А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Цитоплазмалық тұқым қуалау



Pdf көрінісі
бет52/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   159
2.8.
Цитоплазмалық тұқым қуалау 
Жұмыстың мақсаты: жасушалардағы цитоплазмалық тұқым қуалаудың 
түрлерін түсіндіру. 
Қысқаша мағлұмат: Цитоплазмалық тұқым қуалау – негізінен 
цитоплазма 
органоидтарында 
(митохондрияда, 
пластидтерде 
т.б.) 
орналасқан гендер арқылы анықталатын тұқым қуалаушылықты айтады.
1. Пластидтік тұқым қуалау 
Пластидтердің құрамында РНҚ және ДНҚ бар. Мысалға осы 
құрылымдардың қатысуымен жапырақтардың түсі анықталады. Пластидердің 
генетикалық 
қасиеттері 
ертеректен 
белгілі. 
О.Реннер 
жасушалық 
органоидтардың ішіндегі пластидердің тұқым қуалаушылық қабілеттілігін
анықтап, оны пластидтік тұқым қуалаушылық деп атауды ұсынды. 
Э. Баур герань Pelargonium zonale ақала түстілігін зерттеп, оның химерлік 
құрылымдығын анықтады. Оның зерттеулері бойынша, кейде өсімдік көк түсті 
немесе ақ түсті сабақты шығарады. Ақ түсті сабақтардан алынған ұрықтардың 
өміршеңдікке қабілеттері болмайды, ал геренның көк түсті сабағынан алынған 
ұрықтарды еккенде, қалыпты өсімдіктер шығады (39 сурет).
39 сурет. Пластидердің бөлінуіндегі түрлі түсті сабақтардың құрылуы 
2. Цитоплазмалық аталық стерильдік мұндай құбылыс пиязда, 
қызылшада, жүгеріде, зығырда кедеседі. Аталық стерильдік қасиеті бар өсімдік 
қалыпты өсімдіктің тозаңымен тозаңданғанның өзінде, олардан алынған 


76 
ұрпақтың көпшілігі стерильді болып шығады және бірнеше буын бойы 
жойылмауы мүмкін. Цитоплазмалық аталық стерильдік жүгері дақылында 
жақсы зерттелінген, оның сызбасы суретте келтірілген. 
40 сурет. Жүгерінің цитоплазмалық стерильдігінің сызбасы 

3.Тыныс алу кемшілігінің цитоплазмалық жолмен тұқым қуалауы  
Б. С. Эфрусси нан ашытқыларында (Saccharomyces cerevisiae), спонтанды 
түрде майдалау карликтті түрінде колониялар (petites) түзетіндігін тапты, олардың 
тыныс алу қабілеттілігі өте төменгі деңгейде екендігін анықтады (41 сурет). 
41 сурет. Генетик Б. С. Эфрусси тәжірибесі 


77 
Цитоплазмада және оның органоидтарында шоғырланған тұқым 
қуалайтын 
факторлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет