А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


 Кроссинговердің генетикалық анализі. Генетикалық



Pdf көрінісі
бет132/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   159
2.3.8. Кроссинговердің генетикалық анализі. Генетикалық 
картаның құрлымы 
Сабақтың мақсаты: Студенттерге гендердің орналасуын үйрету, 
гендердің арақашықтығын анықтау және генетикалық картаның бөлігін жасау. 
Материалдар мен жабдықтар: Алдыңғы сабақтарда өткізілген 
будандандастырудағы ажыраулардың сандық есебінің нәтижелері (14-Кесте). 
Тапсырма: үш геннің тіркесуін дәлелдеу, олардың арасындағы 
кроссинговердің пайызын анықтау және үш геннің генетикалық картасын салу.
Тапсырмаға түсініктеме
Үшгибридтік будандастыру кроссинговерін анализ жасауға кірісуден
бұрын, алдыңғы сабақта өткенімізді еске түсіреміз. Енді қарастырып отырған 
гендердің бір-бірімен тіркескен бе, соны анықтап алу қажет. Ол үшін әр жұп
белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауын тексереміз (теориялық күтілетін 
ажыраудың 
қатынастары 1:1:1:1). Мысалы, 
сарапталып 
отырған 
будандастыруға келесі жұптағы белгілер тексеріледі: көздің түсі – дененің
түсі; көздің түсі – қанаттың формасы; дененің түсі – қанаттың 
формасы
Алғашқы екі жұптың белгілерін анализдеген кезде, мынаны есте сақтау 
керек, олар бастапқы линияларда былайша комбинацияланған: көздің қызыл 
түсі және дененің сұр түсі, көздің киновар түсі және дененің қара түсі. 


204 
Сондықтан, F
b
-дан тіркесіп тұқым қуалауда осы белгілер басым болуы тиіс, ал 
кем болуы керек рекомбинанттар: қызыл көз және қара дене, киновар көз және 
сұр дене.
2.9. сурет. Морган бойынша дрозофиланың гентикалық картасының сызбасы 
Осы секілді келесі екі жұп белгілеріне де анализ жасауға болады: көздің 
түсі және қанаттың формасы. F
b-
жағдайында бұл белгілердің тіркесуінде ата-
аналық комбинациялар (ажыраудың теориялық күтілімі 1: 1: 1: 1) басым болуы 
қажет: қызыл көз және қалыпты қанаттылар; киновар көз және жетілмеген 


205 
қанаттылар. Мұнда кем болады рекомбинанттар - қызыл көз және жетілмеген 
қанаттылар, киноварлық көздер және қалыпты қанаттылар.
2.10. сурет. Дрозофиланың гендерінің арақашықтарын анықтау 
Кейінгі екі жұп белгілері (дененің түсі - қанаттың формасы), F
b-
да тіркессе
тұқым қуаласа ата-аналық комбинациялар басым болуы тиіс: сұр дене және 
қалыпты қанат, қара дене және жетілмеген қанат, рекомбинанттарда – сұр денелі 
және жетілмеген қанаттылар аз болады. 
Аталған үш жұп белгілердің тіркесулерін дәлелдеген соң, олардың қатар 
тұқым қуалауын сараптауға болады. Егер, гендер тіркескен болса,
генотиптердің жазылуының формуласы өзгереді. Мысалы, дигетезиготтардың 
тіркеспеген гендерінің генотиптері көрсетіледі - АаBb, тіркескен түрі – АВаb 
деп жазылады. Тағыда еске ұстайтын жайт талдаушы будандастыру үшін Ғ
b
– 
ның тек аналықтары алынады, дрозофилдердің аталықтарында кроссинговер 
жүрмейді. Кроссинговердің жүруі реципрокты, яғни аталық және аналық 
хромосомдардың арасында жүретін болғандықтан, Ғ

- дің гибридтік 
аналығында гомологиялық хромосомдардың өзара бір-бірімен бөліктері 
алмасады. Аналық гаметалары жұп болып келеді.
Комплементардлық жұп гаметалар кроссинговер болмағанда (1-ші класс) 
немесе гомолгиялық хромосомалар бөлігінің бірінде кроссинговер болғанда (2-
4-ші класстар) құрылулары мүмкін. Кроссинговер болмай хромосомалары 
өзгермеген гаметаларды кроссоверлік емес, ал кроссинговер болғанда 
құрылған гаметаларды кроссверлі деп атайды. Егер ағза кроссоверлік
гаметаның ұрықтануынан пайда болса оларды кроссверлік немесе 
рекомбинанттық деп атайды. Гаметаларды кроссоверлік еместерінің 


206 
ұрықтануынан құрылған ағзаларды кроссверлік емес немесе рекомбинанттық 
емес деп атайды. 
Рекомбинация реципроктың түрде өтеді, кластардың комплементарлық 
жұбын бір жағдайдың нәтижесі ретінде қарауға болады. Ғ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет