А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет102/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Қойма-дүкендерҚойма-дүкен — бұл шектеулі қызмет түрлері 
бар, түрлі ыңғайлықтардан жұрдай төмендетілген бағалармен 
сататын сауда кəсіпорны, оның мақсаты — тауарлардың көп 
мөлшерін төмен бағамен сату. Кең мағынада бұған сауда кешендері 
де, тауарларын тікелей контейнерлерде ұсынатын төмендетілген 
бағалар дүкені де жатады. Бұлардың арасындағы қызықты формасы 
— жиһаз қойма-дүкендері. Дəстүрлі жиһаз дүкендері қоймада 
жатып қалған тауарларды сату керек болғанда барлық тауарларды 
сату əдісін қолданатын. Алайда, бұл əдіс тек 1953 жылы саудадағы 
жаңа тұжырымдамаға айналды. 
Тұтынушы өз таңдауын жасап, тапсырысты сатушыға береді. 
Сатып алушы ақшасын толығымен төлеп, ғимараттан шығып, 
жүк секциясына жеткенде, ол сатып алған тауар дайын тұрады. 
Салмағы ауыр заттар бірнеше күннің ішінде жеткізілуі (кəдімгі 
жиһаз дүкендеріндегі сияқты бірнеше аптада емес) немесе дəл сол 
уақытта сатып алушының көлігіне тиелуі мүмкін.
Осы шаралардың барлығы төмен бағалар жəне сатып алған 
тауарды дереу алу қызықтыратын, бағасы орташа, маркалы 
жиһаз тұтынушыларын қанағаттандыруға бағытталған. Сатып 
алушыларға əралуан маркаларды таңдау мүмкіндігі, төмен бағалар 
ұнайды, алайда көп жағдайда клиенттерге арналған қызметтердің 
аздығы олардың көңілдерінен шықпайды. 
Мұндай дүкендердің табыстылығы туралы айту қиын, 
себебі олардың тауарлы-материалдық қорларды ұстауға кететін 
шығындары өте жоғары жəне тұтынушыларды жеткілікті 
дəрежеде тарту үшін ынталандыруға жұмсалатын шығындар 
жоғары, сондай-ақ көп жағдайда осы нарықтарда жұмыс атқаратын 
бəсекелестер саны да көп болады.
Каталог бойынша сауда жасайтын көрсету залдары бар 
дүкендер. Каталог бойынша сауда жасайтын көрсету залы бар 
дүкендер каталог бойынша сату қағидаларын, сонымен қоса əдетте 
жоғары үстеме бағамен сатылатын, өтімді маркалық тауарлардың 
ауқымды ассортиментін сатуда қолданылатын төмендетілген 
бағалар саудасының ұстанымдарын пайдаланады. Олардың
ішінде зергерлік бұйымдар, механикалық құралдар, чемодандар, 
камералар жəне фотожабдықтар бар.


166
167
Көрсету залдары бар дүкендер көлемі 500 бетке дейін жететін 
түрлі-түсті каталогтарды шығарады жəне оларды таралымы 
аз маусымдық басылымдармен толықтырып отырады. Бұл 
каталогтарды көрсету залында алуға болады. Сонымен қоса, олар 
пошта арқылы бұрынғы сатып алушыларға жіберіледі. Каталогта 
əрбір өнімнің прейскуранттық бағасы жəне оның жеңілдікпен 
сатылатын бағасы көрсетіледі. Клиент тауарды телефон арқылы 
тапсырыс беріп, жеткізіп беру ақысын төлей алады немесе көрсету 
залына келіп, өнімді көріп, қолма-қол сатып алады. 
Каталог бойынша сауда жасайтын көрсету залы бар дүкендер 
сəнге қатысы жоқ, жалпыұлттық таралымдағы тауарлық санат-
тағы маркалық өнімдерді ұсыну арқылы; жалға алу бағасы 
төмен аудандардағы сауда алаңдарын жалға алу арқылы; сауда 
қызметкерлерінің үштен бірін қысқарту арқылы; сөрелердегі
тауарлардың ұрлануы мүмкіндіктерін барынша азайту арқылы 
жəне негізінен қолма-қол ақшаға сауда жасау арқылы табыс 
табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет