151
«Кесте 2»
Әріптер
п
ш
ң
л
м
к
Абсолюттік
шама
0,04
0,04
0,04
0,04
0,04
0,1
Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» өлеңінің абсолюттік шамасын қосқанда 1-ге тең
екенін көруге болады. [4] Кеңістіктегі ең кіші өлшем нүкте болса, 1 санын соған теңеп,
барлық санның маңызды негізгі элементі етіп қарастырады.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын 6-сыныптың математика
сабағында да қолдануға болады. Математика пәніндегі «Мода» тақырыбы бойынша мысалдар
қарастыруға болады. Берілген қатарында ең көп қайталанатын сан немесе шама мода деп
аталады.
«Өгіз бен бақа»
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша – тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді...
Ахметтің «Өгіз бен бақа» шығармасындағы модасы «А» әрпі болып табылады.
Сонымен, А.Байтұрсынов мұраларын бүгінгі жаңа буын оқулықтары мазмұнымен
байланыстыра отырып, сабақ берудегі мақсатымыз - оқушылардың оқуға деген
қызығушылығын арттыру және бастауыш сыныптан бастап оларды ғалымның тіл
ғылымындағы еңбегімен таныстыру.
Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Қазір әлем күн сайын емес,
сағат сайын өзгеруде. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана
озатын кезең келді. Ілгері жылжу үшін, заман көшіне ілесіп, біз сананың ашықтығын
қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре
білуді талап етеді.
Қорыта келгенде, математиканы оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру
мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беруге болады. Кең сахарада жезтаңдай
шешендердің, билердің, жыраулардың даналықтарынан үйреніп, бойына жинай білген
кемеңгер ойшыл. Оның ойшылдығын, әсіресе, философиялық тұжырыммен айтқан әрбір сөзі
мен өлеңдері біз үшін қайталанбас тарих. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлының
шығармашылығын одан әрі зерттей отырып, математиканы әдебиетпен байланыстырып,
оқыту әдістемесін жетілдірудің бір жолы және оның тағы да басқа жолдарын қарастыруға
болатынын ұмытпайық.
Достарыңызбен бөлісу: