А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет49/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   159
Есеп 2.48. Жоғарыда аталған эпистатикалық және гипостатикалық гендер 
бойынша дигетерозиготалы тышқандарды өзара будандастырғанда қандай түсті 
ұрпақ алуға болады? 
Есеп 2.49. Дигетерозиготалы сұр ( ССАа) тышқанды рецессивті 
гомозиготалы ақ тышқанмен будандастырған. Алынған ұрпақтың фенотипін 
анықтау керек.
Есеп 2.50. Асқабақ жемісінің ақ түсті доминантты W гені, ал сары түсі 
доминантты Y гені арқылы анықталады, W гені Y геніне эпистазды 
сондықтан ол бар жерде соңғысы қызмет атқара алмайды. Бұл гендердің 
рецессивті аллельдері гомозиготалы жағдайда болса, жемістің түсі жасыл 
болады.
Мына төмендегідей генотиптері бар өсімдіктердің жемістерінің түстерін 
анықтаңдар:
а) wwYy, ә)Wwyy , б)WwYY, в) WWYy, г) wwYY, ғ)wwyy, д)WwYy. 
Есеп 2.51. Мына төмендегідей будандастыруларда алынатын жемістердің
түстерін анықтаңдар:
а) wwYy Х wwYy, ә)WwУy Х Wwуy , б)Wwуу Х Wwуу , в) WWYy Х 
wwуy, 
г) WWYу Х WwУУ , ғ)Wwуy Х wwуy.
Есеп 2.52. Екі сары жемісті өсімдікті будандастырғанда 3: 1 қатынасындай 
болып сары және жасыл жемісті будандар алынған. Ата- енелерінің 
генотиптерін анықтаңдар. 
Есеп 2.53. Ақ жемісті асқабақты жемісі жасыл асқабақпен 
будандастырғанда алынған будандардың жемістерінің жартысы ақ, жартысы 
жасыл болып шыққан. Ата- енелерінің генотиптерін анықтаңдар. 
Есеп 2.54. Жемістері ақ екі өсімдікті будандастырғанда 3: 1 қатынасындай 
ақ және сары жемісті будандар алынған. Ата- енелерінің генотиптерін 
анықтаңдар. 
Есеп 2.55. Екі сары жемісті өсімдіктерді будандастырғанда алынған 
барлық ұрпақтың да жемістерінің түсі сондай болып шыққан. Ата- енелерінің 
генотиптерін анықтаңдар. 


73 
Полимерия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет