«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет69/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Жарикбаев К.Б., Қалиев С.Қ. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. Алматы, 1995. – /346 б./ 
2. Иманбекова Б., А.Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні. Ақиқат.1999. №2., / 83-86 б./ 
3. Байтұрсынов А. Ақ жол. Шығармалары, өлеңдері, аудармалар, зерттеулер. – А: «Жазушы». 
1989. /320 б./ 
4. Ерназарова Т. Қазақ публицистика тілінің дамуындағы Байтұрсынұлы кезеңі. – А: «Карат-
Принт». 2004. / 9-11 б./ 
5. Урынбасарова Э.У. Становление и развитие теории нравственного воспитания школьников 
Казахстана (60 гг. ХІХ в. – 90 гг. ХХ в.). Алматы. 1999. / 270 б./ 
 
АДАМДЫҚ ДИҚАНШЫСЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 
 
Кожахметова Акжибек Мырзалиевна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қарасу ауданы білім бөлімінің
Октябрь жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ғылымының дамуы қазақ зиялы қауымының 
ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болды. Олардың арасында Ахмет 
Байтұрсынұлы халық мүддесін жан-жақты қамтып, қоғамдық-саяси істерге, оқу-
ағартушылыққа да белсене атсалысты. Сол тұста ағартушылық қызмет халықтың саяси және 
әлеуметтік тыныс-тіршілігіне тікелей әсер етіп қана қоймай, азаттыққа, еркіндікке апарар 
бірден-бір жолы екенін қазақ зиялылары анық түсінген.
«Адамдық диқаншысы – қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың» - деген өлең жолдары Ахмет Байтұрсынұлының 
барлық қызметінің эпиграфы болуға лайық. Себебі, ол - ақын, аудармашы, лингвист, 
публицист, қоғам қайраткері, тіл білімінің негізін салушы ғалым. А.Байтұрсынұлының еліне 
соңғы демі қалғанша адал қызмет еткені тарихта да, қазақ халқының жадында да мәңгі 
сақталмақ. Оның елдің бостандығы, жарқын болашағы үшін бар күшін жұмсап, есіл еңбегін 
аямауының өзі ұлтына деген сүйіспеншілігінің жемісі.
Ахмет Байтұрсынов өз тұсында туған халқының рухани көсемі болған, өз сөзімен айтар 
болсақ, халқына «адамдықтың тұқымын себуші» парасатты перзенті. Ахаң бүгінгі ғылыми бір 
институт атқаратын жұмысты бір өзі, болмаса ондаған авторлардың ісін атқарған ғалым. Сол 
кездегі жас ұрпаққа ұлттық жазу жасап берген жаңашыл реформатор, қазақ балаларын ана 
тілінде оқытуға арналған көптеген оқулықтардың авторы [1]. 


148 
Ғалым жазған оқу құралдары «Әліпби», «Әдебиет танытқыш», үш бөлімнен тұратын 
«Тіл - құрал» сол кездегі қоғамдағы сауатсыздық мәселесін шешудегі алғашқы қадамдары 
болатын. Өзім тіл маманы болғасын, осы еңбектері маған ерекше жақын. «Тіл - құрал» 
оқулығы – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы, қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып 
саналады. Оқулыққа қазақ тіл білімінің салалары мен жүздеген ұлттық терминдер енген.
«Әдебиет танытқыш» - қазақ фольклоры тарихын жасаудығы тұңғыш еңбек деп айтуға 
болады. А.Байтұрсынұлы осы еңбегінде өнер атаулыны іштей бес бөлікке бөлді: сәулет өнері, 
сымбат өнері, кескін өнері, әуез өнері, сөз өнері. Осы орайда: «Өнердің ең алды – сөз өнері» 
саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мәтелі де бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз 
күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан», - деп түйген пікірінен [2] ғалымның 
мақалды сөз құдіретін өнер саласында сараптау құралы ретінде қолдануын көруге болады.
Ахаң саналы ғұмырын қоғамдық-ағартушылық қызметке жұмсады, халықтық көркем 
мұраның мән-мағынасына бойлап, оны жинап бастыруға күш салды. Өзі де шығармалар 
жазып, басқа халықтар қазынасының озық үлгілерін туған халқына жеткізу мақсатында 
аудармалар жасады. «Маса», «Қырық мысал» жинақтары – Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік 
ұраны. 1926 жылы «Жоқтау» атты жинағы шығады. [3] Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет 
танытқышы» көптеген мәселелерді, тақырыптарды ашуға, бағыт-бағдар берудегі жұмыстарды 
күшейткені белгілі. 
Aхмет Бaйтұрсынұлы қaзaқ әлiппесi мен қaзaқ тiлi oқулықтaрын жaзуды
1910 жылдaрдaн бaстaп қoлғaaлaды. Oнымен қoсa қaзaқ грaфикaсын жaсaуғa кiрiседi. Қaзaқ 
грaфикaсының негiзiне қaзaқтың мәдени дүниесiнде көп ғaсырлық дәстүрi бaр, өзге түркi 
хaлықтaрды дa пaйдaлaнып oтырғaндықтaн, туыстық, жaқындық сипaты бaр aрaб тaңбaлaрын 
aлaды. Oны қaзaқ фoнетикaсынa икемдейдi, ол үшiн қaзaқ дыбыстaры жoқ тaңбaлaрды 
aлфaвиттен шығaрaды, aрaбшa тaңбaсы жoқ дыбыстaрынa тaңбa қoсaды, қaзaқ тiлiнiң жуaнды-
жiңiшкелi үндестiк зaңынa сaй жaзуға ыңғaйлы дәйекшi белгi жaсaйды. Сөйтiп, 24 тaңбaдaн 
тұрaтын, өзi «қaзaқ жaзуы» деп, өзгелер «Бaйтұрсынoв жaзуы» деп aтaғaн қaзaқтың ұлттық 
грaфикaсын түзеді. Oдaн oсы жaзуды үйрететiн әлiппе жaзaды. 
Ақын өзі айтқандай, «адамдық насихатшысы» ретінде қазақ халқының көркем ойлау 
жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық тартыстарға, ерлік пен 
батырлық істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерге көбірек көңіл 
бөлген. Адамдық қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы бірлік, татулық екенін Ахмет 
Байтұрсынұлының 1909 жылы Петербургте басылып шыққан «Қырық мысал» жинағындағы 
мысалдардың көбі осы тақырыпты көтеретінінен көреміз. Егер ұлтты біртұтастыққа, бірлікке 
шақырып, елдің ойын бір бағытқа жұмылдырса, ақыры арман болған тәуелсіздікке қол 
жеткіземіз деген үміті деп ойлаймын. Әрине, дайын орыс ақынының мысалдарын аударып 
қана қойған жоқ. Бұл ретте аудармалардың жазылу стиліне мән беру керек. Жинақтағы 
мысалдар қазақ тілінің бай және көркем сөздік қорымен бірге, тіл тазалығымен көзге түседі. 
Ақын мысалдарды қазақы қалыппен баяндап, қазақ халқының бай ауыз әдебиетімен, мәселен, 
мақал-мәтелдерімен нақышты тұжырымдайды.
Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» атты өлеңдер жинағы 1911 жылы басылып шықты. 
Жинақтың аты қысқа болғанымен, мағынасы ауқымды. «Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса» 
жолдары-сергектікті, қозғалысты, ізденуді білдіретін астарлы бейне. «Үстінде ұйықтағанның 
айнала ұшып» дегенін қоғамның жалқау, ештеңеге құлшынысы жоқ адамдардың ұйқыдан 
оянуына қызмет етеді деп түсіну керек. «Маса» жинағында көтерілген мәселелер – халықты 
оқу-білімге, рухани көтерілуге шақыру, ұлттық намысты қайрау.
Орынборда өмірге келген «Маса» жинағының қазақ жұртшылығына әсер еткені 
соншалық, рухани қаламдасы М.Әуезов Ахметтің күрескерлік жолында туған туындыларын 
«әдебиеттегі елшілдік ұран» дей келе, «...қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен 
ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын 
желіндей ширықтырған, етек-жеңін жинаған «Қазақ» газеті болатын...», - деп жазды.


149 
Ахаңның таланты жарқырай ашылған және тамаша нәтижемен көмкерілген салалар – 
рухани өмірдің әдебиет, ғылым, музыка, тіл құрылысы, педагогика, журналистика, баспа ісі, 
білім беру сынды маңызды буындары. Қай салаға қалам тартса да, түпкі көздегені туған 
халқының бәсекелік қабілетін арттыру, ұлттық кодын сақтау және әлемдік өркениет көшінен 
қалмауына септесу еді. Шешімін тапты да. «... Мен өзімнің негізгі арнамды – адамзаттың 
дамуының қозғаушы күші мен қуаты – ғылым мен техника деген пікірді жетекшілікке алдым» 
деген сөзі ағартушылық, алаштық, ұстаздық, өркениеттік дүниетанымы мен қайраткерлігінің 
формуласы. Ахмет Байтұрсынұлының бұл арманы бүгінде тәуелсіз Қазақстанның 
стратегиялық бағыт-бағдары түрінде рәсімделеді [5]. 
Ахмет Байтұрсынұлының халқына саяси, рухани, әлеуметтік, ғылыми т.б. салаларда 
еңбегі ұшан-теңіз. Көптеген жазба деректерден оның біртума дарын иесі екеніне көзіміз жетіп 
отыр. А.Байтұрсынұлының еңбектері - жаңалыққа жол ашқан, қоғам мойындаған асыл мұра. 
Сөзімді жерлесіміз белгілі ғалым Манаш Қозыбаевтың сөзімен аяқтағым келіп отыр: 
«Әділдікті, теңдікті, ұлт бостандығын жақтаған, бүкіл болмысымен өз ділі, тілі, жазуы сақталу 
үшін адамдық диханшысы болып, ұлт үмітін ақтаған, қазақтың қазақ болып, алдыңғы шепте 
кетіп бара жатқан халықтармен теңеліп, ұят бірлігін, халық тірлігін арқау етіп, елінің еңселі 
биікке жетуін өмір бойы аңсаған ұлт ұстазы, ХХ ғасырдың ұлы реформаторларының бірі, 
ұлтқа, өркениетке сіңірген еңбегі телегей теңіз Ахаңның тұғыры – ұлылық тұғыры. Тарихта 
әділдік болса, ол Ахаң есімін болашаққа осылай хаттайды, қасиетті ұлы ұстазын қазақ болып 
тұрғанда жадында мәңгі сақтайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет