99
М.Зия уль-Хак біртіндеп барлық билікті ӛз қолына алды:
1978 жылы 13 қыркүйекте ол елдің президенті болды. Бас әске-
ри әкімшіліктің орнын да ӛзіне қалдырды.
Әскери режимнің ең басты кӛздеген мақсаты Пәкістанда
нақты ислам тәртібін орнату - «Низам-и ислам», ал З.А.Бхутто
саясатын исламға қарсы деп айыптады. Сонымен бірге елде
қоғамды толықтай исламдандыру және ислам саяси құрылымын
орнату саясаты жүрді. Пәкістанда жалпыға бірдей теңдік қоға-
мын орнату үшін әскерилер діни-қауымдық партиялар және дін-
дарлармен бірге жұмыс жүргізді. Дәстүрлі жазалау түрлері енгі-
зілді (кӛпшілік алдына шығарып жазалау, саусағын кесу т.б.),
федеральды шариғат соты енгізілді, онда жазалау Құран мен
Сунна заңдары арқылы жүргізілді, исламды насихаттау үшін оқу
жоспарлары ӛзгертілді, экономиканы исламдауға байланысты да
шаралар жүргізілді-пайызсыз несие беру, дәстүрлі исламдық
салық жүйесі т.б.
1981 жылы 24 наурызда Уақытша конституциялық заң ен-
гізілді, ол 1973 жылғы конституцияны түбегейлі ӛзгертті. Бұл
заң бойынша президентке шексіз билік берілді. Федеральды
консультативті кеңес және Министрлер Кеңесінің қызметтеріне
шектеу жасалды.
Әскери режим мұсылман фундаментальдық партиясы
ӛкілдерімен жақсы байланыс орнатып, 1982 жылы олар Мұсыл-
ман Лигасымен бірігіп, барлығын М.Зия уль-Хак ӛзі басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: