А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Сухарто билігі кезеңіндегі Индонезия (1965-1998 жж.)



Pdf көрінісі
бет50/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Сухарто билігі кезеңіндегі Индонезия (1965-1998 жж.).
1965 жылы 1 қазанға қараған түнде «30 қыркүйек қозғалысы» 
деп аталатын әскери тӛңкеріс кезінде үкіметті армия басшысы, 


79 
генерал 
Сухарто
басып алды. Сонымен Индонезияда комму-
нистердің бүлігін басқаннан кейін генерал Сухартоның автори-
тарлы режимі орнады. Бұл орынды отыз жыл иемденген ол сая-
си тұрақтылыққа және экономиканың жоғары қарқынмен даму 
жолына қол жеткізді. Осы кезден бастап Индонезия дамудың 
капиталистік жолына кӛшті. Сухарто үкіметін Батыс қолдады. 
1967 жылдың ортасында Сухарто «жаңа тәртіп» деп аталатын 
ӛз үкіметін құрып алды. 1973 жылдардан бастап елде мұсыл-
мандар партиясының рӛлі күшейе түсті. Ал 1982 жылдан бастап 
Индонезия біртұтас идеологиялық негіз ретінде экономикалық 
реформаларды жүзеге асырып, ол жақсы кӛрсеткіштерге жетті. 
Нәтижесінде Индонезия «азияттық айдаһарлар» қатарына енді. 
Ол Азияда ең үлкен кӛлемде табиғи каучук, пальма майын, 
темекі, кофе сонымен бірге дәм-татымдар мен теңіз ӛнімдерін 
экспортқа шығарушы елге айналды. Индонезияда ӛндіріс орын-
дары жақсы дамып, олар техникалық заттарды, электр бұйым-
дарын, әуе ұшақтары мен кеме жасау кең қолға алынды. Бірақ 
ел әлі де жаңа индустриясы дамыған елдер қатарына қосылған 
жоқ, бұған 2020 жылы қол жеткіземіз деп жоспарлады. Эконо-
миканың дамуы бірқалыпты болған жоқ: 1989 жылы мұнайды 
сатудан түсетін кіріс тӛмендеген кезде, Индонезия тіпті валюта-
ны құнсыздандырып жіберді. Сонымен бірге 1989 жылы 
Индонезия ҚХР және КСРО мен қарым-қатынас орнатты, алай-
да осы уақытта басты мәселе орнықты исламға қарсы күрес 
болды.
1990 жылдардың ортасында ішкі ұлттық кіріс 7,5% құра-
ды. Кедей күйде болған елдегі кӛп халық тӛртінші ширекте-ақ 
тӛрт есеге азайды. 1995 жылы Индонезияда ұлттық дамудың
25 жылдық жоспары жасалды. Бұл жоспар бойынша ел Азия 
мемлекеттері ішіндегі экономикасы жағынан анағұрлым дамы-
ған елдердің қатарына қосылуы керек болды.
Саяси тұрақтылық Индонезияда 90-шы жылдардың басы-
на дейін сақталды, сосын оппозиция тарапынан билік әлсірей 
бастайды, ислам партиясының белсенділігі күшейді. 1997 жылы 
Индонезияны «азияттық дағдарыс» тұншықтырды: елдің эконо-
микалық даму қарқыны тез тӛмендеп кетті, ал ішкі кіріс 15-


80 
20 %-ға қысқарды, ал сыртқы қарыз 117 млрд. долл. құрады 
(Бразилия және Мексикадан кейін әлемде 3-ші орында). Бұл 
халықтың жаппай толқуына алып келді: саяси демократияға 
қайта оралу талаптары қойылды, ал Сухартоны парақор деп 
айыптады. Нәтижесінде 1998 жылы 21 мамырда 
Сухарто
пре-
зиденттік орнынан отставкаға кетуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет