А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Қызметтердің бөлшек кəсіпорындары



Pdf көрінісі
бет101/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   165
Қызметтердің бөлшек кəсіпорындары. «Тауарлық ассорти-
менті» өнімдерден емес, қызметтерден құралған коммерциялық 
ұйымдарға қысқаша түрде тоқталып өтейік. Қызметтердің бөл-
шек кəсіпорындары — бұл қонақ үйлер, мотельдер, банктер, əуе 
компаниялары, колледждер, ауруханалар, кинотеатрлар, теннис 
клубтары, кегельбандар, мейрамханалар, жөндеу қызметтері, шаш-
тараз, косметикалық салондар, химиялық тазарту орталықтары, 
жерлеу бюролары сияқты жеке қызметтер көрсететін əртүрлі ме-
кемелер.
Банктер «автоматтандырылған» кассирлерді қолдану, уақыты 
келгенде шоттарды телефон арқылы төлеу жүйесін енгізу-ді 
ұйымдастыруды қосқанда, өз қызметтерін тиімді тарату жол-
дарын іздеумен айналысады. Денсаулық сақтау ұйымдары да 
медициналық қызметті алу жəне оған төлеу əдістерін түбегейлі 
қайта қарастыруда. 


164
165
6.4.4. Бағаларға салыстырмалы назар аудару
Бөлшек сауда дүкендерін жіктеуді олардағы баға қалыптасуы 
бойынша да жүргізуге болады. Көптеген дүкендер тауарларды орта 
бағамен жəне тұтынушыларға дағдылы деңгейдегі қызметтерді 
ұсынады. Бірқатар дүкендер жоғары сапалы тауарлар мен қыз-
меттерді қымбат бағамен ұсынады.
Керісінше, төмендетілген бағалар дүкендері тауарларын дағ-
дылы бағадан төмен бағамен сатады, себебі олар өз қызметтерін 
минимальды шығындармен ұйымдастырады жəне сапасы жоғары 
немесе, саны аз қызметтерді ұсынады. Біздер төмендетілген бағалар 
дүкеніне жəне олардан туындаған қойма-дүкен жəне каталог 
бойынша сауда жасайтын көрсетілім залдары бар дүкендер 
түріндегі кəсіпорындарға тоқталып өтеміз. 
Төмендетілген бағалар дүкені. Төмендетілген бағалар дүкені 
пайда нормасының азаюы жəне өткізу көлемінің ұлғаюы есебінен 
стандартты тауарларды арзан бағамен сатады. Оқтын-оқтын 
жеңілдетілген бағаларды жəне барлық тауарды сату саясатын 
қолдану арқылы сауда кəсіпорны төмендетілген бағалар дүкеніне 
айналмайды. Арзан бағамен сапасы нашар тауарларды сату да 
кəсіпорынның төмендетілген бағалар дүкеніне айналуына кепілдік 
бола алмайды. Нағыз арзандатылған бағалар дүкеніне бес түрлі 
белгі тəн: 1) ол жоғары баға үстемелері жəне төмен тауар айналымы 
бар кəсіпорындарға қарағанда, үнемі бағасы арзан тауарларды 
сатады; 2) жалпыұлттық таралымы бар маркалы тауарларға ерекше 
назар аударады, сол себептен төмен бағадағы өнімнің сапасы да 
төмен бола бермейді; 3) ол минимальды ыңғайлықтар жасап, өзіне-
өзі қызмет көрсету қағидасы бойынша қызмет атқарады; 4) əдетте 
жалға алу төлемі төмен ауданда орналасып, салыстырмалы түрдегі 
алыс аудандардан тұтынушыларды тартып отырады; 5) онда 
қарапайым жəне функционалды сауда жабдықтары орналасқан.
Төмендетілген бағалар дүкені қоймаға ұқсас орындарда, жалға 
алу бағасы төмен аудандарда жұмыс істейді, бірақ адамдардың 
қарқынды ағымын қамтамасыз етіп, минимальды қызмет түрлерін 
көрсетіп, кең жарнамалық саясатты жəне маркалы тауарлардың 
айтарлықтай ауқымды, əрі терең ассортиментін ұсынады. Олардың 
эксплуатациялық шығындары универмагтар мен мамандан-
дырылған дүкендердегі секілді сату сомасынан 30—40 %-ды емес, 
12—18 %-ды ғана құрайды.
Аралас тауарлы ассортименті бар дүкендерден басқа, төмен-
детілген баға бойынша бөлшек сауда мамандандырылған дүкен-
дерді де жаулап алды. Спорт тауарларын, стереоаппаратура, 
кітаптар сатылатын төмендетілген бағалар дүкендері пайда болады. 
Əсіресе, азық-түлік сататын төмендетілген бағалар дүкенінің пайда 
болуы қызықты тенденция болып есептелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет