Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Бiрiншiден, логикалық бағытқа тән кейбiр идеяларды жалғастырды;  екiншiден



Pdf көрінісі
бет16/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152
Бiрiншiден, логикалық бағытқа тән кейбiр идеяларды жалғастырды; 
екiншiден, типологиялық жағынан өрiстес нақты тiлдердi сипаттамалық 
талдаудың жаңа тұрпаттағы әдiстемесiн белгiледi; үшiншiден, тарихилық 
дәстүрiн жалғастырды; төртiншiден, тарихта тұңғыш рет тiл теориясын 
немесе жалпы тiл бiлiмiн жасады. Сол себептi де өзiндiк нысаны мен 
нысанасы, әдiстемесi мен әдiснамасы бар жеке ғылым ретiнде тiл ғылымы 
осы кезеңде пайда болды дей аламыз. Ал зерттеу әдiснамасының нақтылануы 
тiл ғылымының кейiнгi даму жолын да айқындағаны сөзсiз. 
XIX ғасырдың 70-жылдары құрамында Г.Остхоф, К.Бругман, Г.Пауль, 
т.б. танымал лингвистер болған Лейпциг мектебiнде, Ресейде Қазан мектебi 
мен 
сәл 
кейiнiрек 
Ф.Ф.Фортунатовтың 
Мәскеу 
мектебiнде 
“младограмматизм” аталатын бағыт, ал ғасыр соңына қарай Францияда, 
Ресейде, Польшада младограмматизм аясында лингвистикалық социологизм 
идеялары көрiне бастады. Аталмыш идеяны негiздеушiлер И.А.Бодуэн де 
Куртенэ, К.Аппель, А.Мейелер болды, олардың қатарында тiл 
ғылымындағы ареалдық бағыттың негiзiн салған Г.Шухардт есiмiн де 
атауға болады. 
Сұрақ. Бұл бағыттардың бiр-бiрiнен айырмашылығы жайында азын-
аулақ түсiнiк артық болмас едi… 
Жауап. Младограмматизм идеясы тiлдi тарихи даму барысында бiрiн-
бiрi алмастырып отыратын және сөйлеушiлердiң санасында ғана 
жинақталатын жеке үрдiс ретiнде тануға негiзделдi. Ал лингвистикалық 
социологизм түсiндiруiнде, тiл – қоғамдық құбылыс ретiнде; соған сәйкес, 
сөйлеушiнiң тiлдiк қабiлетi – тiлдiң қоғамдағы орнына қарай өзiндiк 
қолданыс даралығы ретiнде бағаланды. Қысқасы, бұл идеялар тiл мен 


17 
сөйлеудiң ара қатынасына көбiрек зейiн аударды. Бұл идеялардың тiл 
жүйелiлiгiне байланысты жаңаша iзденiстерге жол ашқаны да, сонымен қатар 
XX ғасырдың алғашқы жылдарында тiл мен сөйлеуге қатысты қайшылықты 
пiкiрлерге негiз болғаны да белгiлi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет