Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет13/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

 
1  Oral  History  Association  (
OHA).–
$ол  жетімдік  режімі:  http://omega.dickinson.  edu/organizations/oha/. 
КFрген уа-ыты: 17.03.2014. 

Institute 
for 
Oral 
History, 
Baylor 
University, 
Texas. 
-$ол 
жетімдік 
режімі: 
http://www.baylor.edu/oral_history/
. КFрген уа-ыты: 20.03.2014. 
3. Kouritzin, S.Bringing Life to Research: Life History Research and ESL / / TESL Canada Jounal\ Revue TESL DU 
Canada Vol. 17, No.2, Spring 2000. – Р.3. 
4 Dбжанов Х. Шо-ан жəне тGлғатану. // Егемен $аза-стан. 2010, 22 -азан. 
5 Perlis, V. Oral History as  Biography. / V. Perlis. // The Past meets the Present: Essay on Oral History / ed. by 
David Stricklin, Rebecca Sharpless. – New York: University Press of America, 1988. – P. 119 – 128. 
6  Бутько,  В.Н.  «Устная  история»  в  контексте  изучения  личности  /  В.Н.  Бутько  //  Роль  личности  в 
истории:  реальность  и  проблемы  изучения:  науч.  сб.  (по  материалам  1-й  Международной  научно-
практической  Интернет-конференции)  /  редкол.  В.  Н.  Сидорцов  (отв.  ред.)  [идр.].  –  Минск  :БГУ,  2011.  –  С. 
162–166. 
 
Резюме 
Статья  посвящена  методам  устной  истории,  которая  позволяет  исследователю  изучить  индивидуальный 
опыт  человека  в  историческое  время.  Информация  о  жизненном  опыте  бросает  вызов  исследователю  понять 
текущие  отношения  и  поведения  личности  и  как  он,  возможно,  был  под  влиянием  начальных  решений, 
принятых в другое время и в другом месте.  
Рассмотрены  также  вопросы  об  особенностях  устной  истории  как  научного  направления  за  рубежом  и  в 
отечественной историографии. Автор согласен с тем, что устная история предлагает новые подходы в исследо-
вании  прошлого  -  через  изучение  субъективного  начала  в  истории,  массового  и  индивидуального  историчес-
кого сознания. 
Рассматривается  значение  метода  устной  истории  в  изучении  личности  и  воспитании  патриотизма  у 
учащихся.Соотношение биографического метода как разновидности метода интервью и метода устной истории
Обозначена и проблема интерпретации устных источников как субъективных свидетельств о прошлом.  
Ключевые слова: устная история, изучение личности, патриотическое воспитание, методы исследования
 
Summary 
The article is devoted to the methods of life history, which allows the researcher to explore the individual’s personal 
experiences  within  a  certain  historical  timeframe.  The  information  about  one’s  life  experiences  challenges  the 
researcher to understand the subject’s current attitudes and behaviors, and therefore how  these  factors  may  have been 
influenced  by  past  decisions.  The  method  does  also  consider  the  peculiarities  of  oral  history  as  a  foreign  scientific 
subject as well as within the domestic historiography.  
The  author  agrees  that  oral  history  offers  novel  approaches  in  the  study  of  the  past  by  studying  the  subjective 
beginning of history, both collective and individual historical consciousness.  
The  course  looks  into  the  impacts  of  the  oral  history  method  in  the  study  of  the  personality  and  the  effects  on 
nurturing patriotism among students. Moreover, the correlation of the biographical technique as a variety of aninterview 
and oral history methods.  
The issue of interpreting oral sources has also been denoted as subjective evidences about the past. 
Key words: oral history, life history, patriotic education, methods of research. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
78 
ƏОЖ 94(574) 
 
ҚАРСЫЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫНДАҒЫ БИЛЕР 
Ə. МҰҢАЙТПАСҰЛЫ, Д. АСАУҰЛЫ, СҰЛТАН Х. АРЫСЛАНҰЛЫ СИЯҚТЫ  
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТАҒДЫРЫ 
 
Калиева Е.Т- т.ғ.к., доцент, Абай атындағы  $аз%ПУ 
 
Отандық тарихнамада «Орал жəне Торғай облыстарындағы көтеріліс» ретінде қысқа ғана баяндалып өтетін 
бұл қарсылық қозғалыстары көп зерттелмеген маңызды оқиғалардың біріне  жатады. Бұл көтеріліс Ұлы Қобда, 
Елек  бойларындағы  Табын  ауылдарында  басталып,  көп  ұзамай  Жем,  Сағыз,  Үстірт  өңірлеріне  дейін  таралып 
үлкен  аумақты  қамтыды.  Солтүстігінде  Ресей  шекарасынан  басталған  толқу  оңтүстікте  Хиуа  иелігіне  дейін 
жетті. 1870 ж. Маңқыстау көтерілісіне ұласты. Толқулар кезінде мыңдаған шаңырақтан тұратын қалың ел Ресей 
билігін  мойындамау  үшін,  өз  жерлерінен  ауа  көшіп,  Хиуа  жеріне  қоныс  аударды.  Мақалада  би 
Ə.Мұңайтпасұлы,  Дəуіт  Асауұлы,  сұлтан  Ханғали  Арысланұлы  сияқты    жетекшілердің  қатысуымен  Үстірт 
өңірлерінде болған көтерілістің маңызды деген оқиғалар сипатталады. 
Тірек  сөздер:  көтеріліс,  қарсылық  қозғалыстары,  əкімшілік-сот  реформасы,  қазақтар,  отаршылдық,  патша 
үкіметі, жазалау күштері. 
 
Кейінгі жылдары қазақ тарихында ерекше  орын алатын тарихи тұлғалар тарихы мен тағдырына, 
олардың əртүрлі қызметін зерттеуге ерекше назар аударылуда. Осыдан туындайтын қажеттілік  ХІХ 
ғасырдың  60-70  жылдары  аралығындағы  қазақ-хиуа  қатынастары    тарихын  зерттеу  арқылы  осы 
кезеңде  əрекет  еткен  жеке  тұлғалардың  орны  мен  ролін  саралау  біздің  мақсатымыз  болып  отыр. 
Төменде  айтылатын  жайттар  ХІХ  ғасырлардағы  белгілі  хан,  сұлтан,  би,  батыр,  старшындардың 
тарихын  толықтыра  түсіп,  қазақ  халқының  Ресей  отаршылдығына  қарсы  болған  азаттық  көтеріліс-
терінің  өзара байланыстары болғандығын дəлелдей түседі.  
Жалпы ХІХ ғасырда Кіші жүзде дəстүрлі хандық басқару жүйесінің жойылып, орыс отаршылды-
ғының  кең  қанат  жая  бастауы  қазақ  билеущілерінің  бір  бөлігінің  Хиуаны  пайдалану  арқылы  Ресей 
саясатына  қарсы  шығуына  əкелді.  Олардың  қатарында  көптеген  Кіші  жүздің  беделді  сұлтан,  би, 
батырлары болды. 
XIX  ғ.  60-70  жылдарында  қазақ-хиуа  қатынастары  жандана  түсті.  Оған  Ресей  отаршылдық 
экспанциясының  Орта  Азия  территориясына  жақындап  келуі  əсер  етті.  Қазақтар  өз  тарапынан  əлі 
Ресей  бағындырып  үлгермеген  хиуалықтардан  қолдау  іздеді.  Ал  Хиуа  ханы  қазақтарды  қолдау 
арқылы Ресейдің басқыншылық саясатына қарсы тұруды ойлады. Себебі қазақтардың басына туған 
жағдай ертең хиуалықтардың да басына түсетіндігін айдан  айқын. 
Сондықтан  1869  жылғы  Кіші  жүз    қазақтарының  көтерілісіне  Хиуа  ханы  араласуға  тырысты. 
Негізінен алғанда, хиуалықтармен жақындасып, олармен байланыс орнатқан, Хиуаға жақын орналас-
қан  Жем  өзенінің  бойы, Ойыл,  Мұғалжар,  Борсыққұм,  Ырғыз    өңірін  мекендеген  шөмішті  -  табын, 
шекті  руларының кейбір бөліктері,  алаша,  байбақты  сияқты  рулар еді.  Қазақтар  1868-1869  жылдың 
қысында-ақ,  Хиуа  ханымен  көтеріліске  көмек  туралы  келіскен  көрінеді[1].  Жалпы  қазақтардың 
күресіне Хиуа хандығы  араласуы осы кезеңдегі азаттық қозғалыстарға тəн ерекшелік деуге болады.  
1869 жылы ерте көктемде «Ережені» қабылдамаған қазақтардың атынан Əзберген Мұңайтпасұлы 
би, Ханғали Арысланұлы сұлтан жəне тағы да басқа 20 адамнан тұратын делегация Хиуаға келеді[2]. 
Олар  қазақтардың  жаңа  ережені  қабылдаудан  бас  тартып,  орыс  үкіметіне  қарсы  көтеріліске 
шыққандығын  хабарлайды.  Бірнеше  мың  əскермен  Хиуа  ханын  дала  бекіністерін  басып  алута 
шақырады. Үш жылға зекет салығынан босатылған жағдайда, Хиуаның қол астына қарайтындықта-
рын да білдіреді. Делегация ханды өз жағына тарту үшін 20 түйе, 20 ақ киізді сыйға тартады. Хан өз 
кезегінде қазақтарға шапан, арғымақтар, қылыштарды сыйлайды[3]. 
Бұл  жерде  тағы  да  айта  кететін  жəйт,  Орынбор  өлкесіне  қарағанда,  Сырдария  облысында  сəл 
ертерек. 1867 жылы енгізілген «Жаңа Ережеден» қашқан 10 мындай түтіндей Сырдария қазақтары да 
өз  еріктерімен  Хиуа  ханы  билігін  мойындаған  болатын.  Осындай  табыстарға  қанағаттанған  Хиуа 
ханы Сеид-Мұхамед қазақ жеріне əскер жіберуге келісімін береді. Нəтижесінде, 1869 жылы наурыз 
айының  бірінші  жартысында  3  мың  адамнан  тұратын  (түркімен,  қарақалпақ,  өзбектер  енген)  төрт 
зенбірек пен екі айға жететін азығы бар отряд Хиуа иеліктерінен Орынбор өлкесіне аттанып кетті[1]. 
1869  жылдың  сəуір  айының  ортасында  отряд  Ембі  постынан  170-180  шақырымдай  жердегі 
Шошқакөл  маңына  тоқтайды.  «Современные  известия:  «8  мамырда  Борсық  құмдарына  жиналған 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
79 
жақсы қаруланған хиуалықтар мен түрікмендердің əскерінің кейбір топтарының қазақтармен бірігіп 
алып, Орск-Казалы трактісінің почта бекеттерін тонауда деген хабар алынды», - деп жазды [5]. 
Хиуа əскерін басқару шөміш-табын руынан шыққан - Алдаш Байғанинге тапсырылды. Оған орыс 
бекіністерінің  көзін  жою,  Жем  қазақтарын  Хиуа  азаматтығына  қабылдау,  зекет  жинау  сияқты 
болашақтағы басқарудың негізін құрайтын бұйрықтар берілді. 
Сондай-ақ  Хан  Дəуіт  Асауұлы  мен  Əзберген  Мұңайтпасұлына  төмендегілей  мазмұндағы  хат 
жолдады: 
«Сіздер  жəне  барлы-  -аза-  тайпалары  -азіргі  кEнде  бірауыздан  кəпірлерден  бFлінуді  Gйғарып, 
оларға Исламны! -ылышымен со--ы беріп, ерлікпен кEресудесіздер. БGдан кейін де, осылай жалғас-
тыра  бері!іздер,  сіздерге  жа!а  əскерлер  жіберіп  отырмыз.  КFмек  кFрсетуге  -атысты  -ам 
жеменіздер,  еш-ашан  да  біз  сіздерді  -ару-жара-сыз,  арсеналсыз,  əскери  басшыларсыз  -алдырмай-
мыз» [6]. 
Алайда,  Хиуа  əскеріне  көмекке  қазақтардан  200-дей  шөмішті-табын  руының  адамдарымен 
Жəнібек Барақұлы пен Дəуіт Асауұлы ғана келеді. Жалпы Дəуіт Асауұлы бидің ауылы Ресейге қарсы 
əрекеттерімен бұрыннан белгілі болатын. 
Хиуаға  келген  казақ  делегациясының  кұрамында  Е.Көтібарұлытың  баласы  Назар  да  болған 
көрінеді. Осыған байланысты деректерде 1855-1858 жылдардағы Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістен 
белгілі,  оның  көмекшісі  əрі  туысы  Ə.Мұңайтпасұлының  есімі  жиі  айтылады.  Ал  Е.Көтібарұлының 
ұстанған позициясы туралы анық айту қиын. Н.А.Середа[4]: «Е.Көтібарұлы көтеріліс басында біраз 
солқылдақтық  танытқанымен,  кейіннен  шекті  руы  қазақтарының  арасында  жаңа  ережені  енгізу 
барысында  көрсеткен  қызметі  үшін  1869  жылы  Ырғыз  үйезі  бастығының  көмекшісі  болып 
тағайындалды»,  -  дейді./3/  Ал  кейбір  мəліметтерге  қарағанда,  Е.Көтібарұлы  Хиуа  отрядына  жан  - 
жақты  қолдау  көрсеткен,  тіпті  кейбір  жергіліктішенеуніктердің  пайымдауынша  Е.Көтібарұлы 
«хиуалықтардың  бірінші  жорығының,  егер  бола  қалар  болса,  екінші  жорығының  да  басты  жəне 
негізгі  айыпкерікөрінеді»  (1869  жылы  2  тамыз  айындағы  Орал  əскери  губернаторының  қатынас 
қағазынан) [7]. 
Тамыз-қыркүйек  айларында  қазақтар  Ырғыз  бекінісінен  20  шақырым  жерде  жайылып  жүрген 
бекіністің 300 жылқысын түп-түгелімен айдап əкеткен[6]. Бұл əлі де патша үкіметі қазақ даласында 
енгізген заңын қабылдамаған шөмішті - табын руынан Дəуіт АсауGлыны! балалары, Х.АрысланGлы, 
D.МG!айтпасGлыбастаған  бір  топтың  ісі  еді.    Сонымен  қатар,    осы  кезде  70  түйеден  тұратын  сауда 
керуені тоналды[8]. 
Б.Қаратаевтың «Қолжазбасында» Х.Арысланұлының өз ауызынан жазып алған  естелік берілген. 
Онда Х.Арысланұлы, Ə.Мұңайтпасұлы, А.Дəуітұлы, А.Сейілұлы (соңғы екеуі- көтеріліс басшылары-
ның балалары - К.Е.) жəне т.б. 12 адам Үстірттегі Шың жазығынан келіп, даладағы бекіністердің 570-
тей жылқысын айдап əкеткендері айтылған. Көліксіз қалған кавалеристердің топ-топқа бөлініп, жаяу-
жалпылап  Орынборға  қашқаны,  аман  қалған  кейбір  бөлігінің  əупірімдеп  қырдағы  жазалаушы 
отрядтарға қосылғандығы баяндалған [9]. Ал патша шенеуніктерінің қаламынан туған ресми құжат-
тар  да  Х.Арысланұлының  айтқандарын  растай  түседі:  жоғарыда  айтылған  топтың  «Ырғыз  бекінісі 
тұрғындарының  300  жылқысы,  Ембі  постының  200  жылқысы,  Ойыл  бекінісіне  қарасты  21-дей 
жайылып жүрген жылқылардың тоналуына қатысы бары» тіркелген [10]. 
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылақ,  жергілікті  орыс  шенеуніктерінің  қаламынан 
шыққан  ресми  құжаттардан  гөрі  басқа  дерек  көздері  шынайы  əрі  жандылығымен  ерекшеленеді. 
Өкінішке орай ондай деректер жұтаң, көп емес. 
Үстірт  бағытына  қоныс  аударғандарды  табын  руынан  Ханғали  Арысланұлы,  Алданазар  Дəуітов 
(Дəуіт  Асауұлының  баласы  -  Қ.Е.)  Штемпель  отрядына  қарасты  зауряд-хорунжи  Бородин  дегенді 
өлтірген  алаша  руынан  Амандық  Сеиілұлы,  Хиуа  отрядының  келуіне  мұрындық  болған  шекті 
руының қабақ тармағы  биі Əзберген Мұңайтпасұлы, Ықылас Досов сияқты тағы да басқалар бастап 
кетті. Олар ерекше əрекет етіп,  көтеріліске ұйтқы бола жүріп, маңайына өз жақтастарын жинай білді. 
Көтеріліс  аяқталғаннан  кейін,  патша  үкіметінін  жариялаған  амнистиялық  шараларына  қарамастан, 
олар бұрынғы орындарына қайтып оралған жоқ. 
Үстірттегі қазақтарды өз жағына тарту үшін Хиуа ханы қыркүйекте тек 200-дей адамнан тұратын 
отряд  жіберді.  Бала  Ерназар  (ұлты  –  қарақалпақ),  Əзберген  Мұңайтпасұлы,  Жəнібек  Барақұлы 
бастаған бұл отрядқа ауыл-ауылға барып, зекет жинау тапсырылды [11]. 
Хиуа  иеліктеріне  1869  жылдан  бұрын  өтіп  кеткен  Əзбергенді  Хиуа  ханы  өз  əдетінше  хан  деп 
жариялайды жəне есесіне орыс билігіне өткен қазақтармен күресуді ұсынады.  Əзберген өз кезінде, 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
80 
Ресей мен Хиуаның қол астына екіге бөлініп кеткен қазақ халқының бір-бірімен байланысып тұруына 
еркіндік  берілген  жағдайда  ғана  келісетіндігін,  бірақ  əр  ханның  қазақ  халқымен  ойына  келгенін 
істегісі  келетін  ниетін  қолдамайтындығын,  қай  жерде  жүрсе  де  халқының  мүшкіл  жағдайына 
қарамастан, мұндай тапсырманы орындай алмайтындығын білдіреді [6]. 
Ауа көшіп барған қазақтарға Хиуа ханы жер бөліп беріп, қоныстандырды. Онда да, əрине. ханның 
түпкі есебі болды. Оған орыс əскері келе қалса, қарсы тұрар қол керек еді. Ал, орыс билігінен қашып 
келген қазақтар хандықтын солтүстігін, орыс отрядтарынан қорғау үшін таптырмас күш еді. Осылай-
ша əйгілі Дəуіт Асауұлы бастаған шөмішті-табын руынын 3.000 түтіні Хиуа билігін мойындады. 
Қазақтардың  басым  көпшілігі  өздерінің  жеңілгендігін  мойындады.  Шілденің  аяғына  таман  таз, 
кете  руының  6580  түтінінің  кейбір  өкілдері,  Веревкинге  келіп  «Ережені»  «қабылдауға  дайын» 
екендіктерін білдірді. 
Ал  «Ережеге»  бойұсынбағандарға  байланысты  патша  үкіметінің  саясаты  өте  қатал  болды. 
Осындай 15 мыңдай түтін Жемді асып, Үстіртке қашты. Оларға мынандай қатыгез шара қолданылды. 
Жазалау  күштеріне  малдарын  тартып  алып,  өздерін  шөл  далаға  қуып  жіберу  бұйырылды  [12].  Ал 
Үстірттегі  қазақтардың  қолдарында  қалған  азын-аулақ  мал  азығының  жетіспеуінен  өзінен-өзі 
қырылды.  Сондықтан  бас  кезінде  Жемнің  арғы  жағына  өткендердің  көпшілік  бөлігі  бұрынғы 
орындарында  қайтып  оралуға  мəжбүр  болды.  Тек  көтеріліс  басшылары,  онын  жақтаушылары  мен 
туған-туыстары, сонымен қатар, шөмішті-табын, шекті, алаша руының қарабура тармағының, кейбір 
байбақты  руының  бөліктері  жазалау  отрядтарының  құрығы  жете  қоймайтын  оңтүстікке  ішкерілеп 
еніп, Үстірт арқылы Хиуамен шекаралас жерлерде қалып қойды. 
Тамыз  айындағы  əскери  отрядтар  қызметі  кете  руы  қазақтарын  жазалау  мен  шөмішті  -  табын 
руының ақсақалы Дəуіт АсауGлымен «Ережені» қабылдау туралы келіссөз жүргізумен айналысты. 
Жалпы,  көтерілісшілерге  қарсы  бағытталған  отрядтардың  ішінде  Рукин  мен  Веревкин  қолдары 
Ойыл мен Сағыз бойындағы, граф Комаровский қолы Ембі посты маңайында бой көрсеткен кейбір 
топтарды талқандады. 
Бұл  отрядтардың  біраз  бөлігі  шепке  қайтарылды.  Қалған  бөлігі  Ембі  посты,  Ойыл,  Ырғыз 
бекіністерінің гарнизондарын күшейтуге қалдырылды. 
Сонымен  қатар,  енді  «Уақытша  Ереже»  Орал  облысында  кейінге  қалдырылған  Жем  үйезінде 
енгізу  қолға  алынды.  8  тамыз  айында  осы  жерді  мекендейтін  шөмішті  -  табын  руының  беделді 
ақсақалдарына шақыру хаты жіберілді солардың бірі, Д.Асауұлының оған жауап хатының мазмұны 
төмендегідей болды: «Хиуа ханының 5 мың əскері келіп, бізден орыстарға қарсы күресуімізді талап 
етті.  Еркін  көшіп  -  қонуға  тосқауыл  қойылғанына  наразылар  Жемге  қарай  қоныс  аударды.  Ал  бұл 
жерде оларды орыс отрядтары күтіп алып талқандады, көп адамдар қырылды, мал-түліктер тоналды. 
Енді қазақтардың арасында бірлік жоқ. Олардың бір бөлігі кейін қайтып үлгерді. Ал екінші бөлігінің 
кейін  қайтуына  тағы  да  Ақбұлақ,  Қосбұлақ  маңына  келген  Хиуа  əскері  кедергі  болуда.  Одан 
сескенген біз Қоңырат жаққа кеттік», - дейді [13]. Бұл хаттан басында жазалау күштерінен үркіп, Жем 
бойына  келгендердің  ауыр  жағдайда  қалғандағы  байқалды.  Екі  жақты  қысымға  түсіп,  басы  əуре-
сарсаңға түскен қазақтардың басындағы трагедияны аңғартады. Олардың тіпті бұрынғы орындарына 
қайта оралуы үшін де, қолда бар азын-аулақ бүкіл жаз бойғы  қуғын- сүргіннен қаралмаған малдары 
күш-көліктік  жүріске  жарамайтын  еді.  Сондықтан  жақын  арада  тез  орала  қоятындай  мүмкіндік  де 
жоқ болатын. 
Д.Асауұлы хатының  соңында  табындықтар атынан,  өздерін  Жем  үйезіне  емес, Торғай  облысына 
жатқызуды  сұрайды,  сонымен  қатар,  «Ережені»  енгізуді,  салық  төлеуді  көктемге  дейін  қалдыра 
тұруға  өтініш білдіреді. Оның  екінші  кезекте  тартып  алынған    малдарды  қайтаруды  сұрайды.Бірақ, 
Д.Асауұлының  бұл  өтініштері  орындалмады.  Ал,  сонау  ерте  көктемде  Қобда,  Елек  бойындағы 
қыстауларынан көтерілген басқа Сатты- ТайGлы жəне т.б. табын руы Шың, Сам, Матай құмдарында 
қалып  қойды.  Олардың  арасында  Торғай  облысындағы  көтеріліс  басшыларының  бірі  Ханғали 
Арысланұлы та бар еді [14]. 
Қолда бер деректерге қарағанда, Ханғали  Арысланұлы,  Əзберген Мұңайтпасұлытар  бастаған бір 
топтың  қарсылық  əрекеттері  1870-1871  жылдарға  дейін  созылғандығы  байқалады.  Тек,  1873  жылы 
ғана  Орынбор  əскери  округының  экспедициялық  отряды  Хиуа  хандығының  шекарасына  таянған 
кезде,  олар  өз  еріктерімен  отрядқа  келіп  қосылды.  Кейіннен  Ханғали  Арысланұлына,  Əзберген 
Мұңайтпасұлына 1873 жылғы Хиуа жорығында қызметтері ескеріліп кешірім жасалынды. 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
81 
1  ОрынборОММ-ы,6--.,10-т.,8239-іс. 
2  «Русский инвалид»// 1869, № 119. 
3  ООММ-ы, ,6--, 10-т., 8239-іс, 464-465пп. 
4  Середа Н.А. Из истории волнений в Оренбургском крае//Русская мысль.1891,№ 10, с.82-86. 
5  $РОММ-ы,25--,2-т.,774-іс,  8-20пп.  Н.А.Середа  1840  жылы  туған.  Тегі  -  Полтава  губерниясыны! 
дворяндарынан  шы--ан.  1859  ж.  Орынбордағы  Неплюев  кадет  корпусын  бітірген.  Орынбор  генерал-губерна-
торлығында  əртEрлі  шенеунік  -ызметін  ат-арған.1875-1887жж.  Орынбор  -алабасшысы,  коллеж  асессоры. 
Кейбір  кереғар  теориялы-  тGжырымдарыны!  болуына  -арамастан,  оны!  е!бектері  деректік  материалда-
рымен -Gнды. 
6  Современные известия. 1869, № 176. 
7  ООММ-ы, ,6--, 10-т.,8239-іс, 406 п. 
8    Шахматов  В.Ф.  К  вопросу  о  характере  восстания  1869  года  в  Тургайскойи  Уральской  областях 
//Вестник АН КазССР, 1953. - №1. - 97 с. 
9  Юр-ко. Взгляд на степную войну //Военный сборник. 1873. №11. - С.55-56. 
10  Вогак С. Киргизская лошадь. //Военный сборник. 1873. - №9. 
11  Потто В. О степных походах//Военный сборник. 1873. - № 4. - 259 с. 
12    $Р  ОММ-Ы,  25--,  1-т,2588-іс,1-п.Общий  обзор  состояния  деятельности  всех  частей  Военного 
министерстваза 1869 год.// Военный сборник. 1871. - № 7. - 119 с. 
13  Голос. -1869. - №278. 
14  ООММ-ы, 6--., 10-т., 8320-іс, 21п. 
 
Резюме 
В отечественной историографии данные протестные движения освещается как незначительное, краткосроч-
ное восстание казахов в Тургайской и  Уральской областях, тем временем при углубленном изучении раскры-
ваются  не  известные  страницыэтого  одного  из  самых  важных  событий    конца  ХІХ  века.   В  данной  статье 
рассматриваются эпизоды, связанные с борьбой против царизма в Западном Казахстане  (1869-1873гг.). Показа-
на расстановка военно-политических сил после восстания, откочевка казахов в пределы Хивинского ханства и 
участие  хивинского  отряда  в  нем,  политическая  ориентация  его  руководителей.  На  основе  документов, 
хранящихся в Оренбургком областном государственном архиве Российской Федерации и других достоверных 
источников  освещаетсяпроблемы  казахско-хивинских  отношений.  Предпринята  попытка  анализа  действии  
повстанцев и  мотивы руководителейби А. Муңайтпасулы, Д. Асауулы, султан Хангали Арысланулы. 
Ключевые  слова:восстание,  протестные  движения,  руководители  восстаний,  казахи,  административно-
судебные реформы, колониализм, царизм, карательные, экспедиции. 
 
Abstract 
In national historiography these protest movements covered as a minor, short-term Kazakhs uprising in Turgay and 
Ural  regions,  meanwhile,  in-depth  study  reveals  the  unknown  pages  of  one  of  the  most  important  events  of  the  late 
nineteenth century. This article discusses the episodes associated with the struggle against the tsarist regime in Western 
Kazakhstan (1869-1873gg.).It is shown the balance of  military and political  forces after  the  uprising, carting away of 
kazakhs within the Khiva Khanate and participation of Khivasquad in it,, the political orientation of its leaders. Issues of 
Kazakh-Khivarelationscoveredon  the  basis  of  the  documents  stored  in  Orenburgkom  Regional  State  Archive  of  the 
Russian Federation and other reliable sources. An attempt is made analyze the action of the rebels and the motives of 
the leaders of bi Munaytpasuly A., D. Asauuly Sultan Han Aryslanuly. 
Key  words:  the  rebellion,  protest  movements,  leaders  of  the  uprising,  the  Kazakhs,  administrative  and  judicial 
reforms, colonialism, the tsarist government, punitive expedition 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
82 
ƏОЖ  94 + 32] (574)  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет