А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет135/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159
Жұмыстың орындалуы. Екі жұптың белгілердің тұқым қуалауын талдау. 
Жұмыстың бұл бөлігін студенттер үш шағын топ болып орындайды
ажыраудың сандық есептерінің нәтижесін алдыңғы сабақтардағыны аламыз 
(2.14. кесте)
Бірінші шағын топтың студенттері келесі жұп белгілердің тұқым қуалауын 
зерттейді: көздің түсі мен дененің түсі; Ол үшін ата-аналарындағы осы екі 
белгісі бар шыбындарды санайды (қызыл көз және сұр денелі, киновар көз және
қара денелі), сонымен қатар рекомбинанттардың (қызыл көз және қара денелі, 
киновар көз және сұр денелі). Ата-аналықтардағы комбинациясы басымдарға 
көңіл аударамыз. Нәтижелерін 2.15 кестеге жазып статистикалық өңдеуді χ

әдісімен жүргіземіз, күтілетін ажырау қатынастары былай болуы тиіс 1:1:1:1.
Одан соң, ата-аналық кластардың рекомбинанттардан басым екендігін 
дәлелдеу керек, яғни, көздің және дененің түстерінің тіркесе тұқым қуалауы. 
Екінші және үшінші шағын топтық студенттерінен алынған тәжірибе 
нәтижелерін кестеге жазамыз. Көздің түсінің және қанат формаларының, дене 
түсінің және қанат формасының тіркесе тұқым қуалауына көз жеткізу.
Екінші шағын топтың студенттері көздің түсінің және қанат формасының 
тұқым қуалайтынын талдайды. Ол үшін ата-аналықтардағы қызыл көз, қалыпты 
қанатты және киновар көз, жетілмеген қанаттыларды санайды. Сонымен қатар 
рекомбинанттықтардың – қызыл көз, жетілмеген қанат және киновар көз, қалыпты 
қанаттыларды да есептейді. Ата-аналық комбинациялық белгілері бар шыбындарды 
санап оларды кестеге жазады. Алынған сандарды статистикалық өңдеуді χ

әдісімен 
жүргіземіз, күтілетін ажырау қатынастары былай болуы тиіс 1:1:1:1. Енді көздің түсі 
мен қанатының тіркесе тұқым қуалауына көз жеткіземіз.
Үшінші шағын топтың студенттері ата-аналық шыбындардың дененің түсі мен 
қанаттарының формаларының тұқым қуалайтынын сараптайды. Ол үшін барлық 
топтағы студенттердің алған нәтижелерін ата-аналарындағы денесі сұр, жетілмеген 
қанат және денесі қара, қалыпты қанаттарды есептейміз. Ата-аналықтардың тіркесе 
тұқым қуалауының рекомбинанттардан басым екендігін байқаймыз.
Тәжірибе нәтижелерін 2.15. кестеге жазамыз, күтілген қатынастың 1:1:1:1-
ді шығуын анықтаймыз, χ

әдісімен статистикалық өңдеуді жүргіземіз.
Алынған нәтижедегі ата-аналық формаларының рекомбинанттықтардан 
басымдығын дәлелдейміз. Студенттердің бірінші және екінші шағын 
топтарынан алынған мәліметтерді кестеге ендіреміз, сүйтіп көздің түсі мен 
денесінің түстерінің тіркесе тұқым қуалайтынын байқаймыз.
Будандастыруды жалпы сызбасын жасаймыз. Үш жұп белгілердің тіркесе 
тұқым қуалауын дәлелдеп, 2.14 кестедегідей будандастырудың сызбасын 
көрсетеміз. 


210 
Шыбындардың бастапқы линиясының және Ғ

буданының сп, b, vg гендері 
орналасқан хромосомаларын ескеріп генотиптерін жазамыз. 
Ғ
b
гибридтік аналықтың гаметасын жазамыз, оның комплементарлық 
кластарын топтастырамыз: 1) кросоверлік емес. 2) cn және b гендерінің 
арасындағы айқасудың есебінен кроссоверлік. 3) b және vg гендерінің арасында 
айқасудың есебінен кроссоверлік. 4) cn және b,b және vg гендерінің 
арасындағы айқасудан кроссоверлі. Кластың жұптарын нөмірлейміз. Ол үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет