Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет44/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80


Бақылау сұрақтары:


1.Микроорганизмдерді жүйелеуге үлесін қосқан ғалымдар
2.Микроорганизмдердің морфологиялық, филогенетикалық қаиеттеріне қарай жүйеленуі

Дәріс №13-14


Тақырыбы: Эукариотты микроорганизмдер морфологиясы
Жоспары:
1.Микроскопиялық саңырауқұлақтар морфологиясы.
2. Микроскопиялық саңырауқұлақтар классификациясы
3. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың қоректенуі.
4. Ашытқы саңырауқұлағының морфологиясы.


Саңырауқұлақтар эукариотты организмдерге жатады. Саңырауқұлақ-тар патшалығы - Mycota (Fungi). Бұл патшалықтың организмдері әртүрлі топтардан тұрады, оларға клеткалық қабықтың вегетативтік күйде қозғалмау, сору арқылы (адсорбция) қоректенудің гетеротрофты типі және шектеусіз өсу тән. Саңырауқұлақтар – Жер бетіндегі ең саны көп тірі ағзалар. Саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер. Саңырауқұлақтардың көбісінің микроскопиялық өлшемдері бар болса да, олардың арасында біздің ғалам-шардың мекендеушілерінің арасындағы ең ірілері де бар. Саңырауқұлақтар барлық жерде - ормандарда, шөл жерлерде және тіпті адамның терісінде де кездеседі. Өсімдіктерден айырмашылығы, саңырауқұ-лақтар қараңғыда да өсе алады, өйткені өмір сүру үшін оларға дайын органикалық азық қажет.
Саңырауқұлақтардың өсуі үшін оңтайлы температура 20-26°С-қа тең. Барлық географиялық аймақтарда мекендейді, суда (тұщы және теңіз) және топырақта, өлі органикалық материалда кездеседі, көптеген түрлері өсімдіктер мен жануарлардың, адамды қоса, ұлпаларында паразитті тіршілік етеді
Құрылысы. Саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Гифарлардың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.
Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспейді, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.
Көптеген саңырауқұлақтардың мицелийі перделерге бөлінген, ал кейбірінің мицелийі перделерге бөлінбеген. Гифа қабықшасының құрамы пектинді заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет