Күнделікті сұраныс тауарларының дүкендері. Күнделікті
сұраныс тауарлары бойынша азық-түлік дүкендерінің көлемі
салыстырмалы түрде үлкен болмайды, тұрғылықты ауданға жақын
орналасады, аптаның жеті күнінде де кешке дейін ашық болады,
жоғары дəрежеде айналатын күнделікті сұраныстағы өтімді тауар-
ларды ұсынады.
Бұл дүкендер жұмысының ұзақтығы жəне тұтынушылардың
оларды «тесікті жамау» ретінде қолдануы салыстырмалы
түрде қымбат бағалы мекемелерге айналуына себеп болады.
Алайда, тұынушылардың маңызды мұқтаждықтарының бəрін
қанағаттандырады жəне адамдар өздеріне жасалған қолайлы
жағдай үшін төлеуге дайын секілді.
Құрамдастырылған универсамдар, кең бағдарлы универ- самдар жəне сауда кешендері. Бөлшек сауда кəсіпорындары
спектрінің екінші аяғында көлемі жағынан кəдуілгі универсамнан
асып түсетін дүкендердің үш түрі орналасқан. Құрамдастырылған универсам — бұл құрамына еркін сатылымдағы дəрі-дəр-
мектер мен рецепт бойынша берілетін дəрі-дəрмектерді енгізу
арқылы ассортименті кеңейтілген универсамның бір түрі.
Құрамдастырылған универсам мен дəріхананың сауда алаңы орта
есеппен 5100 шаршы метрді құрайды. Мұндай кəсіпорындарды
құрудың үш негізгі схемасы бар.
Сауда алаңының көлемі бойынша кең профильді универсам
кəдімгі универсамнан асып түседі (үйреншікті 1700 шаршы метрдің
орнына шамамен 2800 шаршы метр) жəне əдетте сатып алынатын
тағамдық жəне тағамдық емес тауарлар жағынан тұтынушылардың
мұқтаждықтарын толығымен қанағаттандыруға тырысады. Кең
профильді əмбебап дүкендер көп жағдайда кір жуу, химиялық
жолмен тазарту, аяқ киім жөндеу, чектерді инкассациялау, шоттарды
төлеу, арзан буфет сияқты қызметтерді ұсынады. Кең профильді
əмбебап дүкендерде ауқымды ассортимент болғандықтан, кəдімгі
универсамдарға қарағанда тауар бағалары 5—6 %-ға жоғары
болады.
Сауда кешені өзінің көлемі жағынан кең профильді дүкендерден
үлкен. Сауда кешенінің сауда алаңы 7500—19500 шаршы метрді
құрайды. Сауда кешеніне (АҚШ-та қолданылмайтын, бірақ Еуропада
кеңінен таралған термин) универсам, төмендетілген бағалар дүкені
жəне бөлшек сауда қойма-дүкені кіреді. Оның ассортименті əдетте
сатып алынатын тауарлар шегінен асатын болғандықтан, құрамына
жиһаз, ауыр жəне жеңіл тұрмыстық электр құралдары, киім,
көптеген басқа да өнімдер кіреді. Кең профильді универсамдарға
үйреншікті бағалар деңгейімен салыстырғанда сауда кешендері
жеңілдетілген бағалар тəжірибесін қолданады. Көптеген тауарлар
сауда кешеніне қоймаға түсетін сипаттағы түрде, яғни тікелей
өндірушілерден сым темірмен оралған кəрзіңкелермен келіп,
металдан жасалған бес деңгейлі стеллаждарға бірінің үстіне бірі
3,5—4,5 м биіктікте қойылады. Қорларды толықтыру шанышқылы
жүк тиегіштердің көмегімен жүзеге асырылады, олар кең сауда
залының өту орындарымен жұмыс уақыты кезінде жүріп отырады.
Негізгі қағида — сауда кешенінің қызметкерлері тарапынан
барынша аз күш жұмсау арқылы тауарды жаппай төгіп тастау.
Ауыр тұрмыстық құралдарды жəне жиһазды өз күшімен дүкеннен
алып кетуге дайын сатып алушыларға жеңілдіктер ұсынылады.