308
керек. пиязды өңдеу кезінде жұмыс орындары жергілікті сору
желдеткішпен жабдықталады. технологиялық саты толық жүргізетін
кәсіпорындарда желдеткіш қоймалардың жанына орналастырылады.
көкөніс цехтарында тазалау қондырғыларының болуы гигиеналық
жағынан маңызды болып табылады.
– ет цехі ет өнімдерін өндіретін цех көбінесе көкөніс цехінің
жанына орналастырылады. етті өңдеудің технологиялық үдерістерінің
(жібіту, жуу, бөлу, бөлшектеу) ретімен орындалуы өте маңызды.
ең көп өңдеуден өткізілетіндіктен, турамадан жасалатын өнімдерді
арнайы орындарда немесе бөлек үстелдерде өңдеу керек. субөнімдер
бөлінген түрде сорғыш құрылғылары бар шкафтармен жабдықталған
желіде өңделуі керек. Орташа және төмен қуатты кәсіпорындарда құс
еті мен субөнімдерді өңдеу үшін стеллаждармен, ванналармен, жұмыс
үстелдерімен жабдықталған жеке желілерқолданылады.
– балық цехі балықты бөлшектеуге арналған. балықтардың
желбезектері, қабыршықтары, беткі қабаты микроорганизмдермен
тұқымданған. ірі цехтарда бекіре тұқымдас балықтар жеке желілерде
өңделеді.
– дайындығына жеткізу цехтары (ыстық және салқын). тағамдар
осы жерден бірден тұтынушыларға жіберілетіндіктен, оларды
дайындаудың технологиялық үдерістеріне қатаң санитарлық талап-
тар қойылады. бұл цехтардың өзара және алдын ала дайындық цех-
тарымен, жуу орындарымен, сауда бөлмесімен байланысуы ыңғайлы
болуы керек. ыстық цехтің орналасуы жанындағы цехтардың
температуралық тәртібін бұзбауы керек. Осы мақсатта дайындау цех-
тары салқын цехпен бір қатарда, бірақ одан бөлек, тарату орны мен
асүй ыдыстарын жуу бөлмесінің жанына жобаланады.
Достарыңызбен бөлісу: