А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет49/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134
Екінші 
дҥниежҥзілік 
соғыс 
жылдарындағы 
Индонезия.
Ал 1939 жылдары Индонезия экономикасы қайта 
жандана бастады, олар ауыл шаруашылық ӛнімдерін, каучукты, 
мұнайды т.б. ӛнімдерді АҚШ, Англия т.б. елдерге экспортқа 
шығара бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары 
Голландияны Германия басып алған соң, оның отары 
Индонезияны 1942 жылы Жапония басып алды. Енді елде жа-


78 
пондықтарға қарсы күрес басталды, осы мақсатпен Халық Кү-
шінің Орталығы (Путера) ұйымы құрылып, оны 
Сукарно
бас-
қарды. Ал 1943 жылы Индонезия мұсылмандарының Консуль-
тативті кеңесі (Машуми) құрылды. 1944 жылы жапон үкіметі
2 жылдың ішінде Индонезияға тәуелсіздік алып берем деп уәде 
берді. Елде тәуелсіздікке дайындық үшін Зерттеу комиссиясы 
құрылып оны да Сукарно басқарды. 1945 жылы Сукарно комис-
сиясының мәжілісінде бірінші рет тәуелсіз елдің 
Панча шила
қағидасы бойынша философиялық негізі жасалды.
Тәуелсіздік ҥшін кҥрес (1945-1950 жж.) Сукарно.
Ағыл-
шын әскерлері мұндағы жапондықтарды тізе бүктірген соң
1945 жылы 17 тамызда 
доктор Сукарно басшылығындағы 
Ұлттық қозғалыс
Индонезияны тәуелсіз мемлекет
деп жария-
лады. Келесі күні 
елдің президенті Сукарно
болды.
Отарлық 
жүйесін қайта қалпына келтіру үшін 
Индонезияға голландық әскер келген кезде, ол күтпеген жағ-
дайға тап болды. 1946 жылы қарашада Индонезия Голландия-
мен келісімге қол қойып, ол бойынша Индонезияның халықара-
лық құқық статусы мойындалды. Бірақ «қырғи-қабақ соғыс-
тың» басталуына байланысты екі мемлекет арасындағы шиеле-
ніс тоқтаған жоқ. Тек 1949 жылы тамыз айында ғана Голландия 
Индонезия Құрама Штаттарының (ИҚШ) тәуелсіздігін мойын-
дады. Бұл ИҚШ құрамына Голлондиялық Индонезиялық одақ 
кірді. 1950 жылы 15 тамызда Индонезия Республикасы деп құ-
рылып, яғни оны бірінші кезекте КСРО және ҚХР мойындады. 
Конституциялық талаптарға сай елдегі жоғарғы заң шығарушы 
билік Ұлттық консультативті конгресс (ҰКК) қолында болды. 
Индонезиядағы беделді саяси партиялар Индонезия Коммунис-
тік партиясы (ИКП) және Индонезия Ұлттық партиясы (ИҰП) 
болды. 1950 жылдардың ортасында елдің саяси билігіндегі бе-
делдісі ИҰП және Машуми болды. 1963 жылы Индонезия 
Голландиядан қалып қойған территория Ирианды ӛзіне қосып 
алды. Ал 1965 жылы Индонезия БҰҰ құрамынан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет