А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет48/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159
Жауабы1) Үшгеретозиготтардың бойларының ұзындығы - шамамен 165 см; 
2) G(P
1,2
) - aabbcc; Ph(P
1,2
) - 150 см және 165 см. 
Өзіндік шығаруға арналған есептер 
Эпистаз 
Есеп 1.Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін 
доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни А гені бар 
жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминантты гендердің екеуі де жоқ 
болса, тұқымның түсі ақ болады.
Мына төмндегідей генотиптері бар өсімдіктердің дәндерінің түстерін 
анықтаңдар: а) ааВв, ә) аавв, б) Аавв, в) АаВв, г) ААВв, ғ) ааВВ, д) АаВВ. 
Есеп 2. 41. Мына төмендегідей будандастырылуда алынатын ұрпақтың 
тұқымдарының түстерін анықтаңдар: а) ааВВХааВв, ә) ааВвХаавв,
б)АаввХАавв, в) АаВвХАавв, г) ААввХааВВ, ғ) АаВВХАаВВ.
Есеп 2.42. Сұр түсті тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті 
будандастырғанда 3 : 1 қатынасындай болып қара және сұр түсті дәндер 
алынған. Ата- енелерінің генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.43. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ түстімен 
будандастырғанда дәндердің жартысы қара, жартысы ақ болып шыққан. Ата- 
енелерінің генотиптерін анықтаңдар.
Есеп 2.44.Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3 : 
1 қатынасындай болып қара және сұр түсті дәндер алынған. Ата- енелерінің 
генотиптерін анықтаңдар. 
Есеп 2.45.Тұқымдары сұр түсті екі өсімдікті будандастырғанда алынған 
барлық ұрпақтардың да түстері сондай болған. Ата- енелерінің генотиптерін 
анықтаңдар. 
Есеп 2.46. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен 
тозаңдандырғанда 12: 3: 1 қатынастай болып қара, сұр және ақ түсті дәндер
алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.
Есеп 2.47. Тышқанның рецессивті с гені альбинизмді анықтайды. 
Доминантты аллель С жүнді бояйтын пигменттердің синтезін реттейді. А және 
а гендері жүн талшықтарының дене бойына пигменттердің таралуын 
қамтамасыз етеді: а гені - біркелкі боялуына , ал А гені жүннің қара түске 


72 
боялуымен қатар оның ұшында сақина тәрізді сары пигменттің түзілуіне әсер 
етеді. Генотиптері: ССаа, ССАА, ссАА және ссаа тышқандардың фенотиптерін
анықтау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет