«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет66/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Имаханбет Р.С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың Ахметі»: Респ. 
ғылыми -тәж. конф. материалдары - Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2013.-382 б. 
2. «Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық». Алматы, 2010 ж. 
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. Алматы: «Атамұра», 
2002.768 б. 
4. Ахмет Байтұрсынов «Тіл құралы». 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ 
Калиева Гульзира Кенесбаевна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Федоров ауданы білім бөлімінің
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі,
Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны –
«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің
қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі,


140 
өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты,
біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын...
Мұхтар Әуезов 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына нақты 
мүмкіндіктер туғызған бірегей ғалым. Оның «Ана тілі» деген терминді де өзі ұсынғанын біз 
естен шығармағанымыз жөн. А.Байтұрсынұлының «Әліпбиі» мен «Оқу құралы» тұңғыш 
әліппеміз болса, оның бірнеше рет қайта басылуы сол кездегі білім беру жүйесі үшін ауадай 
қажетті құндылыққа айналғаны. Ғұмырын ғылым мен білімнің дамуына жұмсай отырып, білім 
саласына үлкен үлес қосты. 
Теоретик А.Байтұрсынұлының ғылыми зерттеулер ғана емес, сол кезеңдегі сұранысты 
өтейтін өміршең оқулықтарының қалың бұқара игілігіне айналуы – білім беру саласындағы 
тамаша іскерліктің үлгісі. Одан қалды, 2021 жылы «Ұлт ұстазы» киносы бұқара халыққа жол 
тарта отырып, барша халықтың ықыласына бөленді. Оқушыларымыздың өзі отбасымен көре 
отырып, көкейдегі сауалдарын сабақ арасында қоя отырып, үлкен талқылауға ие болды. Бұл 
еңбектің барлығы «ғалымның хаты өлмес» деген нақылмен пара-пар. 
ХХ ғасыр басында қазақ жастары Петербор, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбор, Троицк, т.б. 
қалаларда оқып, мұсылманша, орысша білім алды. Ахмет Байтұрсынұлының өз тілімен 
айтқанда, «байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп» 
тұрғанда, оқу-білімнен кенде, қараңғы қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жолын 
қалап алғандардың бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ағартушылық – сол кезеңдегі 
қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті іс еді [1]. Ұлт тіліне лайықталып 
реформаланған араб таңбаларын латыншаға ауыстырудың тиімділігі жоқ деген пікір айтқан 
А.Байтұрсынұлы бастаған зиялы топқа «ұлтшыл», «пантюркист», «панисламист», «советке 
қарсы» деген айыптар тағылды. Араб жазуы тікелей ислам дінімен байланыстырылып, 
ғалымның сан жылғы еңбегі жоққа шығарылды. Уақыт көрсеткендей, латын жазуының да 
өмірі келте болды. 
Қазақ тіл ғылымының теориялық негізін орнықтырған А.Байтұрсынұлы – қазақ 
әдебиеттануының да дамуына мұрындық болған іргелі ғылыми зерттеулердің авторы. Осы 
тұста ең алдымен ауызға алынатыны – «Әдебиет танытқыш». «Әдебиет танытқышта» 
қалыптастырған кәсіби «пән сөздері» қазақтың асыл сөз өнерінің жанрлық, стильдік 
ерекшеліктері мен артықшылығын нақты сараптаулар арқылы жан-жақты танытты. 
Ғалым осы іргелі зерттеуінде ежелгі әдеби мұраға және түркі әдеби ескерткіштеріне 
қатысты пайымдаған теориялық тұжырымдары мен өзі жетік талдап, таныған «пән сөздерін» 
ғылыми айналымға енгізді. Олар: «тірнек өнері», «көрнек өнері», «тиіс ғалам», «түйіс ғалам», 
«арамтер», «мерт», «сергелдең», «сауықтама», «сарындама», «салт сөзі», «ғұрып сөзі», «діндар 
дәуір», «сындар дәуір», «ділмар сөз», «билік сөз», «уағыз», «хикаят», «қисса», «жад дерек», 
«мінәжат», «шежіре», «заманхат», т.б. «пән сөздері» ежелгі мұралар мен классикалық қазақ 
әдеби мәтіндер арасындағы дәстүрлі ұластықты, үндестікті аңғартады. 
А.Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген «біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын» 
(М.Әуезов) таудай еңбегін ХХ ғасыр басында ресей академиктері А.Н.Самойлович 
(«Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы», 1919; «Түрік халықтарының әдебиеті», 1919), 
Е.Д.Поливанов («Қырғыз-қазақ жаңа (Байтұрсынов) орфографиясы», 1924), Н.Ф.Яковлев 
(«Әліпби құрылымының математикалық жүйесі», 1928), А.Н.Кононов («Байтұрсынов Ахмет 
Байтұрсынұлы», 1974) өз зерттеулерінде атап өткен. Ал 1923 жылы ғалымның 50 жылдық 
мерейтойына орай Алаш қайраткерлері М.Әуезов, С.Сейфуллин, Е.Омарұлы, М.Дулатұлы, 
Т.Шонанұлы арнайы мақалалар жазды. Совет кезінде 1977 жылы филология ғылымдарының 
докторы, академик Р.Сыздықова алғаш атын атап, кітаптарын шығаруды сөз еткені үшін біраз 
сұрауға алынған. 


141 
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» пен «Қазақтың Бас ақыны» және өлеңдері 
мен мысалдарын тұңғыш рет төте жазудан қазіргі қазақ әрпіне түсірген филология 
ғылымдарының докторы С.Дәуітұлы болған. Бұл ғылыми еңбектердің барлығы «ХХ ғасыр 
басындағы Алаш әдебиеттануы». Классикалық зерттеулер 9-томында толық талданып 
көрсетілген [2]. 
Академик Р.Нұрғали 1991 жылы «Ақ жол» деген атпен А.Байтұрсынұлының өлеңдерін, 
тәржімалары мен публицистикалық мақалаларын және әдеби зерттеулерін құрастырды. Бұл 
еңбектердің барлығы соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесі. Сөз өнерінен жасалып шығатын 
нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп айтылады. 
Ауызша шығарылған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма сөз болады. 
Шығарманың түрлері толып жатыр, оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша әдебиет, 
қазақша «асыл сөз» дейміз. 
Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері: 1) тақырыбы; 2) жоспары; 
3) мазмұны; 4) түрлері деген анықтама береді, еңгізеді. Сол кездің өзінде шығарма жазғызу 
білім сапасының көрсеткіші ретінде ой жазылып, әр тарауына жеке жеке түсіндірме жүргізеді. 
Бұның өзі қоғам мен сананы білімге баулып, оны қазақыландыру. Осы тұста тағы тілге тиек 
етіп айта кететін жайт қазіргі білім беру жүйесіне де әдебиет сабағынан шығарма жазғызуды 
қайта еңгізу қажет деп ойлаймыз. Ұлт ұстазы бекер бұл терминдермен жұмыс жасай отырып, 
әдістемесін жасамаса керек. Сауаттылықтың көрінісі ол жазба жұмыстары арқылы 
қалыптасары сөзсіз. 
Ахмет Байтұрсынұлы алғаш рет қазақ тілінде ғылыми-теориялық терминдер жүйесін 
жасай отырып, қазақ әдеби тілінің тазалығына да қатты көңіл бөліп, орыстың классик 
жазушыларының талаптарын үлгі ретінде ұсынады. Ол талаптар мынадай: 
1) ескірген сөздерді ретіне қарай қолдану;
2) өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан, яғни шет сөздерден қашу;
3) қазақ тілінің бай мүмкіндігін пайдалана отырып, ұғымның мәнін ашатын жаңа пән 
сөздер ойлап табу керек. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ 
деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін 
араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы 
ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ 
тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз 
табуымыз керек» [3, 179-180 б.] деген талабын ғалым нақты іске асыра білді. Оған ғалымның 
тіл білімі, әдебиет, мәдениет, өнер салаларына қатысты жазған мақалалары, еңбектері дәлел. 
Қорытындылай келе, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі ретінде айтарым, 
А.Байтұрсынов еңбектері бізге мәңгілік бағдаршам. Ғалымның еңбектеріне шолу жасар 
болсақ, тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа 
тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа 
түсінікті сөздерді алу деп анықтама берген болатын. Бұл еңбектің жария болған жылы 
баршамызға аян. Ал, бұл анықтама, бұл тақырып әлі күнге күн тәртібінде. Біз өз 
ғалымдарымызды толық танып, зерттеп бітпедік. Шетелдік тәжірибелерге сүйену, әрине, 
керек және содан өзімізге керектісін ала білу. Бірақ, сол ғылыми пікірлер мен еңбектер 
өзімізде болған сәтте толық танып, зерттемеу өзгенің тәжірибесіне ұмтылу қажет емес секілді. 
Ұлт ұстазының еңбектерін ұлықтап, өз деңгейінде зерттеу және сол еңбекті сабақ 
барысында пайдалана отырып, жемісін көру біздің аға буын алдындағы парызымыз деп 
білеміз. Педагогика саласы, ұстаз болу әрдайым ізденіс, оқу, жаңашылдықты талап етілетіні 
жасырын емес. Ғалым еңбектерінде сол жаңашылдықтың барлығын табуға болады. Тек ізденіс 
пен шеберілік қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет