А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Баян. Жолдамақ сенен болсын, жас ноян. (25 б.) Баян



бет32/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95
    Бұл бет үшін навигация:
  • Есен.
Баян. Жолдамақ сенен болсын, жас ноян. (25 б.)
Баян. Жібек баулы сұңқарым келеді ұшып.
Қиядағы қыранды көрдім. Қияда көрсең, қыран дерсің, қалыңда көрсең, жолбарыс дерсің, асқар көрсең, биігі дерсің, өз қасыңда бала дерсің, жібек жал арғымақ Қозы Көрпешті тауып қайттым!.. (30 б.) (Ғ.М.)
Есен. Алғаш айтқан кезеңім, алапаты асқардай батырмен күш сынаспақпын. (11 б.)
Абыз. Мерейі биік шоқыдай,
Келіс көркі тотыдай
Қызықтырған қай ұлсың? (12 б.)
Абыз. Қайтсын-ау, сыңқыл-сылтың... сылтың-сыңқыл тілейді-ау жас бейбақ! Көктемнің көркін-ай... Мамырдың бір нұр шуағы дермісің! Жасты көрсем, осылай көрсемші!.. Бақ-талай баршындай! Кебегім боларсың осы сен? (13)
Жапал. Бар дейді ғой талай батыр! Кебек деген елден асқан бар дейді, естімеп пе ең атағын? (16) (М.Ә.)
Жоғарыдағы асты сызылған мысалдарда екі суреткер де кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Кебек батырларды жағымды бейнеде көрсету үшін бағалауыш поэтикалық теңеулер мен эмоционалды сұлу сөздерді аса жоғары реңкпен қолданады.
Лексикалық поэтиканың негізін ауыспалы мағынасы бар сөздер, яғни, «троптар» құрайды. Троптар арқылы шығарманы жоғары көркемдік деңгейге жеткізуге болады. Троптардың мынадай түрлерге бөлінетіні белгілі: метафора, метонимия, синекдоха, симфора, гипербола, литота, ирония, аллегория, перифраза, образды эпитет.
Драматург оқиғаны көрсетудегі маңызды сәттерді арнайы таңдап алынған жоғарыдағы көркемдік құралдардың көмегімен көрсетуге тырысады. Мұндай жағдайда мәтін мазмұны шынайы өмірдегі оқиғалармен астасып кетеді. Көркемдік бейнелеу құралдары бір-бірінен жасалу тәсілдері және қолданылу мақсатына қарай ажыратылады.
Адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін, сырт келбетін, ішкі жан-дүниесін, замана келбетін суреттеуде М. Әуезов тілінің көркемдігі анық көрінеді. Мәселен, «Қарагөз» пьесасындағы мына монологтарға назар аударайық:
Қарагөз. Мал бергеннің жетегінде кетіп, іші өртеніп зармен өткен қазақ қызы аз ба?.. Малға балап, батамен матап, мені де осылай көп қыздың бірі етіп қор етер деп ойласамшы осы шаққа дейін сорлы басым? Маңдайыма кеп тас тигенде енді ғана бар қазасын, шер жарасын аңдаппын. Бүгін ғана сенің жаныңда, аяулы асық жарым жаныңда осы дүние сұмдығынан үркіп тұрған жүрекпен баурыңа тығыла тұра айтарым: лағынет, лағынет болсын сол қызықсымақ, сауықсымағына!
Сырым. Қостадым, жаным, жаныңмен үріккен зарыңды!.. Лағынет, лағынет болсын сені тұтқын етем деген қаралық малы, арам малы, қалыңмалына! Қаңғыманың алды осы түннен басталсын!.. (108 б.), – деген кейіпкерлердің екі ауыз күйініш сөздерінен-ақ замана шындығы, сол дәуірдің тынысы, қалыңмалға сатылатын қыз байқұстың тағдыры ап-анық көрініп тұр.
М. Әуезов тілінде көркем әдебиетте кезіге бермейтін өзіндік соны тілдік қолданыстар жиі ұшырайды. Қазақ танымына етене жақын мұндай сөздер шығарманың идеясын айқындай түседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет