Абай мұрасы туралы алғашқы зерттеулер және сын



бет5/5
Дата03.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#24815
1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай мұрасы туралы алғашқы зерттеулер және сын

   Мұнан өзге 1886 жылы «Дала уәлаяты» газетіне Көкбайдың атынан «Жаз», «Болыс болдым мінеки» өлеңдері басылып шығады. Ал осы газеттің 1889 жылғы 7-санында «Жаздыкүн шілде болғанда» өлеңі «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай аулының Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі» деген тақырыппен басылады.

Ел ішінен тірнектеп жиған ұлы ақын мұрасын реттеп қағаз бетіне түсіруді Кәкітай Ысқақұлы Мүрсейіт молдаға тапсырады. Мүрсейіт Абай ауылында бала оқытқан, ақынның тапсыруымен өлеңдерін жазып алып отырған адам. Жинақталған өлеңдер саны 5 дәптерге жеткен. Жоғарыда атап кеткендей, Абай өлеңдеріне сұрау салған адамдарға да көшіріп беріп отырған. Жалпы Мүрсейіт қолжазбалары халықты ақын шығармашылығымен таныстыратын негізгі нұсқа болып табылады.


Мүрсейіт Бікеұлы. Абай шығармалары. 1905 жыл. (фотокөшірме)

Абай мұрасының адамзат өркениеті тарихындағы телегей-теңіз, теңдесі жоқ қадір-қасиетіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның «Абай кітабына» өлең жолдары сөзсіз бағасын береді.​

Күніне жүз оқысаң жалықпайсың,​

Көз талды, шаршадым деп талықпайсың,​

Бір сөзін бір сөзінен артық көріп,​

Құмақ боп қайта-қайта анықтайсың.​

Бойды ертіп, буынды алып мағынасы,​

Тұрғанда оған нағып қамықпайсың.​

Сөзі рас, сөзі таза, сөзі асыл,​

Көңілге бір жері жоқ жабыспайтын.​ ​

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет