кемел-

дікпен байланысты анықталады. 

Абайдың  «Сегіз  аяғы» [1] – бүтін  бітім. 

Жүйелі  бүтіндік.  Абайтану  ғылымында  «Сегіз 

аяқ»  хақында  айтылған  ойлардың  маңызы  зор. 

«Сегіз  аяқтың» «ұлы  ақынның  жазушылық 

еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белгідей 

əрі мол, əрі бар жағынан көркем келісті шыққан, 

зор шығарма» [2,143] екендігі туралы М. Əуезов 

берген  биік  баға  бүгінге  дейін  аласарған  емес. 

Академик З. Ахметов «Сегіз аяқтың» мазмұнына 

да, пішініне де терең бойлап пікір түйеді. Ғалым 

өлең  өзегінен  «өмірді  көрегендікпен  тани  білу, 

шындық пен əділеттілікті сарыла іздеу, халықты 

«түзу жолға», мəдени, прогрестік даму жолына, 

шығуға  бағыттау  сияқты  аса  маңызды  идеялар 

айқын  танылатынынa» [3, 57] көз  жеткізеді.  

C. Мұқанов [4], Қ. Жұмалиев [5], Ж. Ысмағұлов 

[6]  еңбектерінде  негізделген  ойлардың  маңызы 

үлкен.  Абайтанудың  қазіргі  кезеңінде  «Сегіз 

аяқтың»  мазмұнын,  тақырыбы  мен  идеясын 

түзуші  факторлар  жүйесінің  өзегінен,  тілдік 

бірліктерден  тыс  тұрған  біртұтас  образдар  қыз-

метінен  туындайтын  мəннің  сыны  мен  сырын 

сараптау  Абайдың  ақындық  даналығын  жаңа 

қырынан  жəне  жаңа  деңгейде  тануға  мүмкіндік 

береді. 

Кемел  тартып,  болмыстың  арғысы  мен  бергі-

сін,  бақиы  мен  жалғанын  тұтас  қамтып  пайым-

даған кемеңгер ақын өмір құбылыстарын қапы-

сыз  танып,  терең  ұғумен  шектелмей,  оларға  өз 

бағасын да əділ айтады. Өмірдің шындық құбы-

лыстарын  көру,  қабылдау,  білу,  түсіну  жəне 

пайымдау арасындағы сабақтастықтар сан салалы. 

Көрген жайды білу, білген жайды түсіну, түсін-

ген  нəрсені  пайымдау – шығармашылық  еңбек 

үдерісінің  өзара  тығыз  бірліктегі  сатылары.  Ал 

пайымдау мен бағалау арасындағы сабақтастық 

шығармашылық ойлаудың нəтижелілігін қамта-

масыз етеді. Пайымдау мен бағалау да, олардың 

арасындағы  сабақтастық  та  көрегендік  пен 

білімпаздыққа,  тəжірибеге,  шығармашылық  құ-

зіреттілікке  тəуелді.  Абайдың  шығармашылық 

еңбегінің жүйесінде өмірлік тəжірибенің, таным 

байлығының,  көрегендік  пен  білімпаздықтың 

орны  айрықша  зор.  Көргені  мен  білгенінің 

мəнін түсінудің де, оны белгілі бір дүниетаным 

тұрғысынан  талдап  пайымдау  мен  бағалаудың, 

көркемдік  жинақтаудың  да  жөні  бөлек.  Ақын-

ның  көркемдік  ойлауында  осы  сатыларының 

бəрі  де  келісті.  Қабылдау,  пайымдау  мен  баға-

лау,  жинақтау  мен  даралау  тығыз  байланысты 

жəне  белгілі  бір  дүниетаным  жүйесінде  ғана 

олардың  көркемдік  қызметіне,  мəні  мен  мағы-

насына  терең бойлауға болады. Осындай терең-

діктегі ақындық танымнан туған көркемдік құбы-

лысты ғылыми тұрғыда пайымдау мен бағалау ол 

туралы жалпы ой айтудан əлдеқайда биік.  

Белгілі  бір  шығарманы  белгілі  деңгейде 

қабылдау,  ол  жайында  сөз  айту,  пікір  білдіру, 

мазмұн мен пішін жарастығына сипаттама беру 

əркімнің де қолынан келеді. Ал əдеби шығарма 

туралы,  оның  мазмұны  мен  мəнінің  тереңіне 

бойлап  сөз  айтудың,  пікір  білдірудің  ғылыми 

пайымдау деңгейіне көтерілетіні де бар, көтері-

ле  алмайтыны  да  бар.  Пікір  білдіру,  сөз  айту 

тиянақты  талдауға,  талдаудан  кейінгі  жинақ-

тауға  негізделмеген  болса,  онда  одан  пайым-

даудың  ізі  де  табылмайды. Пайымдау  талдауға, 

бағалау  жинақтауға  негізделгенде  ғана  ой  не-

гізді,  пікір  дəлелді  бола  алмақ.  Талдау,  жинақ-

тау,  пайымдау,  бағалау  дегеніміздің  өзі  мəнге 

негізделеді.  Мəннің  тереңіне  бойламай,  одан 

тыс талдау да, жинақтау да, пайымдау да, баға-

лау  да  үстірт  болып  шығады.  Абайдың  шығар-

машылығына осы тұрғыдан келген дұрыс. Ақын 

шығармаларының  мағыналық  бірліктері  мен 

мəнінің  тұтастығынан  туындайтын  поэтикалық 

жүйе осыны талап етеді. 

Мағына,  мазмұн – тіл  білімінде  ғана  емес, 

гуманитарлық  ғылым  салаларының  бəрінде  де 

ұдайы  зерттеліп  келе  жатқан  күрделі  де  іргелі 

құбылыстардың бірі. Тура мағына, бұрма мағы-

на, ауыспалы мағына, астарлы мағына, жасырын 

мағына,  көп  мағына,  негізгі  мағына,  қосалқы 

мағына, эстетикалық мағына, көркемдік мағына 

жайында  əдебиеттану  ғылымында  да  аз  айтыл-

ған жоқ. Мағынаны қабылдау, түсіну, пайымдау 

процестері  аясындағы  ізденістер  де  кең  қанат 

жайып келеді. Əдебиеттегі мазмұн, оның құрам-

дас  бөліктері  жайнда  айтылған  іргелі  ойлар  аз 

емес.  Алайда  əдеби  шығарма  мəтінінің,  оның 

бірліктерінің  мағынасы,  мазмұны,  мəні  айнала-

сында анықталмаған мəселелер аз емес. 

Абайдың көркемдік əлемінде көрініс тапқан 

құбылыстардың  мағынасы,  мазмұны,  мəні  көп 

қатпарлы,  көбінесе, жасырынулы болып келеді. 

Мұның  өзі  ақын  шығармаларының  онтология-

лық  қырларының  көптігін  білдіреді.  Ал  əдеби 

шығарманың  онтологиялық  көпқырлылығы 

оның мағыналық-құрылымдық жүйесінің бүтін-

дігінен,  кемелдігінен  туындап  жатады.  Оны 

табу,  анықтау,  түсіну,  пайымдау,  бағалау  оңай 

емес.  Көркем  əдебиет  əлеміндегі  жасырын, 

астарлы  мағынаны  танып,  білу  қиын  болғанда, 

жасырынулы,  бүркемелі  мəнді  табу  мен  тану – 

қиынның қиыны. Өйткені мұның жолдары, əдіс-

тері  мен  тəсілдері  теориялық  деңгейде  жеткі-

лікті негізделген емес. Соған орай əр зерттеуші, 

əр  оқырман,  əр  қабылдаушы  əдебиет,  əдеби 

шығарма  əлеміндегі  нақты  ашық  мəнді  де, 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                           

 

 

 



жасырын мəнді де өзінше, өз дүниетанымы дең-

гейінде  пайымдайды.  Сол  себепті  көп  жағдай-

ларда  шығарма  мəтінінің  немесе  оның  белгілі 

бір  мағыналық-құрылымдық  бірлігінің  нақты 

мазмұны,  астарлы  мағынасы  ашылғанмен, 

жасырын мəні айқындалмаған күйі қала береді.  

«Сегіз аяқ» жайында айтылған жақсы ойлар, 

жарамды пікірлер бары рас. Дегенмен ақынның 

осы  шығармасының  əдебиеттану  ғылымында 

пайымдалуы  мен  бағалануының  қазіргі  дең-

гейінде  əлі  де  қарастырылмаған,  қарастырылса 

да  толық  шешімін  таппаған  бірқатар  мəселелер 

бар.  Ақын  шығармасы  мəтінінің  микро–  жəне 

макроқұрылымдық  бірліктері,  олардың  мəні, 

өзара байланысу жолдары, тұтастығы, даралығы 

осындай  мəселелердің  қатарына  жатады.  Осы 

тұрғыдан  қарағанда, «Сегіз  аяқтың» «Алыстан 

сермеп»  деген  бірінші  аяғының  мəнін  пайым-

даудың  өзінде  тереңге  бойлаудың  қиындығы 

анық  байқалады. «Алыстан  сермеп» – өлеңнің 

тереңдегі мəніне мегзейтін əрі сол мəннің мəні-

сін ашатын ұғымның тірегі қызметін атқаратын 

тілдік бірліктердің бірі. 

Тыңдаушыларына,  оқушыларына  ұсынып 

отырған мағынаның ашық, анық  жəне жасырын 

бөліктерінің  арасалмағын  ақын  өзі  мөлшерлей-

тінінде  сөз  жоқ.  Бұл  жерде  тыңдаушылардың, 

оқушылардың  қабылдау,  түсіну  деңгейлері  ес-

керілетінін есте ұстаған дұрыс. Екінші жағынан, 

ақынның  осы  сөздерінің,  ойларының  мағынасы 

мен  мəні  оның  өз  тұсындағы  тыңдаушыларына 

мейлінше  түсінікті  болғанында  сөз  жоқ.  Соны-

мен  бірге  Абайдың  сөзі  де, ойы  да  терең мағы-

налы. Оны əр тыңдаушы, əр оқушы өзінше ғана 

қабылдап,  өзінше  ғана  түсінеді.  Тіпті  бір  тың-

даушының  немесе  бір  оқушының  өзі  оны 

өмірінің  түрлі  жағдайында,  түрлі  кезінде  түрлі-

ше  түсінуі  мүмкін.  Осы  ретте  ақын  айтып 

отырған сөздің де, бейнелеп отырған суреттің де 

мағынасы мен мəні қабылдаушының санасында 

сан құбылып, бір мағынадан екінші мағына, бір 

мəннен басқа бір мəн туындап тарала беретініне 

көз жеткізуге болады.  

Екі  сөзден  тұратын  тармақтың («Алыстан 

сермеп»)  мазмұны  мен  мағынасы,  мəні  арасын-

да  үлкен  айырмашылық  бар.  Тармақтың  тілдік 

бірліктерінің  мағынасын  білу  оның  мазмұнын 

түсінудің,  мəнін  пайымдаудың  жеткілікті  кепілі 

бола  алмайды.  Жалпы,  Абай  шығармаларының 

тілдік бірліктерінің жалпы не жалқы мағынасы-

нан  поэтикалық  мағынада  ашылатын  мəн  əл-

деқайда  көрнекті.  Сондықтан  ақын  шығарма-

ларының  көркемдік  жүйесіндегі  образды  құры-

лым  арқылы  ашылатын  поэтикалық  ойдың 

маңызы  өлшеусіз  жоғары.  Бұл  жерде  жасыры-

нулы  мəннің  құрылымдық  бірліктерінің  өзара, 

сондай-ақ  шендес,  шектес,  тектес  құбылыстар-

мен  арақатынасы  арқылы  ашылатын  образ  бен 

образдылықтың  атқаратын  қызметі  айрықша 

мəнді.  


Абайдың  «Сегіз  аяғында»  сөздің  образды-

лығы,  мағыналық-құрылымдық  бірліктің  образ-

дылығы,  жасырын  мəннің  образдылығы,  жа-

сырын  мағыналық-құрылымның  образдылығы, 

өлең  мəтінінің  образдылығы  жəне  осылардың 

өзара  байланыстары,  бірлігі  мен  тұтастығы 

секілді  мəселелерді  бір-бірінен  бөле-жармай, 

өзара  байланыста  қарастыру  шарт.  Сөз  нысаны 

болып отырған мəн, оның образдылығы көпдең-

гейлі:  тиісті  мазмұнды  белгілі  дəрежеде  толық-

тырады,  жетілдіреді,  кей  тұстарда  берілген 

мазмұнмен  тең  дəрежедегі  құбылыс  деңгейіне 

дейін  көтеріледі,  сөйтіп  мəтіннің  белгілі  бір 

бірлігінің  нақты  мазмұнымен  жарыса  өріледі, 

енді  бірде  мазмұнға  қайшы  келіп  жатады, 

мазмұнмен  тең  түсетін  жағдайлар  да  болады. 

Сонымен қатар мəннің мəтін жүйесіндегі тілдік 

бірліктердің  мағынасы  мегзейтін  образ  арқылы 

ғана анықталатын сырлары да болады. Сондық-

тан  ақынның  əр  шығармасын  біртұтас  көркем-

дік  жүйе  ретінде  пайымдауға  тура  келеді.  Рас, 

зерттеуші де, оқырман да, қабылдаушы да мазмұн 

мен  мағынаны  қатар,  егіз,  тұтасқан  күйінде 

қабылдайды.  Алайда  мазмұн  тармақтағы  сөздер-

дің  лексикалық,  грамматикалық,  стилистикалық 

мағыналарынан  түзіледі. «Алыстан»  сөзінің 

лексикалық, грамматикалық мағынасы əркімге де 

түсінікті: белгілі бір нəрсенің атын білдіреді. Сөз 

жəне  сол  сөз  атын  білдіретін  нəрсе  арасындағы 

қатынас  сипатынан  мағына  туады.  Қарапайым 

қабылдаушы  үшін  оны  түсіндірудің  қажеті  жоқ. 

Ал  зейін  қойып  қарағысы  келген  адам  одан 

алдымен  «қашықтық»  ұғымын  табар  еді.  Көп 

жағдайда  зерттеушілер  де  осы  түсінікпен  шек-

телуді жеткілікті деп біледі. Бұл түсінік белгілі бір 

құбылыстың сыртқы, нақты негізін ғана білдіреді.  

Тыңдаушы  немесе  оқушы  белгілі  бір  тілдік 

бірлік  атын  білдіретін  белгілі  бір  құбылыстың 

мағынасын  оның  сыртқы,  нақты  негізімен  бай-

ланыстыратыны  анық.  Ондай  жағдайда  құбы-

лыстың ішкі шынайы мəні ашылмаған күйі қала 

бермек. «Алыстан»  сөзінің  өлең  тармағындағы, 

өлең  мəтінінің  белгілі  бір  бірлігіндегі  нақты 

мағынасының  негізінде  ондағы  поэтикалық 

мəнді  тап  басып,  нақты  көрсету  мүмкін  емес. 

«Сермеу» туралы да осыны айтуға болады.  

Өлең  жолындағы  «сермеу»  сөзіне  қатысты 

қабылдаушының  ойында  іс-қимылдың  бірнеше 

сұлбасы  елес  береді: «қол  сермеу», «құлаш 

сермеу», «аяқ сермеу», «семсер сермеу», «сойыл 

сермеу», «қанат сермеу», т.б. Осы елесте белгілі 

бір  мағына  бар  сияқты  болып  көрінеді.  Бірақ 

осы  мағынаны  анық  түсіну  мүмкін  емес.  Өйт-

кені  одан  сөздің  лексикалық,  грамматикалық 

мағынасынан  басқа  белгілі  бір  нақты,  бағыты 


6                                                                                                           

            Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

анық,  бағдары  айқын  мағына  табылмайды.  Бір-

бірімен  жөн-жосықсыз  араласып,  бағдарсыз 

ағып  жатқан  елестер  ғана  бар.  Хаос.  Сөздің 

лексикалық,  грамматикалық  мағынасында  да 

елес  бар,  бірақ  оған  сəйкес  анық  мəн  жоқ. 

Мағынаның  елесі  табылғандай  болғанмен,  оған 

лайықты анық мəн табу қиын. Бұл жерде, əрине, 

белгілі  бір  мəнге  міндетті  түрде  белгілі  бір  ма-

ғынаның  сəйкес  келуі  керектігі  туралы  ой  ту-

мауға  тиісті. Сонымен қатар  белгілі  бір  мағына 

белгілі  бір  мəнді  ғана  білдіретіні  туралы  ойдан 

да  аулақ  болған  дұрыс.  Белгілі  бір  мағынаның 

бір  емес,  бірнеше  мəнді  білдіруі  тілде,  сөз 

өнерінде ежелден бар. Белгілі бір мəнді жеткізу-

дің, білдірудің тілдік құралдары да түрліше. 

Берілген  кеңістік  шегінде  көрсетілген  «сер-

меу»  түрлерінің  əрқайсысы  белгілі  бір  нақты 

құбылыстың (іс-қимылдың) атын білдіреді. «Се-

гіз аяқтағы» «сермеудің» мəні бұлардың бірінің 

де  мағынасымен  жақындаспайды.  Белгілі  бір 

қимылдың  атауы  ретінде  көрсетілген  «сермеу» 

түрлерінің  мағынасы  белгілі  бір  дəрежеде  түсі-

нікті  сияқты.  Бірақ  осы  мағына  қандай  заттың, 

құбылыстың  қандай  қызметін,  қимылын  біл-

діріп  тұрғанын  анықтау  оңай  емес.  Қимылдың 

атауының  мағынасы  мен  мəні  арасындағы 

қатынастың табиғатын білу де қиын. Осы жерде 

Г. Фрегенің белгілі бір мəннің белгілі бір мағы-

наға  қатыстылығына  көз  жеткізудің  мүмкін 

еместігі туралы пікірі ойға оралады [7, 27]. Не-

міс  ғалымының  белгілі  атаудың  мəнін  түсінуге 

болғанмен,  атаудың  пəні  туралы  ештеңе  біл-

меуіміз мүмкін екендігі туралы ойында да негіз 

бар сияқты [7, 28].  

Тілдік  бірліктер  деңгейінде  жоғарыда  тізіл-

ген  «сермеулердің»  бəрін  ой  таразысының  бір 

басына, өлең тармағындағы «алыстан сермеуді» 

екінші  басына  тартқанда  да  ақынның  «сермеуі-

нің» мағынасын ашар, оған балама болар дерлік 

ұғымға  жету  қиын.  Тілдік  бірліктерді,  олардың 

лексикалық,  грамматикалық  мағыналарын  са-

раптап  келгенде,  ақынның  «сермеуінің»  бір 

емес,  бірнеше  мағынасы  барын  топшылап  ба-

ғамдауға болғанмен, оны дəл анықтауға, нақты-

лауға  мүмкіншілік  жоқ.  Соған  орай  ақын 

ойының мəнін түсіну де оңайға соқпайды.  

«Сегіз  аяқтағы» «сермеудің»  де, «алыстан 

сермеудің»  де  иесі – тіл,  кəдімгі  сөйлейтін 

қызыл  тіл.  Тіл  «сермейді»,  тіпті  «алыстан  сер-

мейді»  дегенді  нақты  шындық  құбылыстар 

аясында  түсіну  де,  түсіндіру  де  қиын.  Оның 

үстіне  тілдің  нені  «сермейтінін»  анықтаудың 

мүмкіншілігі де жоққа тəн. Сөз де, ой да мінсіз. 

Солай  дегенмен  де  айтылмай,  ашылмай  қалған 

əлде  бірдеңе  бар  сияқты  сезіледі.  Оның  өзі  де 

сөздің  мағынасынан  емес,  ақынның  сол  мағы-

наға  өзінің  тарапынан  берген  субъективтік 

мəнінен  туындайтын  секілді.  Сондықтан  ақын-

ның  осы  сөзіне  қандай  мағына  бергенін,  одан 

қандай  мəн  тапқанын  білу  қиынға  түседі.  Біз 

іздеп отырған, білгіміз, түсінгіміз келіп отырған 

мəн  мен  мағынаға  қатысты  ештеңе  айтылма-

ғандай.  Ақынның  тілі  «алыстан  сермеп,  жүрек-

тен  тербеп»  тұрғанына  қарамастан,  осы  ретте 

тіпті  «үнсіз».  Сөздің  мəні  осы  «үнсіздікте» 

тұрғандай  болатыны  да  рас.  Осы  жерде  Хай-

деггердің  «тілдің  үнсіздікке  негізделетіні» [8] 

туралы  қағидасында  да  қисын  барын  аңғаруға 

болады.  Расында,  ақынның  сөзінің  мəні  сөз 

арқылы белгілі болатын заттың, оның сынының, 

қимылының  сипатында  емес,  сөздің  пəні  мен 

нысанында  да  емес.  Ақын  сөзінің  мəні  субъек-

тивті,  ол  ақынның  ақыл-ой  əлемінде,  Бердяев 

айтқандай, «рухта» [9, гл.1].  Осы  пікірлердің 

негізі  əл-Фарабидің: «Ақыл-парасат  күшінде 

алынатын  ақылмен  пайымдалушы  мəндердің 

бейнелері материядағы формалардан бəрінен де 

алыс жатады: ...олардың ақыл-парасат күшіндегі 

болмысының материядағы форманың болмысы-

мен  ұқсастығы  өте  аз  болады» [10, 61],– деген 

қағидасына  келіп  саяды.  Екінші  ұстаз  көрсетіп 

отырған  «ақылмен  пайымдалушы  мəндердің 

бейнелері» қатарында халықтың дəстүрлі дүние-

танымы,  мəдениеті  категориялары  үлгілерінің 

«бейнелері» де бар. 

Халықтың дəстүрлі мəдениеті əдеби  шығар-

мада тілдік бірліктердің қызметі арқылы көрініс 

табады.  Ал  ұлттық  тілдің  қорынан  тиісті 

бірліктерді,  лайықты  баяндау  жəне  бейнелеу 

құралдарын таңдап, талғап алу мен қолданудың 

ұстанымдары  тілдік  емес,  мəдени-əлеуметтік 

құбылыстардың қатарына жатады. Мəнді мəдени-

əлеуметтік  құбылыстар  деңгейіндегі  қарым-

қатынас  тілдік  қарым-қатынастан  биік  тұрады. 

Өйткені мəнді мəдени-əлеуметтік, əл-Фарабише 

айтқанда, «ақылмен  пайымдалушы  мəндердің 

бейнелері»  деңгейіндегі  қарым-қатынас  тілдік 

қарым-қатынастан  тыс  жүзеге  асады.  Абайдың 

«алыстан  сермеуі»  негізіндегі  мəн  де  мəтіннің 

тілдік  бірліктерінен  тыс  тұрған  бейнелерді,  об-

раздарды пайымдау арқылы танылады. Халықтың 

дəстүрлі  мəдениетінің  категориялары  аясындағы 

əдет,  салт,  ұғым,  мінез,  көзқарас  деңгейлерінде, 

сондай-ақ тілсіз ұғысудың түрлі құралдары мен 

жолдары  арқылы  көрініске,  суретке,  образға 

айналған  ахуал,  жағдайлардың  мəнісін  пайым-

дау осындай тұжырымға алып келеді. 

Қалай  дегенде  де  «сермеу»  мен  «алыстан 

сермеудің»  мəні  мен  мағынасын  затты  форма-

лардан,  олардың  затты  мағыналарынан  емес, 

«сөйлеу» қызметімен шектес, бірақ нақты тілдік 

құралдардан  тыс, «ақылмен  пайымдалушы 

мəндердің  бейнелерінен»  іздеу  қажеттігі  туады. 

Басқаша  айтқанда,  құбылыстың  атауы↔мағы-


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет