Сөйлеу әдебі: ТҮрлері мен қазіргі сипаты



бет1/3
Дата02.04.2022
өлшемі58,2 Kb.
#29636
  1   2   3
Байланысты:
1-ші тарау


СӨЙЛЕУ ӘДЕБІ: ТҮРЛЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ СИПАТЫ

Мәдениеттi тiлден бөлiп алып қарамаймыз, тiл – мәдениеттiң бiр көрiнiсi. Ол екеуiнiң ара қатынасы ерекше де маңызды, кез-келген мәдениеттiң түрлерi, атаулары тiл арқылы бейнеленiп, тiлдiң кумулятивтiк қызметi арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiлетiнi белгiлi»,
Ж. Манкеева
Этикет – философиялық, этикалық ұғым, адамдардың белгiлi бiр ортадағы орныққан тәртiпке сәйкес бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауының ережелерi.

Этикет – адамдардың белгiлi бiр ортадағы орныққан тәртiпке сәйкес бiр-бiрiмен сыпайы қарым-қатынас жасауының ережелерi. Адамдардың қарыс қатынасы этикет нормалары арқылы реттелiп отырады. Этикеттiң тiлдiк және тiлдiк емес жағы бар этикеттiн тiлдiк құрал арқылы жүзеге асырылатын түрi тiл бiлiмiнде сөз этикетi деп аталады. Сөз этикетi әлеуметтiк-лингвистикалық құбылыс болғандықтан оның өзiне тән қызметi тiлдiң негiзгi қарым-қатынастық қызметiнен туындайды. Сөз этикетi комуниканттар арасындағы қарым-қатынасты сыпайы түрде жүзеге асыру, реттеу көңiл-күйге жағымды әсер ету үшiн жұмсалады. Сiз бен сен сөзiнiң жұмсалу дәстүрiнен жөңсiз ауытқымау да этикет сақтауға жатады. Сөз этикетiне қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тiлек бiлдiру, алғыз айту, өтiнiш айту, кешiрiм сұрау, шақыру, кеңес беру, көңiл айту, жұбату, құптау, марапаттау формалары ж.т.б. да құрымдар жатады. Бұл құрылымдар мән-мазмұны мен қолданыс ерекшелiгiне қарай тiлдiң бiрнеше қызметiн анықтап, атқарып отырады.

Адам – қоғамның жемiсi. Ол белгiлi бiр қоғамда, әлеуметтiк ортада өмiр сүредi. Адамдардың қоғамның өзге мүшелермен, әлеуметтiк ортамен, ұжыммен қарым-қатынасы орныққан этикет нормалары арқылы реттелiп отырады. Бұлайша орныққан этикеттiң тiлдiк жағы бар да, тiлдiк емес жағы бар. Мысалы, жасы кiшiнiң жасы үлкен адамға жол беруi, iскер адамдардың өзара «сәлемдесуi», тағзым етуi т.б. әдептiлiктiң тiлдiк емес жағына жатады. Ал әдептiң тiлдiк құралдар, тiлдiк амал тәсiлдер арқылы жүзеге асатын да түрлерi бар. Оларды тiл бiлiмiнде сөз этикетi (речевой этикет) деп атайды.

Сөз этикетi деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениеттi сөйлеу (айтуға «ұят», мазмұны нашар, дөрекi сөздердi қолданбау т.б) деген мағынада емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ұйытқы болып реттеп отырудың құралы ретiнде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тiркестерi, тұрақты сөз орамдары, өзге де тiлдiк амал-тәсiлдер деген мазмұнды аңғартады.

Сөз әтикетi жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы байланыстың үзiлмеуi, реттелiп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ көңiл-күйге жағымды әсер ету үшiн жұмсалады. Мiне, бұларды бiр сөзбен айтқанда сөз этикетiнiң қызметi деп атауға болады.

Сөз этикетi әлеуметтiк-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзiне тән қызметi тiл табиғатынан, тiлдiң функцияларынан туындайды. Ал жалпы тiлдiң ең басты қызметi-қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәнi, яки қоршаған ортаны танып бiлу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткiзу екендiгi белгiлi. Сөз этикетi, негiзiнен тiлдiң бiр бөлшегi, шағын жүйесi (микросистема) ретiнде қарым-қатынас, яғни коммуникативтiк қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметiнде ол жетекшi роль атқармайды. Мысалы, дәстүрлi «Қалың қалай?», «Не жаңалық бар?», « Мал-жан аман ба?» сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап етпейдi. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегiнде айтылуға тиiс болғандықтан, айтылады да, оған тағы да дәстүрлi «Шүкiр!» «Өзiңде не жаңалық бар?» деген тәрiздi қалыпты жауаптар берiледi. Бұл мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушiлердiң әңгiменi бастап кетулерiне «кiлт», яки бiр нәрсенi сұрау, оған жауап беру қызметiнде емес, негiзiнен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау қызметiнде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетiнiң негiзгi қызметi тек байланыс құралы ғана болу, оның танымдық (сигнификативтiк) мәнi жоқ деген сөз емес.

Сөз этикетiнiң тыңдаушы назарын аудару (аппелятивтiк), байланыс орнату (фатикалық), сыпайылық таныту (конативтiк), тыңдаушының көңiлiн аулау (эмотивтiк), ерiк бiлдiру (валюнтативтi), түрлi критерийлерге байланысты коммуниканттарды жiктеу (регуляртивтi) ж.т.б. қызметтерi бар.

Адам баласы белгiлi бiр қоғамда бiрлесiп өмiр сүрiп, бiрлесiп еңбек етедi. Қандай да болмасын қоғамның көпшiлiк қабылдаған әдет-ғұрып, қарым-қатынас жасау дәстүрi болады. Адамдардың бiр- бiрiмен араластығы сол қағидаға негiзделедi. Одан ауытқу өзара қалыптасқан қарым-қатынасқа қаяу түсiруi мүмкiн. Сондықтан әркiм белгiлi қоғамның бiр мүшесi ретiнде, көпшiлiкке аян дәстүрлi қағидалар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеп отыруға тиiс.

Адамдардың өзара қарым-қатынасы алдымен тiл арқылы жүзеге асады. Тiл пiкiр алысу құралы ретiнде адамның тек ойын ғана емес, сөзiмiн де бiлдiредi. Сөйлеудегi iзет, құрмет, сыпайыгершiлiк кiсiнiң сөзiмiне әсер етедi. Өмiрде жиi қолданылатын амандасу, қоштасу, ризалық бiлдiру, кешiрiм сұрау, құттықтау, көңiл айту... т.б. Сөйлеу этикетi деген ұғымға саяды. Адамдардың дидарласуына, ең алдымен,дәнекер болатын да – осылар. Туған-туысқан, жора-жолдас, тамыр-таныстармен кездескенде – амандасу, кетерде – коштасу қаншалықты дәстүрлi әдетке айналса, бiреудiң қуанышына, қайғы-қасiретiне ортақтасу соншалықты табиғи да. Адамның жанына жағымды, жылы сөздер оның көңiл күйiнiң пернесi сияқты. Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздiң мағынасын «сiз деген – сөздiң сынығы, сен деген – сөздiң анығы» деген қазақ мақалы да аңғартса керек.

Сөйлеу этикетiнiң өзiне тән нормалары мен ерекшелiктерi болады. Оған жете мән бермесек, жылы шырай, жақсы қарым-катынасқа жарықшақ түседі.

Күнделiктi қарым-қатынас жасауда сөз әдебiн, сөйлеу этикетiн сақтап жүрмiз бе? Елемей-ескермей жүргендерiмiз бар ма? Бүгiнгi күннiң талабына лайық жандандыра түсетiн түрлерi жоқ па?

Байыптап қарасақ, сөйлеу этикетi, сөз әдебi жайында әңгiме қозғауға түрткi болар жайттар аз емес тәрiздi. Жақсы сөз де жарық сәуле сияқты айналаға жылылық сеуiп, көңiлдi қуанышқа бөлейдi. Адамдардың ынтымағын күшейтедi. Коллективте дәстүрге айналған iзеттi сөз, сыпайы мiнез еңбек өнiмдiлiгiне де әсер етпей қоймайды.

Сөз арасында қолданылатын кешiрiңiз, ғафу етiңiз, мүмкiн болса, қажет деп тапсаңыз, рұқсат етсеңiз, мақұл көрсеңiз, лайық деп қарасаңыз, қалауыңыз бiлсiн т.б. сөздер елеусiздеу көрiнгенмен, тiлге сыпайылық үстеп, iзеттiлiктi бiлдiредi. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кiшiге де жарасымды болып, адамның кiшiпейiлдiлiгiн бiлдiредi. Естiген құлаққа майдай жағады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет