А. Балабаева


ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ



бет2/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні – жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға әсер ететін негізгі оқу пәндерінің бірінен саналады. Мектеп жасына дейінгі педагогика-дан сала ретінде бөліне отырып, ол жеке дара ғылыми пән және әдістемелік құралға айналды. Пәннің ең басты зерттеу мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарының қалыптасуының негізгі заңдлықтарын зерттеу болып табылады.


Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жалпы міндеті – мектеп жасына дейінгі балалардың қа-рапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың дидакти-калық негіздерін зерттеу. Ал, теориялық базасы – философия, педагогика, психология, математика т.б. ғылымдардың жалпы негізгі ұғымдары болып табылады. Педагогикалық білімдер жүйесі ретінде, оның өзіндік теориясы мен қайнар көздері де бар. Олар:
- білім беру мәселесі жөніндегі үкімет құжаттары, мемле-кеттік қаулылар, заңдар;
- ғылыми ізденістер нәтижесі болып саналатын ғылыми ізденістер мен басылымдар, ақпарат көздері;
- бағдарламалық-нұсқау құжаттары;
- әдістемелік әдебиеттер (арнаулы мерзімдік басылымдар «Отбасы және балабақша» журналы, ойындар мен жаттығулар жинағы, әдістемелік нұсқаулар т.б.)
Бұл пән және оның мазмұны, ғылыми-зерттеулер және озық педагогикалық тәжірибе есебінен үнемі даму үстінде.
Бүгінгі таңда қарапайым математикалық ұғымдарды қалып-тастыруға бағытталған, оны дамытуды көздейтін негізгі әдістеме-лік жүйе бар. Оның басты қызметі - әдістемелік жұмыстардың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын анық-тау. Бұл ұғымдар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толық-тырып, тұруы заңдылық болып табылады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің негізгі элементтері – оның мақсаты, міндетері, мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлері және құралдары болып табылады. Олар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толықты-рып тұрады. Осылардың ішіндегі ең жетекшісі әрі анықтаушысы – мақсат болып табылады. Мақсат әлеуметтік сипатқа ие, әрі оның объективті заңдылықтары бар. Мектепке дейінгі ұйым өз кезегінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындап, балаларды мек-тепте үйретілетін ғылым негіздеріне баулиды.
Үйрету, оқыту мен даму өзара дидактикалық сипатта бай-ланысқа ие. Нақты бір даму сатыларына сәйкес, үйрету одан ба-сымдылықпен асып түседі. Сондықтан үйрету барысында бала-ның қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа операцияларды да үйрету қажет. Өйткені бүгін ересек адамның жетекшілігімен үйренген әрекетін ертең бала өз бетінше орындайды.
Үйрету барысында даму процесі жүзеге асады.
Баланың математикалық ұғымдарының дамуының ең алды-мен оның жеке тұлғасының танымдық іс-әрекетіндегі өзгерістер мен іргелі жылжудан байқаймыз, яғни логикалық операцияларды жүзеге асыруға икемділігі қалыптасады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасы мен іс-әрекетін оны оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ғылымдармен байланысты.
Әсіресе, педагогика ғылымыммен байланысты. Өйткені педагогика сұрапталған өскелең ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесі және оқыту міндеттеріне арналған мәселелерді қарастырады, атап айтқанда принциптер, мазмұн және құралдар, ұйымдастыру әдіс-тері мен формалары, технологиялары. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдары туралы мәсе-лелерін зерттеу және талдау өз кезегінде педагогикалық теорияны да жетілдіріп, жаңа фактілер мен материалдармен толықтырады.
Әдістемелердің ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі заңдылықтарын зерттеу: қара-пайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, тіл дамыту, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі өзара тығыз байланысты.
Баланы мектептегі математика пәнін оқытуға даярлау мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын қалыптас-тырудың теориялық қайнар көзі болып табылатын математикалық аспектілердіүйретумен тығыз байланысты.
Мектеп бағытындағы математиканы оқытуды, оның мазмұн-дары мен әдістерін жетілдіру мектепке дейінгі кезеңдегі математи-калық ұғымдарды қалыптастырумен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын дамыту бағдарламасына да айтарлықтай өзгерістер енгізілген (ауызша есептеуге үйрету көлемі ұлғайтылды, топтап санау, жиын ұғымын қалыптастыру, жекелеген көлемді өлшеу, жиынды бөл-шектеп санау, геометриялық білімдерін ұлғайту т.б.) оқытуға үйретудің неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестіру жалғасуда (модельдеу, проблемалық есептер мен жағдайаттар, дамытушы ойындар т.б.). Өйткені оқыту арқылы ғана баланы жан-жақты дамытуға қол жеткізе аламыз.
Оқыту мен дамыту өзара тығыз байланысты.
Оқыту процесінде, әсіресе мектеп жасына дейінгі балада сан туралы ұғымдарын қалыптастыруға ерекше мән беріледі, өткені қоршаған ортадағы заттардың саны - ең алдымен оның кеңістік-сапалық белгісі. Осы сан және санау арқылы баланың жиын бөлшектерін анықтау, заттар арасындағы өзара айырмашылық-тарын анықтау дағдылары дамиды.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру – баланың ақыл-ойын дамытуда жетекші орынға ие.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдіс-темесін жасауда ең алдымен баланың жиын, сан, кеңістік, уақыт ұғымдарын қабылдау заңдылықтарын және психологиялық ерек-шеліктерін ескеру қажет. Психология нақты бір білім, дағдыларды меңгерудегі бала мүмкіндіктерін анықтайды.
Жаңа психологиялық зерттеулер мектепке дейінгі жастағы баланы математикалық ұғымдарды меңгерудегі қабілеттерінің шексіз екендігін, оны әлі де жан-жақты зерттеу қажеттігін дәлел-деп отыр. Оқыту процесінің ұғымдылығы кіші балалардың анато-миялық-физиологиялық ерекшеліктерін негізге алумен ерекшеле-неді. Бала ерте жастан-ақ қоршаған ортадағы небір қозғалыстарды, заттардың жиынын, сан алуан құбылыстарды анализаторлардың көмегімен (есту, сипау, көру т.б.) қабылдайды, оларды салысты-рып, естерінде ұстайды. Осы баладағы физиологиялық процестер-дің заңдылықтары қарапайым математикалық түсініктерді қалып-тастыру мазмұнын анықтауда және оны жоспралауда басты негіз етіп алынады, соған байланысты сабақ құрылымы жасалып, оқыту әдістері мен құралдары белгіленеді (сергіту сәті, оқу-танымдық міндеттердің анықталуы т.б.).
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні - өте жас педагогикалық пән болғанмен, бастаулары көне тарих қойнауларында жатыр. Ежелгі заманда-ақ аға ұрпақ өкілдері өз ба-лаларын есептеуге, санауға ерте бастан дағдыландыруға ұмтылған.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні-нің зерттеу мәселелерінің өзіне тән логикасы мен құрылымы ғылыми педагогикалық зерттеуге қатысты. Ол зерттеу пәні мен объектісін, мақсаты мен міндеттерін, болжамын белгілеуден басталады.
Негізгі теориялық көзқарастар мен әдіснамалық негіздемелер анықталады. Осыған сәйкес зерттеу әдістері талданып, сондан кейін алынған нәтижелер айқындалып, соның негізінде қоры-тынды жасалып, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар айтылады.
Ең алдымен, зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау маңыз-ды. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым матема-тикалық түсініктерін қалыптастырудың сан алуан қырлары болуы мүмкін. Егер зерттеу объектісі ретінде балалардың практикалық әрекеті алынса, зерттеу пәні баланың жиынмен әрекеті, сан ұғымдарын қалыптастыру болуы мүмкін.
Зерттеу мақсатында мыналар ескеріледі:

  • баланың қарапайым математикалық түсініктерін қалып-тастыру мазмұнын талдау;

  • жаңа әдіс, форма, оқыту технологиялары құралдарының ғылыми негіздемелері;

  • баланың математикалық дамуы міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған жағдайлар;

- баланың математикалық түсініктерін қалыптастыру проце-сінің жаңа заңдылықтары және оны негіздеу;
- баланың математикалық даярлығын жетілдіру.
Зерттеу барысында әдеттегідей бірнеше міндеттер қатар шешіледі. Ол мақсаттан туындап, оны айқындайды. Ол міндеттер мазмұны төмендегідей болуы мүмкін:

  • нақты бір математикалық ұғымдардың қалыптасуының мәнін зерттеу ерекшелігі, құрылымы, басқа процестер және құбылыстармен байланысы;

  • математикалық ұғымдар негізіндегі ақыл-ой және практи-калық әрекеттерін қамтамасыз ететін жағдайлар;

  • математикалық ұғымдар қалыптастыру процесіндегі бала-лардың оқу-танымдық әрекетіне педагогикалық басшылықты тексеру;

  • мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне арналған әдісте-мелік нұсқауларды талдау.

Мысалы, балалардың көлем және қарапайым өлшеу әдістерін үйренуіне арналған ғылыми зерттеуде төмендегідей міндеттер алға қойылады:

  1. Балалардың заттың көлемін анықтау және тану ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Балалардағы түрлі объектілерді өлшеу және оның әдістері туралы ұғымдарының деңгейін анықтау.

  3. Мектеп жасына дейінгі балаларда көлем туралы және оны өлшеудің әдістері туралы ұғымдар жүйесін жасау.

Зерттеу жұмыстарындағы басты кезең болжамды қалып-тастыру болып табылады. Ол түрлі әдебиеттерді оқу және талдау барысында қалыптасады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәсе-лелерін зерттеуде басты көңіл бөлетін жағдайлар – зерттеу-шінің әдіскерлік және теориялық мәселе туралы білімдерінің терең болуы.
Теориялық жағдайды талдау және тексеру түрлі зерттеу әдістерінің көмегі арқылы жүзеге асырылады: бақылау, сауалнама, әңгімелесу, диагностикалық тапсырмалар, педагогикалық құжат-тарды зерттеу, эксперимент, баланың іс-әрекетін талдау. Нақты жүйе бойынша (зерттеу әдістемесі) оларды бағытты, мақсатқа сай қолдану, зерттеу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, әрі дәйекті ғылыми анықтамалар мен фактілерді алуға негіз болады. ал зерттеу нәтижелерін жан-жақты статистикалық-математикалық әдістерді қолдана отырып, талдау заңды байланыстар мәнін анық-тауға, теоирялық және практикалық қорытынды жасап, ұсыныстар айтуға ықпал етеді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жетекші әдісі – эксперимент, оның лабораториялық және табиғи түрлері болады.
Эксперимент анықтау, қалыптастыру және бақылау кезеңдерінен тұрады. Оның әрқайсысы әбден жіктеуді, құрылымдық принциптердің сақталуын, балаларды бақылау және эксперименттік топтарға бөлуді, эксперимент нәтижелерін түрлі құралдар көмегімен анықтауды қажет етеді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытудың маңызы – мектеп жасына дейінгі кезеңде үйретілетін математикалық ұғымдарды қалыптастыру, түсіндіру, бала санасына жеткізе білу, оған педагогикалық тұрғыда басшылық жасау педагогтың ең басты міндеті – балаға жоспарлы ұғымды қалыптастыру барысында, бала әрекетін соған жұмылдыра білу, ұғымдар тізбегі кеңейген сайын, бала ойы мен әрекеті жаңа мазмұнға ие болады. Математикалық ұғымдарды жүйелі дамыту – баланың мақсатты ұйымдасқан әрекетіне кепіл болады.
Әдістемені оқыту – математикалық ұғымдарды дамытудың негізгі формасы болып табылады. Ол жалпы дидактикалық принциптер негізінде құрылады, яғни ғылыми негізде жүйелі, кезекті мүмкіншілігі, көрнекілігі қамтылған өмірмен байланыста, балаға жеке дара әрекет ету барысында т.б.
Дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет барысында балаларда ақыл-ой операциялары мен процестері дамиды, шығармашылық қиялы қалыптасады, қызығушылықтары оянып, жеке ерік күштері, оқуға деген ықыласы тәрбиеленеді, ақыл-ой әрекетіне ынталары артып, еңбектенуге үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет