«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет76/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Новая казак-киргизская (Байтурсуновская) орфография. Спорные вопросы киргизской 
графики и орфографии //- С. 35-43. 
2. Жүсіпұлы М.«А.Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы». Алматы. Ғылым, 1998.
3. Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы //Байтұрсынов А. Шығармалары.А.,1991 ж. 


159 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 
Қуаныш Нұрбек Ермекұлы, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Арқалық қаласы білім бөлімінің
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 
информатика пәнінің мұғалімі 
 
 
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, 
ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру 
саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. «Әліпби», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», 
т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу 
ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер 
туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен 
түркологтардың Бүкілодақтық I съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде 
қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның жұмысын басқаруы, 
Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның 
қоғамдық, мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы екенін танытады. 
А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан «Айқап» 
журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған 
мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1911 ж. «Айқап» журналына жазған 
«Қазақтың өкпесі» атты мақаласында «Өзге жұрттар өнер - білім қуғанда, қазақтың хандары 
да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекет 
жанында өз алдына хандық құрып тұра алмайтын болғандықтан... хандарымыз халқыменен 
Ресейге қосылған» деп тарихи шыңдықтың бетін ашады. Қалың елі қазағына ұлы ақын Абайша 
өсиет айтып, «Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк... 
Дүниеде елге теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік 
ағайын!» – деп көпке жар салды. 
Ал 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» атты мақаласында 
мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, «Оқусыз халық қанша 
бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халыктардың қолына көшпекші. 
Мұның себебі, бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай 
ұшырған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар 
алғызып тұрған да ғылым. Отарба, өткемелерді жүргізген де - ғылым» деп өнер мен ғылымның 
жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр 
алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды. 
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым - білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса 
бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте 
үйренетін білім де сондай керек», – деп жазды ол. Бірақ, осындай білім беретін ауыл 
мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабырғасына катты батты. Бұл жөнінде: «Осы күнгі ауыл 
мектебінде оқуға керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін 
қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары...Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың 
білімді ана тілінен үйренетіндігі...» деп ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, 
«орыс мектептерінде тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай 
пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген 
пікірі бүлдіріп отыр» – деп, қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатының қалай 
іске асырылып жатқанын әшкерелейді. 
Ол патша әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі 
айқындай түсіп, «Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда 
болуы, әр халыққа керегі – өз дінін, тілін, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп 


160 
әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Қазақты басқа дінге 
аударамын деу – құр әурешілік. Қазақты дінінен аударуға болмаса, жазуынан да аударуға 
болмайтын жұмыс» деп, өз пікірін батыл білдірді. 
Ахмет Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс 
көрсете білді. «Бұлардың кемшілігі сол, деді ол, – бала оқыту ғылымын (методикасын) 
меңгергендер, оқығандар ішінде кем болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, жаңаша буындап 
оқыту жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды 
жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік-тәжірибесіздік» 
деп оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов 
болды. 
Ол осы пікірін әрі қарай жалғастырып, «Оқыту жайынан» атты мақаласында «... оқу 
жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі-ақшаға, бірі-құралға, бірі-мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей 
тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу жүреді...» дегенді айтты. Ол осы пікірін іске 
асыру жолында нақтылы еңбек етті. А.Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш қазақша 
сауаттандыратын «Оқу құралын» жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-ші бөлімі «Тіл 
құралы» деген атпен алғаш peт 1915 жылы жарық көрді. 2-ші бөлімі 1914 жылы, ал 
синтаксиске арналған. 3-ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше 
peт қайта басылып, пайдаланылып келді. 
Ол осы оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына 
тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын 
есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш т.б. сан алуан 
лингвистикалық ғылыми терминдерді қосты. 
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін 
қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды. 
А.Байтұрсынов 1928 ж. «Жаңа мектеп» журналының 8-ші санында жарияланған «Қай әдіс 
жақсы» деген көлемді мақаласында орыстың ұлы педагог Л.Н.Толстойдың «Үйрету әдістері 
туралы» деген еңбегіне талдау жасай отырып, «Әдіс деген қатып - семіп қалған догма емес. 
Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, 
шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» деп тұжырымдайды. Ол балаларға жылдам хат таныту 
үшін дыбысты ажырататын жаттықтыру әдіс-тәсілдерін терең қарастырды. Сауаттылықтың 
негізі жазуға жаттықтыру деп қарады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен 
оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды. 
А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 
1920 ж. қазанда «Баяншы» деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік 
құрал шығарды. Онда автор мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың, сауат ашудың әдістерін 
ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.А.Байтұрсынов оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге, 
тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған «Әдебиет танытқыш» атты оқулығы 
көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген 
әдеби білімдік терминдерді тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды. «Өнер 
дүниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға, табиғатты 
меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік қажетін өтеуге қызмет етеді... Мұнан басқа 
адамның рухани қажетін өтеу үшін қызмет ететін түрлері бар. Ол көркемөнер (искусство), 
оның бес бөлімі бар: біріншісі – сәулет өнері, екіншісі – сымбат өнері, үшіншісі – кескін өнері, 
төртіншісі – әуен (музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері («өнер алды - қызыл тіл») 
дей келіп, бұлардың бәрі адамды әсемдікке бөлеуге, табиғаттың тамаша сырларын танып 
білуге тәрбиелейтіндігіне тоқталады. 
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулықпен 
қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің 
бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын 
көрсетіп берді. 


161 
А.Байтұрсынов мұғалімдерге арнап педучилищелерді ашып, арнаулы оқу орындары 
арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының әзірге қазақ даласында 
жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін, не қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың 
талаптыларын таңдап алып, мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. 
Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар 
ашуды ұсынады. 
А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттық педагогика 
мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін М.Әуезовше бағаласақ, «Ахаң түрлеген ана 
тілі», «Ахаң салған әдебиеттегі орны», «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің
1916 жылғы қан жылаған казақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, оқу-ағарту, саясат 
жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпас істер болмақ». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет