158
Қазақтың тәлім – тәрбие теориясы, қисындары, салт-дәстүрлері, өмірлік дағдылары
халқымыздың өмірінің өрнегі болып табылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-
тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар,
тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне
байланысты әдет - ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл - ой тәрбиесі,
өлең, жыр–дастандарда эстетикалық тәрбиенің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық
тәрбиенің сан алуан тақырыпты қозғайтын тәлімдік ретінде пайдаланылған. Халқымыз тәлім-
тәрбие туралы ұғымдарын өз өмірінде заң ретінде қолданып келеді, осы қағиданың іске асуын
ақсақалдар қадағалады. Олар оқулық болып басылмады, бірақ, жазылмаған заң ретінде
күнделікті өмірге араласты. Ал кемеңгерлер мен көсемдер өз алдына тарих тегершігін сүйреді.
Осындай айқын мағлұматтар ауыз әдебиеті арқылы халық педагогикасына енді. Ауыз әдебиеті
мен халықтың салт-дәстүрлері ұлттық тәрбиенің қайнар көзі деп тұжырымдалған. Міне, осы
тұғырлы тұжырымды ғалым, лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, қазақтың халық
педагогикасын жан-жақты зерттеп, халықтың этнопедагогикасының негізін қалаған, ұлттық
тәлім-тәрбие, ұлттық білімнің шамшырағы, қазақ халқының көсемі – Ахмет Байтұрсынов
қазақ ауыз әдебиетінің ұлттық тәлім- тәрбиелік білімдерінің мазмұнын тәжірибе арқылы сан
рет тексерілген қағидалар, көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы құрайды. Ол
Байтұрсыновтың «ертегілер көбінесе ішкері мағынасымен өнегелі келеді, жақсылық,
жамандық, достық, қастық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, аңқаулық тағысын тағы
сондай жақтан өнеге беру, тәлім-тәрбие мақсатымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі» -
деп өте орынды түйін жасағанынан көрінеді. Тәрбие ұрпақ үшін күрес құралы деген мақсатты
көздей отырып, Ахмет Байтұрсыновтың «Баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақ, құлша
тәрбиелесең құл болмақшы», «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала шықпайды»
деп жазғанынан көрінеді [4]. Әрине, оның осындай идеялары ауыз әдебиетінің тәлім-тәрбиелік
мәнін жоғары бағалауы қазіргі ұлттық тәлім-тәрбиедегі отбасы негізінен басталатынын
тұжырымдаймыз.
Саналы ғұмырында бар ынта-ықыласы мен күш-жігерін, ақыл-парасаты мен жүрек
қуатын ұлт сапасының көтерілуіне сарқа жұмсай білген ұлы Ахаң көсемсөздеріндегі ұлттық
мүдде мен жасампаз мұрат-мақсаттар, алмағайып заманның ащы ақиқатын ашатын толғамды
ойлар бүгінгі таңдағы қазақ халқының болашақ даму нысандарына негіз болатын баға жетпес
құндылықтар ретінде танылады.
Ахмет Байтұрсынов - қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы.
Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері - әлі
зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі
қазіргі жаңа заманға өте керек. Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың қазағы қандай болуы керек дегенде,
Ахаң заманындағы қазақтың бүгінгі өскелең ұрпақтарын, ең алдымен, Ахаң көрсеткен білім
мен мәдениет белесіне көтеріле алды ма, жоқ па? Осы мәселе сана сарабына салынып, уақыт
талабының таразысына тартылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: