А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет26/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Кеңістік көлем ұғымдарын қалыптастырудың маңызын талдау.

  2. Өлшеу процесін жүзеге асыру жолдарына сипаттама беру.

  3. Өлшеу үшін қолданылатын негізгі құралдарға көрнекілік жасау.

  4. Өлшеуді үйретудің маңызы туралы реферат.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАРАПАЙЫМ ӨЛШЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ

Мектепке дайындық тобының бағдарламасына өлшеу іс-әрекеті жақында енгізілді. Бірақ педагогикалық тәжірибенің зерт-теу материалдары өлшеу қызметін ересек топтары мен естияр топтарының балаларына түсінікті екендігін көрсетті.


Өлшеу қызметін енгізу:
Балалардың заттың ұзындығын, енін, биіктігін, көлемін ажырата білуін;
Дәл өлшеуге қажетті қол мен көзді сәйкестендіріп қозғау қабілетін;
Сандық және есептік қабілетінің белгілі бір деңгейін;
Өлшеу процесін түсінудің пайдалы факторы болып табы-латын жалпылауға қабілеттілігін талап етеді. Ересектер тобында өлшеуді оқыту шартты өлшемдер көмегімен салыстырылатын зат-тардың өлшемін дәлірек қабылдауды қалыптастырады. Балаларды шартты өлшем көмегімен өлшеу ережелерімен таныстырылады. Тапсырманың орындалғаны туралы жауап беруге, көз мөлшерімен өлшеу қабілетіне дағдыландыру қажет. Балалардың сандар ара-сындағы байланыстар мен қатынастар туралы түсініктерін, бүтінді бөлшекке бөлу үшін өлшеу дағдыларын пайдалануды тереңдету қажет. Мектепке дайындық тобында өлшеу қызметі қабілетті дамытуға бағытталған. Өлшеу өлшемдері туралы алынған білім арифметикалық тапсырмалар құрастыруда және шешуде пайдала-нылады.
Өлшеуді оқытуда алдымен балаларға үйретуге қажетті әре-кеттің мәнімен мағынасын түсіндіреді, әрекетті орындау жолдарын көрсетеді, қолданылатын ережелерді түсіндіреді. Сонан кейін бала бұл тәсілдерді үйреніп, әр түрлі объектілерді (заттарды) өлшеу тапсырмаларын орындайды. Бұл жолмен бұрыннан білетін матема-тикалық түсініктері тереңдейді және жаңа білімдер қалыптасады.
Тәрбиеші өлшеу процесінде қолданылатын заттарды алдын–ала ойлап, таңдап алады. Өлшеу объектілері мен өлшеуіштерін үлкендер балалармен бірге арнайы дайындауға болады (қағаздар, таяқшалар, ленталар) немесе дайын заттар алуға болады: жіптер, құрылыс материалдары, бояулы су, шай, құм, қапшықтар, тарел-калар т.б. Табиғи өлшеуіштер кеңінен қолданылады: қадам, қарыс, уыс, құшақ. Өлшеу объектісін бала өз айналасынан таба алады: стол, орындық, шкаф, биіктігі, ұзындығы, ені, дәндердің, балық жемінің саны т.б. Өлшеу процесіне пайдаланатын заттарды көбей-ту керек. Бұл қабілеттің тез және нық қалыптасуына мүмкіндік береді.
Өлшеуді оқыту процесінде дәл есептеу үшін қажет болғанда қарындаш, қайшы, ұсақ бір текті заттар (таяқша, үшбұрыш, шар-шы) пайдаланылады. Тәрбиеші әрекет тәсіліне көрсету үшін және балалардың өз бетінше жұмыс жасауы үшін әр түрлі құралдар қолданылады. Балаларға берілетін жаттығулардың практикалық бағыты болу керек; жолақтағы өлшеуішпен өлшеу және ұзынды-ғымен ені бойынша теңдерін (бірдей) табу; Лентаны өлшеп, тең бөліктерге бөлу; судың қажетті көлемін өлшеп алу т.б.
Әрекеттің жаңа түрі – өлшеуді енгізу әр түрлі жолмен іске асырылады. Бұл жұмысты өлшеудің адам қызметінде қажеттілігін түсіндіруден бастауға болады (Мысалы: шкафты шығарса есіктен өте ме? деген сияқты).
Жаңа әрекетке балалардың қызығушылығын тудыру үшін олар мектептегі де өлшеуді оқуды әрі қарай жалғастыратыны түсіндіру керек. Сондай–ақ өлшеуді үйреніп, олар, өз қабілетін әр түрлі жұмыстарда пайдалана алады. (жалаушалар дайындау т.б.). Балаларды өлшеуді үйретуге оқыта отырып, төмендегілерге көңіл аудару керек:
– өлшеуіш өлшенетін жолда бүтіндей түсу керек;
– өлшеуішті қозғау 2-3 тен артық болмау керек;
– балаларға өлшеу барысында дәлдікке жеткізетін өлшеу тәсілдерімен ережелерді айту керек;
– өлшеуді бастағанда есептеу нүктесін дұрыс анықтау керек;
– өлшеуіш соңында белгі қою керек (қаламмен немесе бормен);
– ұзындық өлшегенде өлшеуішті солдан оңға қарай және биіктікпен енін өлшегенде жоғарыдан төмен қарай қозғау;
– өлшеуішті қозғағанда соңғы өлшенген бөлікті білдіретін белгіге дәл қою;
– өлшеуішті қозғағанда оны санау;
– өлшеу нәтижесін анық айта білу;
Бастапқы кезде балаларға өлшеу әрекетін орындау және өлшеуішті санау қиын болады. Жұмысты жеңілдету үшін көлем-дері бірдей балама фишка енгізіледі. Өлшеуішті ауыстырып бала-лар бір фишкадан қойып, сонан соң фишканы санап, өлшеу кезінде өлшеуіш неше рет түскенін біледі. Яғни өлшеу объектісінің мөлшерін сандық көрсеткішпен анықтайды. Бұл тәсіл балаға өл-шеу мәнін, оның нәтижесін түсінуге көмектеседі. Әсіресе бұл шартты өлшеуішпен өлшеудің әрбір жолын жаңа түрін үйренгенде пайдалы, фишка баламаның қолдану қажеттілігі біртіндеп жоға-лады. Балаларды жаттықтыруда не өлшенеді, немен өлшенеді және нәтижесі қандай екеніне ерекше көңіл бөлу керек. «Сен не өлшедің?», «Немен өлшедің?» деген сұрақтарға жауап алуға көңіл бөлу керек.
Өлшеу нәтижесі мынадай сұрақтармен түсіндіріледі: Өлше-генде өлшеуіш неше рет қойылды? Столдың ұзындығы қандай? Ыдысқа қанша стакан жем сыяды? Өлшеуде алынған сан нені білдіреді?
Өлшеу нәтижесін анықтағанда оны өлшеуіш атымен байла-ныстырып айтуға үйрету керек (үстел ұзындығы 4 өлшеуішке тең, банкада 3 стакан су бар).
Балаларға әрбір объектіге біртектес өлшеуіш алынатынын түсіндіру қажет. Бөлме ұзындығын өлшеуге қандай өлшеуіш алы-нады? Бұл өлшеуіш – тарелкедегі жемді өлшеуге бола ма? Банка-дағы суды өлшеу үшін қандай өлшеуіш алу керек? (бірнешеуін көрсетеді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет