А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет31/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95
2.2 Лексикалық микропоэтика

Поэтикалық драматургияда, поэтикалық поэзия мен прозада әлдебір құбылысты образды суреттеу лексикалық поэтика деп аталады.


Сөздің әсер ету күші ойдың тереңдігінен, оның экспрессиялылығынан, белгілі бір образды нақты суреттеуден көрінеді. Кейде актердің кейіпкердің мінезін аша алмай қиналатын сәттері кездеседі. Мұндайда драматург персонаждың күйіп-жанған сүйіспеншілігі мен қатты тебіренісін ыммен-ақ («сознательного недоговаривания») орайластырады. Сөзбен жеткізе алмайтын сахнаның мұндай ерекшеліктері көрерменге түсінікті болып отырады. Ал персонаждың көңіл-күйінің тез құбылуын суреттеуде, драматург, фабуланы дамыту үшін түрлі синтаксистік құрылымдарды қолданады. Кейде драмалық шығармалардың поэтикалылығы қысқа репликалардан-ақ, яғни жеке сөз бен екі, үш сөйлемнен-ақ көрінеді.
Сөз мағынасынан тілдің өзіндік ерекшелігі, өзіндік бояуы айқын көрінеді. Ол туралы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» еңбегінде: «Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады», деп көрсетіледі [ 76, 73 б.].
Тілдік бірліктердің кейде жеке тұрғанда ашыла бермейтін жасырын сапалары коммуникативтік қатынаста, яғни кейіпкерлердің көздеген мақсатына орай, прагматикалық мәнге ие болуы мүмкін. Бұл туралы Н. Уәли: «Барлық деңгейдегі тілдік бірліктердің құрылымдық-жүйелік болмысында, жаратылысында пайдаланылмай жатқан мүмкіндігі, ашылмай жатқан әлеуеті тілдік бірліктердің жеке тұрғандағы болмысында байқала бермейтін қуаты сөйлеу / жазу кезінде пайда болатын мәнділіктерге түпнегіз болады» [33, 207 б.],-деп көрсетеді. Ғалымның бұл ретте айтып отырғаны, субъект өзі таңдап қолданған ақпараттарды кодқа салады. Ал адресат сол кодталған мағыналарды ашып, интерпретациялауға тырысады.
Cондай-ақ, сөздің дербес мағынасынсыз контекстік мағынасы туындай алмайды. Контекстік мағына кез келген сөздің ішкі семантикалық құрылымындағы негізгі мағыналар арқылы ғана жасалады. Бұл туралы
А. Салқынбай былай дейді: «Лексикадағы жүйені анықтаудың басты принципі лексикалық бірліктердің, яғни, сөздердің дербестігін, тұтастығын тану, мойындау. ...Тілдегі лексикалық бірліктің дербестігі мен бүтіндігін мойындау үшін, оны лебізбен байланыстыра қарастырған жөн. Әңгіме сөздің тілдік жүйедегі орны мен мағыналық және тұлғалық дербестігіне байланысты. Тілдік жүйеде кез келген лексикалық бірлік өзінің дербестігін, бүтіндігін, тұтастығын, бастысы тектілігін сақтайды» [77, 65 б.].
Кез келген суреткердің сөз етіп отырған нысанына деген көзқарасы, қатысы болады. Мысалы, М. Әуезовтің де, Ғ. Мүсіреповтің де пьесаларында жағымды кейіпкерлерді баса көрсету мақсатында бірнеше номинативтік бірлік арқылы прагматикалық ақпараттар беріледі. Мысалы:
Жарқын. Азырақ қорқып та кеттім білем, басымды көтеріп алсам, қасымда өрімдей бұралған жас жігіт тұр екен. – Бар бол, балдырған інім, дедім... (18 б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет