78
пондықтарға қарсы күрес басталды, осы мақсатпен Халық Кү-
шінің Орталығы (Путера) ұйымы құрылып, оны
Сукарно
бас-
қарды. Ал 1943 жылы Индонезия мұсылмандарының Консуль-
тативті кеңесі (Машуми) құрылды. 1944 жылы жапон үкіметі
2 жылдың ішінде Индонезияға тәуелсіздік алып берем деп уәде
берді. Елде тәуелсіздікке дайындық үшін Зерттеу комиссиясы
құрылып оны да Сукарно басқарды. 1945 жылы Сукарно комис-
сиясының мәжілісінде бірінші рет тәуелсіз елдің
Панча шила
қағидасы бойынша философиялық негізі жасалды.
Тәуелсіздік ҥшін кҥрес (1945-1950 жж.) Сукарно.
Ағыл-
шын әскерлері мұндағы жапондықтарды тізе бүктірген соң
1945 жылы 17 тамызда
доктор Сукарно басшылығындағы
Ұлттық қозғалыс
Индонезияны тәуелсіз мемлекет
деп жария-
лады. Келесі күні
елдің президенті Сукарно
болды.
Отарлық
жүйесін қайта қалпына келтіру үшін
Индонезияға голландық әскер келген кезде, ол күтпеген жағ-
дайға тап болды. 1946 жылы қарашада Индонезия Голландия-
мен келісімге қол қойып, ол бойынша Индонезияның халықара-
лық құқық статусы мойындалды. Бірақ «қырғи-қабақ соғыс-
тың» басталуына байланысты екі мемлекет арасындағы шиеле-
ніс тоқтаған жоқ. Тек 1949 жылы тамыз айында ғана Голландия
Индонезия Құрама Штаттарының (ИҚШ) тәуелсіздігін мойын-
дады. Бұл ИҚШ құрамына Голлондиялық Индонезиялық одақ
кірді. 1950 жылы 15 тамызда Индонезия Республикасы деп құ-
рылып, яғни оны бірінші кезекте КСРО және ҚХР мойындады.
Конституциялық талаптарға сай елдегі жоғарғы заң шығарушы
билік Ұлттық консультативті конгресс (ҰКК) қолында болды.
Индонезиядағы беделді саяси партиялар Индонезия Коммунис-
тік партиясы (ИКП) және Индонезия Ұлттық партиясы (ИҰП)
болды. 1950 жылдардың ортасында елдің саяси билігіндегі бе-
делдісі ИҰП және Машуми болды. 1963 жылы Индонезия
Голландиядан қалып қойған территория Ирианды ӛзіне қосып
алды. Ал 1965 жылы Индонезия БҰҰ құрамынан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: