84
Ганди ақша қорын жинау үшін
«Б.Тилак
2
Қорын»
ұйымдастыр-
ды. Сӛйтіп бұл қор ҮҰК-нің басты қаржы жүйесіне айналды.
Үнемі айналымда ақша болды - ал оны ағылшын үкіметінің тәр-
кілеуіне еш мүмкіндік болмады.
Жергілікті жерлердегі ҮҰК ұйымдары үлкен жұмыстар
жүргізді, шаруалар комитеті-сабхлар құрылды. Қалаларда жұ-
мысшылар ереуілдерін ұйымдастырды. 1920 жылы 200 ереуіл
болды. 1920 жылы мамырда Бүкілүндістандық кәсіподақтар
конгресі құрылды. Ал 1921 жылы ҮҰК осы кәсіподақтармен
байланыс жасау үшін арнайы комитет құрды.
1921 жылы 17 қарашада Үндістанға ағылшын тағының мұ-
рагері ханзада Уэлский келді. Жергілікті халық демонстрацияға
шықты. Ағылшын үкіметі мұндай тәртіпсіздікті ұйымдастыру-
шы ретінде жаңадан құрылған Конгрестің жастар ұйымы «Сева-
дал»-дан кӛріп, оның қызметіне тосқауыл қойды.
Достарыңызбен бөлісу: