Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


«Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық



бет10/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
54. «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық.
Зар Заман – Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы.
Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды… Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын ойлайтын түзу адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды. Зар заман ағымы отаршылдық дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі. Асан ата айтып кеткен («Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып, заң тозып, жаман болар»), Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір дұспан Ақырда шығар сол тұстан») дәуір келіп жеткен соң ақын-жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлы 1802-1871, Шортанбай Қанайұлы 1818- 1881, Мұрат Мөңкеұлы1843-1906, Әбубәкір Кердері Шоқанұлы 1858-1903 т.с.с. ақындарды қосуға болады. Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі. 
55. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды.
1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды. Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді. Қоныстанушы әрбір дүнгенге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем топтар кедейлердің жерін арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты. Верный уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей ұйғырлардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды.
Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар ШУәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский секілді Ресей мәдениетінің белгілі өкілдері терең ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын “Он екі мұқам” деп аталатын Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
Ұйғыр, дүнген халықтарының Ресей құрамында өркендеп, дамуы осынау көне мәдениетке жаңа мазмұн берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет