А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі113,08 Kb.
#116424
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы





СӨЖ
Тақырыбы: «Абайдың ақындық әлемі.Абайдың ақын шәкірттерінің әдеби мұрасы»

Орындаған: Шекербек.А.М.
Қабылдаған: Бисенбаев П.К.
Жоспары
Кіріспе: Абай-дана, Абай-дара қазақта!
Негізгі бөлім: I. Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы
ІІ. Абай өлеңдерінің қазақ қоғамындағы алар орны мен маңызы
IIІ. Абайдың ақын шәкірттері мен олардың еңбектері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе. Абайды тану - қазақ халқын танумен бірдей. Абайдай тұлғасы бар біз, қазақ халқы бай әрі бақытты халықпыз. Абай кезеңі- жаңа ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік уақытқа ие. Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салған. Ол дүние жүзі даналығы мен дарылығын тани білген ғұлама. Ұлы ақын сөз өнерін өмір бойы қадірлеп, оның маңызын тани білді.Абайдың қарасөздері, ашық айтқан ойлары, өлеңдеріндегі астарлы ойлары, өсиеттері қазақ елінің ең асыл мұрасы десек артық болмас. «Қазаққа ес кіргенде,Абай ескіреді» деген сөзді қолдамас едім. Себебі Абай сөзі мәңгілік, Абай сөзі ұмытылмас. Ол -леңді тау шынарындай биік тұтып, құрамында иненің жасуындай кемшілік немесе артық сөз болмауын талап етеді.
Біз Абайымызбен мақтанамыз, марқаямыз, шаттанамыз. Абай-мәңгілік нұрдың елшісі. Абай ілімінің күші ХХI ғасырда да құнын жоймайды, күші кемімейді, қайта қадір-қасиеті артып,биіктей түсері хақ. Біз де өз кезегімізде бала бақшадағы балаларға Абай өлеңдерін жаттатып, олардың бойында өлеңге, Абайға деген құрметті арттырғымыз келеді. Абай өлеңдерін балабақшадан үйрету бала кезден құлаққа сіңісті ету-Абайды тануға жасалған алғашқы қадамдардың бірі болмақ.
А. Байтұрсынов Абай өнерінің не себепті қадірлі болатынын сырын ашып: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орамды болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған» деген еді. Ойшыл ақын «Түзетпек едім заманды» деп өз арманы тұрғысынан жас ұрпақты жаңа буын, жаңа дәуір, заман талабы деңгейінде тәрбиелеуді мақсат тұтып, ой толғады. Өз шығармаларында дүниенің, қоғамның дамуын түсініп батыс пен шығыстың әдебиеттерін біріктірген ақын. Аталған тұрғыдан алғанда, әсіресе, Абайдың қара сөздері – тұтас бір халықтың болашағы неде екенін ашып берген философиялық ойлардың жиынтығы. Қазақты өшіретін де, өсіретін де қазақ екенін көрсетіп береді. Абай атамыздан қалған сын өлеңдер мен қара сөздерін оқыған кез келген ұрпақ жаман әдеттен бойын аулақ ұстап, өзін адамгершілікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс –бұрысын сараптай аламыз». Абай мұрасының келешек ұрпаққа тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашан да рухани азық бола алады. Бұқар Жыраудың «Өлгенде не өлмейді? Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді » деген сөзі бекер айтылмағаның, Абай осыған үлгі бола алатынын көруге болады. Дархан даланың біртуар білімді ақындары көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем.
Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп,кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар болғаны шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы. Аталған уақыт аралығында қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде-кем. Еліміздің шымырланып, қайта түлеу қажеттігін сезінгендіктен, қайрау мен намысқа тию арқылы ішкі жан-дүниесінің қайтадан жаңаша құрылу қажеттігін ұсынды. Мәселен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын толғауында халқына бағышталған махаббаттың тұңғиық көріністері анық байқалады. Ақынның жақсы мен жаман, надандық пен адамдық, махаббат пен ғадауат туралы әр ұстанымы, әр тұжырымы өткен өмірдің, бүгінгі күн мен келер шақтың келбетін анықтайтын айрықша өлшемдер сияқты.
Абай адам өмірінің бірталай келеңсіз жақтарын сынай отырып, одан құтылудың жолын да көрсетіп береді. Өнер, білім, ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай жұмсау керектігін де айтып өткен. Ақынның шығармашылығының өзегі «Адам бол» деген философиялық идеяға сәйкес келеді. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»- дегенде ғұлама-адамның рухани жетілу мүмкіндігінің шексіздігін көрсетті. Менің түсінігім бойынша, адам өмірге құштар болу керек. Еш қиындыққа мойымай, бәрін жеңу қажет. Адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол, Абай түсінігінде білім мен ғылымға құштарлық болып келеді.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-
деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне шектеу қоюға тырысады. Қазақ халқын шексіз сүйген Абай ескіліктің бұғауынан, надандықтың шырмауынан шыға алмай отырған ауыр халіне күйінеді.
Мен Абай шығармашылығында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінің орны ерекше. Ол:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні көрмек үшін ,
Көкірегі сезімді, ойы орамды.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-
деп бар үмітін оқуға талаптанған жастарға, яғни біздерге жүктейді. Өзі туралы айтқанда:
Жасымда ғылым бар дер ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-дейді де, оқыған балалар жайында
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- деп оқығанда әкім болып билікке қызығу үшін емес, ғалым болып дүниені тану үшін оқу керек екенін еске салады. Ақынның әр сөзінде бай мазмұн бар. Өзі айтқандай «сырты күміс, іші алтын» болып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайдың... барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр... Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап жаңаша баға берді. Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді», -деп бағалайды. Ия, Елбасының пікірімен келіспеуге болмас.Абай- шығыс пен батысты байланыстырған көпір іспеттес. «Ұлы ұстаз» деген атқа Әбунасыр әл- Фарабиден кейін Абайдан артық лайық есімді табу мүмкін емес. Абай есімі неткен жылы, неткен дара?! Ес білгелі өз жаныма сонша жақын дара тұлғаның әрбір сөзі, бүкіл халқымның болмысын танытар дана ойлары мен күн өткен сайын өз жұмбақ әлеміне қызықтыра алып кетті.Абай әлемі, Абай поэзиясы, қара сөздері, әндері ,әсіресе оның жаңа ғасыр босағасын аттаған балғын жастарға, бізге берер мол ғибраты соншалық жақын да алыс құпиясымен оқырманды өзіне баурай берді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлттық код, туған жер деген ұғымдарды негізге алды. Ал осы рухани құндылықтарымыздың бастауы-Абай мұрасында жатыр деп айту, қателік емес. Мектеп табалдырығын аттағаннан Абай мұрасымен сусындаған бала, келешекте өз мемлекетінің бір кірпіші болып қаланып, елін көркейтері айдан анық.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақта,-
деп кемеңгер, надандықтан шығар жол –оқу-білім, өнер екендігін айта келіп, оның жетістікке жетуіндегі еңбектің рөліне мән береді.
Абай туралы жаза берсек түніміз таңға ұласар, ол да аз. Надандық –білім -ғылымның жоқтығы
Білімсіздік –хайуандық болады
Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Егеменді еліміздің жастары осы үш кеселден , адамды қор қылатұғын нәрседен бойын аулақ салса, ақынның арманы орындалғаны.

І. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 23 тамызда Семей өңірінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Шыңғыстау бауырында дүниеге келді. Ауылда молдадан хат танып, он жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Үш жылдай оқып, дін сабақтарымен қатар шығыстың ұлы классиктері Науаи, Фзули, Саади, Хафиз, Шамси, Саихали шығармаларын оқып танысады. Ел билеу ісіне Құнанбай Абайды баули бастайды. Абайды оқудан ерте тартып алуының себебі де осы болды. Ел қамы үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыздар жазылып, абақтыға да отырып шығады. Абай жасы отыздан аса орыс әдебиетімен таныса бастайды. Абайдың өмірі мен шығармашылығындағы өзекті тақырыпты танып білу үшін Құнанбай заманы мен Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігін, айырмасын жете білу маңызды. Абайды оқып зерттеген жазушы М.Әуезовтің атап көрсеткеніндей Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет