155
«Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» нақыл сөзін педагогикалық ұстаным
ретінде тәжірибемде үнемі жадымда ұстап келемін. Тіл - ұлттың жаны демекші, ізденіс
үстінде ұлы ақынның білім мен тәрбиені ешқашан бөліп қарамағанын түсіндім. Өйткені,
жақсы тәрбие тек білім арқылы ғана келеді деп үндеу тастаған ақын ұлттың санасын көтере
отырып, өз шығармашылығында ең бастысы білімге көңіл аударды.
Ұлы ақынның өлеңдері бүгінгі күні жас ұрпақты қанаттандырып, талабын ұштайды.
Тарқатып айтсам, «Маса» атты өлеңдер жинағынан қазақ қоғамындағы әлеуметтік,
қоғамдық ойлар, оның азаматтық және халықтық идеялары айқын көрініс береді. Көмекке
зәру халқыңды
білім арқылы биікке көтер, еңбек ет деп үндеу тастайды. Бұл өлеңдер
жаңартылған білім аясында да маңызын жоймай келеді. Осы өлеңді зерде салып оқып
түсінгенім, маса сияқты құр ызыңдап ұша бермей, еліңе еңбек ет, ұйқыдан аулақ бол деп
жалқаулықтан сақтандырады. Өйткені, бүгінгі ұрпақ кітап оқудан гөрі ұялы телефон арқылы
дайын мәліметті ала салуға құмар болып барады. Бұл - шындық. Ақынның өлеңдері
оқушылардың санасына ой салатыны анық екені сөзсіз. Сонымен қатар «Қазақ қалпы»,
«Қазақ салты», «Жұртыма», «Туысыма», «Оқуға шақыру», «Жұбату», «Анама хат», «Тілек
батам», «Тарту», «Жиған-терген» атты өлеңдерінде туған халқын сүю, оны өнер-
білімге шақыру, халықтық салт-дәстүрлерді қастерлеу, анаға
мейірімділік, бата-тілектің
маңызы, қазақ халқының даналығы, оның тәрбиелік мәні туралы кеңінен сөз болады. [«Жаңа
білім» журналы № 4, 6-9 б] «Қазақ салты» атты өлеңінде әрбір азамат туған халқын құлай
сүйіп, оның бақыты мен болашағы жолында жұмыр басын құрбан етуге әзір болу керектігін
айтса, «Оқуға шақыру» өлеңінде «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап, Аллалап ал кітапты
қолдарыңа», - деп жас ұрпақты оқу-білімге үндейді. Ал «Жиған-терген» өлеңінен
қазақ халқының қасіретке толы тарихы мен тағдыры көз алдыңа елестейді. «Жұбату»
өлеңінде көне халық жырауларының таңдаулы дәстүрінде сөзін тындаушыларына тікелей
арнау арқылы ықылым замандардан бермен қарай
сахара елінің сәні болған, әр қазақтың
жүрегіне қымбат белгілердің бірте-бірте көз ұшынан ғайып болып, жоғалып бара жатқанын
жырмен өрнектеп, ойын сауал түрінде жеткізеді.
Ғалымның мұраларындағы тәрбиелік мәні бар ұлттық тағылымның негізгі түрі - бата.
«Бата - біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз деп бата беру жолдарын баяндайды. Ол
баталарды түрлеріне, айтылу рәсімдеріне байланысты жинақтап, топтайды. [«Қазақ
энциклопедиясы» 2020 ж. 8-9 бет.] Осы орайда 8-сыныптағы әдебиет сабағында орта буын
сынып оқушыларына бата беру рәсімін «Сахналау» әдісі арқылы жеткізуге болады.
А.Байтұрсынов - тіл атасы. «Оқу құрал» әліппесін жазған, одан соң қазақ тілінің
фонетикасы мен грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап, пән ретінде оқытып
үйретуді мақсат еткен. Үш бөлімнен тұратын «Тіл жұмсарды» жазып, сауат аштыру, тілді
оқыту методикасын жасауды міндетіне алған. Иә, қазіргі таңда
ұлт ұстазының ізбасары
ретінде ізін жалғастырып, сөйлеу шеберлігін арттыру мақсатында жұмыс жасап келемін.
Осы мақаланы жазу үстінде педагог әрі ақынның теңеп сөйлеу шеберлігі, көркемдеп жеткізуі
өте жоғары деңгейде деп сүйсіндім. Яғни, жаңа форматтағы мұғалім тұрғысында маманның
білімге, еңбекке деген құштарлығы арта түсу үшін Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін
жандарына серік етсе, бұдан ұтары мол екеніне сөз жоқ. Ақынның, әсіресе, «Бақ» өлеңі
біздің заманымызда жылдан-жылға өміршеңдігін көрсетіп келеді. Бұл өлеңді білмейтін адам
жоқ шығар, сірә! [4]. Бұл өлеңді 7-сыныпта жаңа білім аясында «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі
арқылы түсіндірдім. Педагог баққа жетудің оңай еместігін, оған апарар жол білім,
мәдениеттілік, парасаттылық екендігін
сөз өнерімен жеткізіп, жас ұрпақтың болашағына
жол сілтейді. Иә, қанша жылдар өтсе де, ақын мұрасы сол қалпынан өзгерген жоқ. Өлеңі
түсінікті тілмен жазылған, бізге тәрбиелік мәні зор. Иә, адамның тұла бойын толтыратын ізгі
қасиеттерде реттілік байқалады. Мақсатына жетем деген адамның терең білім болғаны абзал
емес пе? Білімін жүрегіне шырақ етіп, ғылым жолына түсу - игі іс.
Қазіргі таңда білікті ұстаз есебінде, бұл ойым менің білім берудегі түпкі қазығым
болмақ. Қолыма қалам алған сәтімде Ахмет Байтұрсыновтың ғибратты сөздеріне сүйене
156
отырып, адамның ішкі жан-дүниесі мен ақылының, сабырының,
қайраты мен мейірімінің
рухани қайнар көзі білім мен ғылым екеніне көзім жетті. Әсіресе, қазіргі таңда білімі жоқ
адамның өмірден орын таппасы анық деген тұжырымға келдім [5]. Иә, дана ақынның
150 жылдығы қарсаңында «Қырық мысал» туындысын тағы да бір рет қолыма алдым.
Мұрасын оқушыларға насихаттау арқылы жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттыра
аламыз.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі зерттеуші тұлға. Сондықтан болашақ түлектер арасында
«Ахмет Байтұрсынов - тіл атасы» атты тақырыпта жоба әзірлеу үстінде. Күтілетін нәтиже ұлт
ұстазын зерттеу арқылы білімге деген құштарлығы артып, тың ақпараттарын өмірмен
байланыстырады. Бұл - игілікті іс. Өйткені, тіл атасы, педагогты тану үстінде өмірге деген
көзқарастары қалыптасады. Осындай жобалар, сайыстар жиі ұйымдастырылса,
жас ұрпақ
үшін мұның тәрбиелік мәні зор болатынына шүбә жоқ.
Ойымды түйіндей келе, әрбір адам өз жүрегіне білім шырағын жаға алса, еліміз
мықты, керегесі кең, дамыған ел қатарынан түспейтіні сөзсіз. Ал, сол жарқын болшақтың
тірегі – жас ұрпақ, сондықтан Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуды еселей түсуіміз
керек. Өйткені, өз халқының лайықты ұлының педагогикалық мұралары білім ғана емес,
адами құндылықтарды бойымызға сіңіре түседі деп нық сеніммен айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: