Ағзадағы биофизикалық үрдістер Биофизикаға кіріспе



бет6/8
Дата27.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#53053
1   2   3   4   5   6   7   8
Тірі тіндердің электрөткізгіштігі
Тірі тіндердің электрлік қасиеттерін сипаттағанда олардың композициялық екендігін ескеру қажет, яғни бір құрама элементтерінің өткізгіштік қасиеті болса, басқаларының диэлектрлік қасиеті бар. Мүшелер мен тіндердің электрөткізгіштігі оларда иондардың болуымен түсіндіріледі. Олар бос зарядтар болып табылады және олар сыртқы көздер шығаратын және тірі жасушалар тудыратын электромагниттік өрістердің әсерінен ағзада өткізгіштік токты тудырады.
Биологиялық объектілердің электрөткізгіштігіне олардағы су мөлшері қатты әсер етеді. Су мөлшері аз тіндерге май және сүйек тіндері жатады. Биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігі тірі объектілердің (тіндердің) электр тогын өткізу қабілетінің сандық сипаттамасы. Электрөткізгіштік жүйенің электр кедергісінің шамасына кері пропорционал. Биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігі биологиялық тіндердің өлшеу қызметінің жағдайы туралы ақпарат алу үшін қолданылады, қабыну үрдістерін, жасуша мембраналарының және қан тамырларының патология кезінде не ағзаға физикалық, химиялық және басқа да факторлардың әсерінен өтімділігінің өзгерісін анықтау үшін қолданылады. Биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігін өлшеу мүшелер мен тіндердің тамырларының қанмен толуын бағалаудың көптеген әдітерінің негізі болып табылады. Потенциалдар айырмасы (U) берілген кезде объект арқылы электр тогы өтеді. Оның күші (I) электрөткізгіштікке пропорционал (G): I=GU.
Электрөткізгіштік шамасы бос электр зарядтарының мөлшеріне және олардың қозғалғыштығына байланысты. Зарядтар мөлшері мен олардың қозғалғыштығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым электрөткізгіштік жоғары. Биологиялық сұйықтарда (қан, ми сұйықтығы, зәр және т.б.) электрөткізгіштік олардағы бос иондардың мөлшеріне пропорционал.
Ағза тіндерінің толық кедергісі (импеданс). Реографияның физикалық негіздері
Ағза тіндері тек тұрақты токты ғана емес, айнымалы токты да өткізеді. Ағзада индуктивтілік катушкасына ұқсас жүйелер болмайды, сондықтан оның индуктивтілігі 0-ге жуық. Биомембраналарға, барлық ағзаға сыйымдылық қасиет тән, осыған байланысты ағза тіндерінің импедансы (толық кедергісі) тек омдық пен сыйымдылық кедергілермен ғана анықталады:
Электр тізбектеріндегідей, биологиялық жүйелердің импедансы айнымалы токтың жиілігіне байланысты. Токтың жиілігі артқан сайын импеданстың кемуі тірі тіндерге тән. Бұл электр импедансының дисперсиясы деп аталады. Импеданстың жиілікке тәуелділігі ағза тіндерінің тіршілік ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл тіндер мен мүшелерді ауыстыруда (транс­плантациялау) өте маңызды. Өлі тінде «тірі конденсаторлар», яғни мембраналар бұзылған, және тіннің тек омдық кедергісі болады. Импеданстың жиілікке тәуелділігіндегі айырмашылық сау және зақымдалған тіндерде де болады. Тіндер мен мүшелердің импедансы олардың физиологиялық күйлеріне де байланысты болады. Қан тамырлары қанмен толған кезде импеданс жүрек- қантамырлар қызметінің күйіне байланысты өзгереді.
Систола кезінде қезкелген мүшенің тамырларымен қанның қандай да бір мөлшері ағып жатқанда осы мүшенің көлемі артады. Мүшелердің тамырларындағы қан мөлшері өзгергенде олардың электр кедергісі өзгереді. Қанның электр кедергісі бұлшық еттердің, дәнекер ұлпаның, терінің электр кедергілеріне қарағанда төмен. Мүшеде қан көп болса, соғұрлым оның кедергісі төмен. Сол себепті систола кезінде мүшелердің актив кедергісі кемиді, ал диастола кезінде артады. Актив кедергінің өзгерісі толық кедергінің өзгеруін тудырады. Бұл айнымалы токқа мүше кедергісін өлшеу арқылы мүшенің қанмен толуын (қан айналым) бағалауға мүмкіндік береді.
Жүректің қызметі барысында тіндер импедансының өзгерісін тіркеуге негізделген диагностикалық әдіс реография (импеданс-плетизмография) деп аталады. Осы әдістің көмегімен бас миының (реоэнцефалограмма), жүректің (реокардиограмма), магистральді қантамырларының, өкпелердің, бауырдың, аяқ- қолдардың реограммасы алынады. Өлшеулер әдетте 30 кГц жиілікте жүргізіледі. Реография мидың, аяқ- қолдардың, өкпелердің, жүректің, бауырдың және т.б. қан тамырлары бұзылыстарының диагностикасында қолданылады. Аяқ- қолдардың реографиясы перифиялық тамырлар тонусының, созылғыштығының өзгеруімен, артерияның тарылуымен, толықтай бітелуімен бірге жүретін ауруларда қолданылады.
Реограмманы жазу аяқ- қолдардың симметриялы бөліктерінен жүргізіледі, оларға аудандары бірдей екі электрод орналастырады.
Электродтардың қолдану орнына байланысты реограммада бір бөліктің не тұтастай бір мүшенің қанмен қамтамасыз етілуіндегі өзгерістер көрінуі мүмкін. Реовазография аяқ-қолдардың немесе олардың бөліктерінің реограммаларын бір уақытта немесе тізбекті тіркеу арқылы жүзеге асырылады (білек, табан және т.т).
Реоэнцефалография- ток күші мен кернеудің біршама аз мәнінде ми тамырларының жоғары жиілікті токқа кедергісін өлшеу арқылы оның созылғыштығын, тонусын анықтайтын әдіс. Бұл әдіс арнайы реограф деп аталатын құрал арқылы орындалады. Ми бөліктерінің қанмен толуын анықтауға, оның зақымдануының сипаты мен орнын диагностикалауға мүмкіндік береді, қан тамырлар ауруларында жақсы нәтиже береді, әсіресе церебральді атеросклероз кезінде. Инсульттің күрделі периодында қанайналымның не ми инфарктісінің тромбоэмболиялық бұзылыстарының ишемиялық сипатын анықтауға көмектеседі. Реоэнцефалография ми жарақаты, ісіктері, эпилепсия, мигрень кезінде перспективті болып табылады. Сурет 1. Реограф


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет