А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


-ші жылдардағы саяси дағдарыс



Pdf көрінісі
бет70/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

70-ші жылдардағы саяси дағдарыс.
1973 жылы іскери 
басқару жалғаса берді. Армия мемлекет және экономикалық іс-
терге араласып отырды. 1961 жылғы Конституцияға ӛзгертулер 
енгізілді, атқарушы биліктің құзіреттілігі күшейтілді, азаматтар-
дың құқықтары мен бостандығы шектелді, тӛтенше істерді қа-
райтын ұлттық қауіпсіздік соты құрылды, мемлекеттік қызмет-
керлер кәсіподақ және ұжымдық келіссӛз жүргізу құқықтарынан 
айырылды.
1972 жылы Исмет Инѐнюді Халықтық-республикалық 
партиясының кӛшбасшысы Бюлент Эджевит ауыстырды. Осы 
кезде Түркияның саяси ӛмірінде екі партия пайда болды. Оның 
біріншісі - Ұлттық қозғалыс партиясы, басшысы А.Тюркеш, 
екіншісі - Ұлттық құтқару партиясы, басшысы Неджметдин 
Эрбакан. 1973 жылы күзде Түркиядағы тӛтенше жағдай жойыл-
ды; Ұлы ұлттық жиналысқа сайлау болып, елді коалициялық 
үкімет басқарды: ХДП мен ӘП, яғни Б.Эджевит және 
С.Демирель бір-бірін кезек-кезек ауыстырып отырды. Осы кезде 
экономика тез нашарлап кетті, бұл 1973 жылғы қарашадағы 
мұнайға жаңа бағаның қойылуымен байланысты болды. Әлем-
нің дамыған елдерінде экономикалық тоқырау басталды. Түркия 
мұнай ӛндіріп отырған Таяу Шығыс елдерінен займ алып, эко-
номикалық дағдарыстың алдын ала білді.
1970-ші жылдардың ортасында дағдарыс үстіндегі эконо-
мика қайта жандана бастады (8%). Бірақ ол ұзақ уақытқа бара 
қойған жоқ. 1974 жылы Кипрға жасалған әскери жорық елге үл-
кен шығын алып келді. Түрік армиясы аралға түсіріліп, оның 
40% территориясын басып алды. Бұл Грециямен ара қатынасты 
шиеленістіріп, тек 1986 жылы ғана қайта байланыс орнай бас-
тады.
1975 жылғы сайлауда С.Демирель А.Тюркештің ұлтжан-
дыларымен одақтасып коалициялық үкімет құрады. Бірақ бұл 


111 
мықты бола қойған жоқ. 1977 жылы бұл коалициялық үкімет 
ыдырап кетеді. Ұлы ұлттық жиналысқа сайлауда үкіметті 
А.Тюркештің қолдауымен қайта С.Демирель басқарды, ал
1978 жылдың қаңтарынан бастап ХДП партиясынан 
Б.Эджевит
басқарды. 
Бұл кезде тәртіпсіздік бүкіл елді жайлап кетеді: саяси кісі 
ӛлтірушілік, күрт сепаратистерінің қозғалысы, лаңкестік оқиға-
лар - тек екі жыл ішінде (1978-1980) қастандықпен 5241 адам қа-
за тапты. Б.Эджевит әскери тӛтенше жағдай енгізуіне тура келді. 
Ереуілдер мен демонстрациялар қуылды, мыңдаған адам қамау-
ға алынды, баспасӛз ұйымдары жабылды. 1979 жылы мұнай ба-
ғасы тағы да кӛтеріліп кетеді, бұл ішкі кірістің 3% қысқаруына 
әкеп соқты. 1979 жылы қазан айында Б.Эджевит отставкаға ке-
тіп, үкіметті қайтадан Әділет партиясының кӛшбасшысы 
С.Демирель басқарады. 
1980-ші жылдары жағдай қайта нашарлады: экономика-
ның кӛрсеткіші тӛмендеді, инфляция және сыртқы қарыз ӛсті. 
Елде қайта күрттердің сепаратистік ұйымы, лаңкестер пайда 
болды. 1980 жылы қаңтарда С.Демирельдің экономикалық кӛр-
сеткіші, бірнеше жыл АҚШ-тағы Әлемдік банкте жұмыс істеген 
Тұрғыт Озал
түрік экономикасын тұрақтандыру жоспарын жа-
сады. Ол экономикалық саяси бағытты түп-тамырымен ӛзгерту-
ді қарастырды. Жекелей алғанда мемлекеттік ӛнеркәсіптерді 
қайта жабдықтау, Түркияда шетелдік капитал қорын еркін айна-
лымға енгізуге қолайлы жағдай жасау, экономиканы экспортқа 
бағыттау болды. Бұл Халықаралық Валюта Қоры мен батыстық 
экономистер жағынан қолдау тапты, бірақ елдегі саяси жағдайға 
байланысты оны іске асыру мүмкін болмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет