312
жуу машиналарында ыдыстар келесі өңдеуден өтеді:
– 10 сек. ішінде ұсақ тағам қалдықтарынан тазалау үшін суық су
ағымында ұстау;
– жуғыш заттармен жуу;
– температурасы 58°с сумен біріншілік шаю;
– температурасы 85°с-ден төмен
емес ыстық сумен екіншілік шаю;
– ыдыстарды кептіру.
Шағылған, шеті сынған, дақтары бар мельхиор ыдыстарды
қорғасынмен тағамдық уланбас үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
таттанбайтын болат құрамына хром, никель, антикоррезионды
қасиетке ие басқа да металдар кіреді. бұл балқымалар жоғары химия-
лық тұрақтылыққа ие, тағамдық азық-түліктердің органолептикалық
қасиеттеріне әсер етпейді, тағамға зиянды заттарды бөлмейді.
асханалық ыдыстар мен құралдарды жасау үшін тек қана тат-
танбайтын болат қолданылады. Оның құрамына кіретін мөлшері
3,5%-дан, темірдің мөлшері 1,2%-дан, мырыштың мөлшері 0,3%-дан,
қорғасын мөлшері 0,15%-дан жоғары емес болуы керек.
алюминий және оның балқымалары жоғары емес антикоррезионды
қасиетімен сипатталады. адам ағзасына күнделікті тағаммен бірге
10-15 мг алюминий түседі. алюминийдің екіншілік балқымалары
ыдыс жасау үшін қолданылады. мыстың 3,5%-дан, темірдің 1,2%-дан,
мырыштың 0,3%-дан, қорғасынның 0,15%-дан, мышьяктың 0,15%-дан
жоғары емес мөлшеріне рұқсат етіледі.
темір мен шойын коррозияға оңай ұшырайды. Осы кезде пайда
болатын қоспалар тағамға еніп, оның органолептикалық қасиеттерінің
(түсі, дәмі, иісі) өзгеруіне әкеледі. сондықтан тағам жасау үшін арнайы
қапталған темір мен шойыннан жасалған ыдыстар қолданылады.
мыс өте тез қышқылданады. сондықтан қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарында мыстан жасалған ыдыстарды қолдануға тыйым
салынады. тек кейбір жағдайда ғана кондитерлік цехта мыстан
жасалған ыдыстар сироп пен тосап қайнату үшін қолданылады.
ыдыстар мен құралдарды жасау үшін мыстың басқа металдармен
балқымасы қолданылады. ең көп пайдаланылатындарына мельхиор
жатады. Ол мыс, никель, мырыштың балқымасынан құралады.
керамикалық ыдыстарға, фарфорлы, фаянсты бұйымдар жатады.
Қолдану алдында ыдыс қорғасынның бар-жоқтығын тексеру үшін
зертханада бақыланады. Фарфорлы және фаянсты ыдыстар мөлдір
шынымен қапталатындықтан, гигиеналық талаптарға жауап береді.
соңғы кездері пластикалық салмақтан жасалған ыдыстар көп тарады.