А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ключевые слова: Коммуникация, этикет, речевой этикет, приветствие, жесты, 
национальный характер, невербальные приемы, вербализация, слова-формулы.
B.Momynova
Сhief researcher of the Institute of Linguistics named after A. Baitursynov,
doctor of philological sciences, professor
NATIONAL CHARACTER AND SEMANTIC FEATURES 
OF GREETINGS
Annotation. The article reveals as much as possible the national character of gestures, their 
semantic features. It was also about their verbalization. Greetings and greetings are among the most 
important ritual gestures. Kazakh tradition has its own sequence of performance and strictly adheres 
to the sequence of greetings. The sequence is performed depending on age and degree. The author 


29 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
talks about aids of communication, non-verbal techniques, performed during the greeting and their 
semantics. The article is devoted to the analysis of auxiliary means of communication, non-verbal 
techniques performed during the greeting and their semantics.
Keywords: Communication, etiquette, speech etiquette, greeting, gestures, national character, 
non-verbal techniques, verbalization, formula words.
Күнделікті орындалатын дағдылы этикеттік жағдаяттардың бірі  амандасу, сәлемдесу. 
Бұлар адамдар арасындағы қатынасты реттеп, жөнге салып отыратын этикеттік қимыл-
әрекеттер және соған орай қалыптасқан ұғым болғандықтан, күнделікті өмірде айтылуы 
да, орындалуы да міндетті болып саналады. «Жалпы этикет атаулы, оның ішінде сөз 
этикеті – адамдар арасындағы сан-алуан қарым-қатынастарды (үлкен мен кіші, таныс пен 
бейтаныс, бастық пен бағынышты, қатар-құрбы, тағы басқаларын) реттеп отыратын, заң 
ретінде жазылмаған, бірақ қанға сіңіп, әдетке, дағдыға айналған ережелердің жиынтығы 
деуге болады. Мысалы, амандасу, қоштасу, құттықтау, кешірім өтіну, танысу т.б. толып 
жатқан үйреншікті әрі қалыпты жағдаяттар этикет деген ұғымға саяды»,– дей келіп [1, 
86-87 бб.], «Танысу да, әңгімелесу де сәлемдесуден басталады. ... Сондықтан да халық 
нақылында «Сөз атасы – сәлем» делінеді»,  деп көрсетеді зерттеуші А.Қобланова [1,68-
б.]. Аталған еңбекте сәлем сөздердің 13 вербалды түрі келтірілгенмен, бейвербалды түрі 
туралы мәліметтер берілмеген. Түрлі этикеттік жағдаяттарға, сыпайылық танытудың сөз-
формулаларына тоқталған еңбектің авторы «вербалды және вербалды емес әрекеттерге қазақ 
қауымында қатты көңіл бөлінеді. Біз бұл жерде сыпайылық танытудың барлық жағдай-
ларына емес, тек зерттеу объектімізге қатысты болғандықтан, оның вербалды түріне, яғни 
сыпайылық білдірудің басты-басты тілдік ерекшеліктеріне ғана тоқталмақпыз»,  деп өз 
зерттеу нысанын да бөліп көрсетеді [1,14-б.]. Яғни А.Қобланованың еңбегінде сәлемдесудің 
бейвербалды түрі жөнінде сөз қозғалмайды. Дегенмен, көз үйренген дағдылы қозғалыстар 
болғандықтан, қаперге аса алына бермейтін сәлемдесу, амандасу, амандық-саулықты білісу 
тек сөз-формулаларды айтумен ғана шектелмейді, этикеттік сөздер айтылғанда, олармен 
қатарласа бейвербалды этикеттік амалдар да орындалады. Сондықтан тұрмыс пен салтқа 
байланысты орындалатын ишараттардың бірі сәлем беру кезіндегі ишараттар туралы 
арнайы сөз қозғау артық емес. 
Сәлем беру, амандасу салттық ишараттың ішіндегі аса маңыздыларының қатарына 
жатады. Қазақы дәстүрде оның орындалуының өзіндік реті бар және амандасу реттілігі 
қатаң сақталады. Реттілік жас пен дәрежеге қарай орындалады. Айталық, кіші үлкенге, 
дәрежелі адамға бағынышты кісі бірінші болып қол ұсынып, сәлем береді. Сол сияқты 
көп адам отырған жерде де ел ішіндегі беделді адамнан, жасы үлкеннен бастап сәлем беру 
үрдісі қалыптасқан. Амандасудың реттілігі сақталып орындалатын қазақы классикалық 
үлгісі Ғ.Мүсіреповтің шығармасында аса түсінікті және анық берілген: Сөйлесіп қалар адам-
дарымыз осылар болар деп, мен арбадан тезірек түсіп, бір шетінен бастап отырғандарға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет