Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет4/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
СӘУІРДЕ ЖАУҒАН ҚАР

Несін маған сыйлайды биыл көктем?


Өмір деген соншама қиын деп пе ең!
Қар жауып тұр, суреттеп күйімді еппен.
Түсе ме екен сиқырлы сыйым көктен?!

Болмысына жарасқан бүкіл қылық,


Қарамаймын көктемге түк ынтығып.
Мұны да ару дей ме екен – құрсын, бірақ,
Көрші қыздың жүргені-ай жұтындырып!

Сеніп қалып, қашанғы жан ышқынбақ?


Сыр ашпаймын мен енді, таныс тұрмақ.
Өз ойымның отына жылынамын,
Тереземнің сыртында қар ұшқындап.

Жасара алмай қаланың тайған өңі,


Күншуаққа құшағын жаймады елі.
Бұла сезім аңсатты сәуір гүлін,
Мына кезім бастайды қайда мені?!

Түтек боран сәуірдің үзіп гүлін,


Мизамкөкте мәрт көктем тізіпті мұң.
Бұзықтығым қайтадан қылаң беріп,
Қызық өлең тудырды қызық күнім.

КӨКШЕ КӨЛ. КӨКТЕМ

Еріді ме төсінен мұз Көк көлдің?


Тырналары тыраулап түз-бөктердің.
Өмір әні елітіп естілгендей
Қоңырауы сыңғырлап қыз-көктемнің.
Көкше көлге көктемді іздеп келдім!

Көпір тұстан қарсы алып тұр босағам,


Жетті ме деп найқалып жыр-көші аман.
Көк бояуын жырлай ма көктеменің
Қоңыр өлең жазатын Нұрдос ағам.

Көк толқыным құшқанда құм жағаны,


Көкорайым, көк терек бүр жарады.
Көктемеге жараспай бір жаманы,
Аты шулы Балқаштың мұржалары!..

Көктен саулап жатқандай мың сан үміт,


Күлімдейді көзіме Күн шағылып!
Көктем-құшақ анама асығайын,
Қарсы алады анамдай кім сағынып!

Сағыныштың оранып от деміне,


Көктем іздеп мен келдім Көк көліме!
Өмір дейді көктемді балауса әлі,
Көрінбейді көк қызым... өкпелі ме?!

Еріді ме төсінен мұз Көк көлдің?


Тырналары тыраулап түз-бөктердің.
Тұнығымның тереңі толқымай бір,
Ғұмырымның ғазалын тізбектер кім?!
Көкше көлге көктемді іздеп келдім!
ҚАРАҒАЙЛЫ БАҚТА

Мұнараға бұлт іліп мұнар аспан,


Самалада саулайды сыр ағаштан.
Оң-солымнан зулайды жел-жүгермек,
Жетім бақтың желегін жұла қашқан.

Ақзер әлем әдемі, аппақ еді.


Муза мөлдір мұңымды сақта деді.
Табиғаттың тамыры – өз тамырым!
Бір күш алып келеді баққа мені.

Ала бұлт аунаған алағай күн,


Нұрын аңсап шөлдейді жан арайдың.
Құба таңда қара өлең шыққа айналып,
Қылқанынан құлайды қарағайдың...

Гүл де солып сағынған жаз, жаңбырды,


Қаз қайтқан күз көңілге наз қалдырды.
...Қарағайдай қасқайып оқып берем,
Жетім бақта жақұттап жазған жырды.

АҚ ЖАУЫН

Уа, зеңгір көк, зеңгір көк!


Табиғаттың бұл дағы заңы қандай?!
ҚазГидроМет болжамын қабыл алмай,
Құтыруын қарашы мына күннің,
Жілігіне май толған жануардай!

Қан-тамырда Қара Ертіс - күй тасынды,


Еске салдың сағыныш, қимасымды!
(Өзімді алдағаным ғой)
Доғар деймін!
Ешкім өлген жоқ бүгін, тый жасыңды!

Ей, ақ жауын, мөлдір мұң сырғытты үміт,


Ақтарғым-ақ келеді сыр ғып тұнық.
...Кірпіктерін ақшулан бұлтқа малған,
Қарындасым-ай менің, жұртта қалған,
Бұрымымен көз жасын сүртіп тұрып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет