Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


 Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы



бет12/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
57. Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы.
Ағылшын шеше мен неміс әкеден туған саяхатшы және суретші Джон Кэстль 1734 жылы Ресей патшалығы ұйымдастырған Орынбор экспедициясының құрамында Орталық Азияға сапар шегіп екі жыл сонда болды. Осы сапары барысында ол 1736 жылы Кіші жүз қазақтарының ханы Әбілхайыр Ханның ордасында болып ресейліктердің атынан онымен келіссөздер жүргізді.
Осылайша 1736 жылы 14 маусым мен 13 тамыз арасында үш ай бойы жалғасқан сапарының алғашқы 20 күні қазақтар арасында өтті. Ол осы сапары барысында көрген білгендерін естелік ретінде жазды. 1784 жылы Рига қаласында естеліктерін неміс тілінде “Ұлы Император Петр қайтыс болғаннан бері Ресей тарихына қатысты материалдар” деген атпен кітап болып жарияланды.
Бұл еңбектен кейбір үзінділер қазақшаға аударылып 1970 жылдардан бастап кітап және газеттерде орын алған. Сонымен қатар оның немісшеден орысшаға аудармасы да Вольфганг Штаркенберг тарапынан жасалып “Дневник путешествия в году 1736-м из Оренбурга к Абулхаиру, хану Киргиз-Кайсацкой Орды” деғен атпен басылып шыққан. Кэстлдың еңбегінің Әбілхайыр Хан мен қазақтарға қатысты бөлегін Охфорд университетінің жанындағы шығыс тану институнының ғылыми қызметкері Беатрис Тесье неміс тілінен ағылшын тіліне аударып ғылыми түсініктемесін беріп “Қазақ даласына таман Жон Кэстлдың Әбілхайыр Ханға Миссиясы (1736)” деген атпен 2014 жылы Охфорда жарыққа шығарды. Біз бұл мақалада Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты осы кітаптың мазмұнұна және қазақтарға қатысты суреттерге тоқталмақпыз. Екі томдық кітаптын әжептеуір бөлегі болса Қазақстанның этнографиясы, география және табиғи ресурстары сондай-ақ қазақтардың өмір тіршіліктері туралы мәліметтерге орын берілген. Әсіресе оның Әбілхайыр Хан және хан ордасы туралы сызған суреттері өте құнды. Бұл естеліктер сонымен қатар орыс емес бір шетелдіктің қаламынан туындауымен де ерекше мәнге ие. Еңбек үш бөлімнен тұрады. Күнделік, автордың түсініктемелері және соңында кітапдағы адам, жер, су аттары туралы неміс тілінде сөздік. Біз баяндамамызда Кэстлдың қазақ даласына сапары туралы әңгімелеп оның салған суреттерін таныстырмақпыз.
Кэстль сапарынан тағы бір жоғары құнды аспектісі Әбілқайыр Хан және басқа да қазақтармен жақын байланыста болып сөйлесуі, бірге отырып дастарқанда дәмдес болуы тб. Оның күнделігінде дін, заң және басқа да қазақ салттары туралы құнды мәліметтер кездеседі. Осындай этнографиялық мәліметтер, кітаптың күнделіктен кейінгі арнайы бөлімінде Кэстлдың өзі де толықтырып жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет