Жауын-шашын. Жауын-шашынның жалпы мөлшерi құрылық бойынша өте көп болғанымен, оның кейбiр аймақтарда өте аз жауып су жетiспеушiлiгiне әкелiп соғады. Оны мынадай себептермен түсiнiдiрiп дәлелдеуге болады:
- су буының атмосферадағы айналымының географиялық ерекшелiктерi. Мысалы:
бұрынғы одақ аумағының Европа бөлiгiнде жауын-шашын оның зия бөлiгiне қарағанда көбiрек жауады. Себебi Европалық бөлiкте ауаның циклондық қозғалысы ал Азия бөлiгiнде антициклондық қозғалыс басым:
ауаның циклонды қозғалысын туғызып, жаңбыр жаууы мүмкiндiгiн арттыратын себеп-орман-тоғайлардың бiркелкi орналаспауы және жер бетi рельефiнiң әртүрлiлiгi. Биiк таулар етегiнде жауын-шашын теңiз деңгейi аймақтарына қарағанда бiрнеше есе көп жауады.
Егер жауын шашыннан өсiмдiктердiң су пайдалану үлесiн алсақ, ол жоғарыдағы айтылған себептерге байланысты-20 пайыздан 80 пайызға дейiн ауытқиды. Бұл ауытқулар үш түрлi себепке байланысты болады: бiрiншiсi-егiстiң географиялық орны (шөлейт және далалық аймақтар); екiншiсi-жылдық жауын-шашын мөлшерiнiң өзгеруi; үшiншiсi-жылдық жауын-шашынның өсiмдiк вегетациясы кезеңдерiнде және жыл айларында бiркелкi жаумауы.
Қар жамылғысы. Ауыл шаруашылығында қар жамылғысының үлкен маңызы бар. Қар жамылғысы өсiмдiкке қажеттi су қоры болып табылады, ал сонымен қатар жемiс-жидек және күздiк дақылдарды, көп жылдық шөптердi үсiкке шалдықпауынан қорғайды. Қар жамылғысы аз аудандарда күздiк дақылдар егiлмейдi, өйткенi олар үлкен аяздар әсерiнен үсiкке шалдығады.
Қарлы мелиорациялар. Күздiк дақылдарға қолайлы жағдай жасау және ылғал қорын жоғарылату үшiн, қар жамылғысының биiктiгiн реттеу, қарлы мелиорация арқылы жасалады. Далалық аймақта қар жамылғысы онша биiк емес, яғни қатты желдер қар жамылғысын танаптардан ұшырып әкетедi. Сондықтан осындай аймақтарда қарлы мелиорацияның негiзгi түрi қар тоқтату болып есептелiнедi.
Қар тоқтату үшiн қолданылатын негiзгi тәсiлдер:
1. Егiстiк жердi қорғау ағаштары – орман жолақтарын отырғызу, олар желдiң жылдамдығын төмендетедi де, танаптардағы қардың ұшып кетуiне кедергi жасайды, ал көктемде беткi қабаттағы ерiген судың ағынын төмендетедi, егiстiктi ылғалмен қамтамасыздандырады;
2. Биiк сабақты өсiмдiктердi егу (күнбағыс, жүгерi), өнiм жинағаннан соң бiр неше қатар сабақтарын қысқы мерзiмге қалдырады. Бұл дақылдар жиiлеп (кулистап) себiледi. Аймақтың жағдайына байланысты кулистiң ара қашықтығы 7-14 метрге дейiн бола бередi. Осы ұзын бойлы дақылдардан жасалынған кулистер аралықтарында қар жиналады.;
3. Қартоқтататын қалқандар (шиттер) жел бағытына қарамақарсы орнатылады. Қалқандардың айналасында қар жиналады;
4. Қар тоқтату үшiн риджерлi жал жасағышпен, арнайы тракторлардың көмегiмен қаралады тығыздап биiк жолдарға жинайды. Мұндай жолдар ара қашықтығы 10-15 метрлiк жерлерде орналасып қардың танаптан ұшып кетуiне жол бермейдi;
5. Дәндi дақылдардың сабақтарын жер бетiне қалдыру. Қыс мерзiмiнiң алғашқы айларында қар тоқтату үшiн қалдырады.
Мұндай тәсiлдер жел ұшырып кететiн қарларды тоқтату мақсатында пайдаланады және желдiң жылдамдығын баяулатады. Кулистердiң және орман жолақтары мен қар жалдарының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн оларды желдiң бағытына көлденең орналастыру қажет. Орман жолақтарымен қоршалған Шортанды (Ақмола облысы) елдi мекенiнде танаптағы қар жамылғысының орташа биiктiгi 77-80 см болса, ал ашық танаптарда яғни орман жолақтары егiлмеген жағдайда танаптарға қардың орташа биiктiгi 20-25 см болған.
Достарыңызбен бөлісу: |