Семинарға дербес бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен қаржы саласына жауапты мамандар қатысты



жүктеу 352.33 Kb.

бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі352.33 Kb.
түріСеминар
  1   2   3   4

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Шиелі 

аудандық филиалы ғимаратында  осы 

мәселелерді қаузаған семинар-кеңес 

өткізілді.

Семинарға дербес бөлім басшылары

ауылдық округтердің  әкімдері мен қаржы 

саласына жауапты мамандар қатысты. 

Жиынды аудан әкімінің орынбасары 

А.Есмаханов ашып,  жүргізіп отырды.

К е л е л і   м ә с е л е л е р д і   к ө т е р г е н 

семинарда Қызылорда облысы бойынша 

ішкі мемлекеттік аудит департаменті 

басшысының орынбасары Қ.Тұрымтаев 

пен аталған департаменттің бөлім басшысы 

Б.Шәріпбеков хабарлама жасады.  Семинар-

кеңесте еліміздің «Бюджеттік кодексі» 

кеңінен әңгімеленіп, мемлекеттік сатып 

алудың камералық бақылауы жайлы 

айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға 

қатысты заңнамалардың сақталуы да әңгіме 

арқауына айналды.

«Өскен өңір» ақпарат

НӘЗІК ГҮЛІМ! 

ӨЖЕТ ТЕ ҚАЙСАР ГҮЛІМ! 

«КӨКТЕМ КЕЛЕ ЖАТЫР» ДЕП 

ЖАР САЛ БҮГІН! 

НӘЗІК СӘУЛЕ ДІРІЛДЕП КІРПІГІНДЕ, 

ЖАНАРЫНА ҮЙІРДІ КҮЛКІ КҮН ДЕ. 

КӨКТЕМ БҮРЛЕП КЕЛЕДІ, 

КӨКТЕМ БҮРЛЕП, 

ЖАРЫП ШЫҚҚАН ҚАЙЫҢНЫҢ БҮРТІГІНДЕ. 

ҚАРАҢЫЗШЫ! 

ТҰП-ТҰНЫҚ ТАҢ АТУДА, 

КЕҢ ДАЛАМА ШҰҒЫЛАСЫН ТАРАТУДА. 

КӨКТЕМ КӨШІП КЕЛЕДІ, КӨКТЕМ КӨШІП, 

ҚАЙТА ОРАЛҒАН ҚҰСТАРДЫҢ ҚАНАТЫНДА. 

СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ

Көктем қасиет пен кереметтің мезгілі ғой 

шіркін. Кеткен құстар оралып, дала гүлге оранып, 

ағаш біткен бүршік атып, жан-жануарға жан 

бітіп, қалам ұстаған ақын-жазушы тебіреніп

жаңа туындыларын жазып, айнала түгел әсемдік 

пен әдемілікке толып кетеді. Сірә, көктем әсер 

етпейтін тіршілік жоқ шығар жер бетінде. Әйел 

затының бұрынғысынан да әдемілене түсетін кезі 

дәл осы шақ емес пе? Бойында осыншама қасиет 

бар көктем мезгілін жай сөзбен жеткізу мүмкін де 

емес. Дегенмен, ақынның жыр-шумағымен жеткізу 

бір бөлек.

КӨКТЕМ


Íàóðûç – õàëûқàðàëûқ 

әéåëäåð êүíі құòòû áîëñûí!



№19 (8472) 7 наурыз, 

сейсенбі, 2017 жыл

Газет 1939 жылдың 

19 наурызынан бастап шығады

Шиелі аудандық 

қоғамдық-саяси газет

ҚҰÒÒÛҚÒÀÓ



Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, ая-

улы қарындастар!

Сіздерді  көктемнің  айтулы  мерекесі  8  наурыз  – 

халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Әйел  –  өмір  тірегі  ғана 

емес, әйел – өмірдің өзі» деп атап өтуі, біздің қоғамдағы 

әйел-аналардың  орнының  биіктігін  көрсетеді.  Әйелдер 

қандай кезеңде болсын қоғам жүгін қайыспай көтере білді. 

Еліміздің қиын-қыстау кезеңінде қазақтың азаматы атқа 

қонса, шаңырақты шайқалтпау әйел мойнындағы жүк бол-

ды. Ерінің айтпақ ойын қабағынан түсінген асыл аналары-

мыз, тұтас қазақ өткен ауыр жолдардың барлығына төзе 

білді. Сондықтан, елімізде орнаған бейбіт заманда біздің 

ең басты байлығымыз – алтын құрсақ ананың амандығы 

мен баланың жарқын күлкісі.

Қазіргі таңда әйелдер ел экономикасының дамуы мен 

өркендеуіне, мемлекет  саясатының  жүзеге асырылуына 

елеулі үлес қосумен қатар отбасында, билікте, бизнесте, 

ғылым мен мәдениетте, кәсіпкерлік пен өндіріс саласында 

ер азаматтармен қатар жұмыс атқаруда.

Әйелдер  ел  алдында  түрлі  саланың  қызметкерлері 

болғанымен, отбасында  аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың 

шаттығы, отбасының ұйытқысы.



Құрметті аналар, қарындастар!

Сіздерді  мерекелеріңізбен  құттықтай  отырып, 

дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, 

еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрдайым жадырап, гүлдей 

құлпырып жүре беріңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!



Құрметпен,

аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев

Құрметті ханымдар, аналар, ақ жаулықты әжелер!

Аудандық мәслихат депутаттарының және өз атымнан  

сіздерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын 

жүректен құттықтаймын!

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік 

пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.

  Біздің  қазіргі  қоғамымызда  әйел  тек  отбасының 

береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік 

іс-қимылдарға және саяси мәселелерге белсене араласа-

тын қоғам мүшесі. 

Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік 

қорғалуына,  олардың  өмір  сүру  деңгейін  арттыруға 

айрықша маңыз беріледі.

Сіздердің аттарыңызға айтылатын ақ ниеттер мен жылы 

сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басталысы-

мен келетін мерекелік көңіл-күй баршаңыздың сұлулық пен 

күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. 

Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш, 

шаттық пен сәттіліктер тілеймін!



Ізгі тілекпен,

аудандық мәслихат хатшысы

Ә.Оразбекұлы

8

Бір  қолымен  бесікті,  екінші  қолымен 



әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды 

қыздар қауымын төл мерекелерімен ауыл 

әкімінің міндетін атқарушы Қ.Парманқұлов, 

« Б и д а й к ө л »   ш а р у а   қ о ж а л ы ғ ы н ы ң 

атқару шы  директоры  Ә.Тұрманұлы, 

ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы 

С.Жүндібаев, ауылдық әйелдер кеңесінің 

төрайымы Ұ.Назарбекова, ардагер ұстаз 

Қ.Тұрсыновалар  құттықтап,  мерекелік 

жылы лебіздерін білдірді. 

Мерекелік шарада аналар Р.Тұрсынова-

ның  орындауындағы  әсем  әндерді 

тыңдаса,  Н.Төлегенов,  Б.Қиянбеков, 

Е.Тоқмырза, сонымен қатар, «Томирис», 

«Еркеназ»  би  тобы  және  дарынды  жас 

өнерпаздар  ән-жырдан  шашу  шашып, 

шараға  жиналған  әйел-аналарға  тама-

ша  көңіл-күй  сыйлады.  Сондай-ақ,  ша-

рада  «Бидайкөл»  шаруа  қожалығының 

демеушілігімен 240 батыр ана мен зейнет-

кер аналарға сый-сияпат көрсетілді.

Құшақтары  гүлге,  көңілдері  жырға 

толған  әйел-аналардың  жүзінен  тек 

қуаныш пен шаттық нұрын байқадық.



Қ.САЙЛАУ.

Осы тақырыпта Бидайкөл 

ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – 

халықаралық әйелдер күні мерекесіне 

орай мерекелік кеш өтті.

ТҮРКСОЙ-дың

Айта  кету  керек,  «100  нақты  қадам 

– Ұлт жоспары» бағдарламасы бойын-

ша  облыста  134  тармаққа  негізделген 

арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген 

болатын.  Облыстық  экономика  және 

бюджеттік  жоспарлау  басқармасының 

басшысы С.Құлымбетованың баяндауын-

ша, бүгінгі таңға дейін осынау іс-шаралар 

жоспарының  118-і  нақты  орындалып 

біткен.  Қалған  16  шара  ұзақ  мерзімге 

негізделгендіктен  ондағы  тапсырмалар 

кезең-кезеңімен шешімін таппақ. Аталған 

іс-шаралар  жоспарына  сәйкес,  өткен 

жылы  облыста  жергілікті  полицияның 

жұмысы құрылып, 1600 штаттық бірлік 

қаралып,  тиісті  техникалық  құрал- 

жабдықтар  үшін  облыс  қазынасынан 

465 млн. теңге бөлініпті. 

Осыдан  кейін  облыс  әкімінің  орын-

басары  С.Қожаниязов  2016  жылғы    7 

шілдеде сол кездегі ҚР Премьер-Министрі 

К.Мәсімовтің  Қызылорда  облысына 

жасаған іс-сапарына сәйкес негізделген 

хаттамалық тапсырмалардың орындалу 

барысы жайлы баяндама жасады. Серік 

Салауатұлы  суармалы жерлерді  қайта 

қалпына келтіру, «САРАТС» жобасының 

екінші кезеңін іске асыру жұмыстарының 

барысы жайлы хабарлады. Оның айту-

ынша, облыста 237 мың гектар суармалы 

егістікке негізделген ауылшаруашылық 

мақсаттағы жер бар. Оның бүгінгі таңда 

179  мың  гектары  инженерлік  жүйеге 

келтірілген.  Қалған  алқапты  қайта 

қалпына  келтіру  жұмыстары  жүргізіліп 

жатыр. Жалпы, Қазақстан Республикасы 

алдағы 5 жылда еліміз бойынша 600 мың 

гектар жерді қайта қалпына келтіру үшін 

тиісті  тетіктерді  қарастырып,  қаражат 

бөлуді  жоспарлап  отыр.  «Азия  даму» 

банкі  арқылы  біздің  облыста  29  мың 

гектар  алқапты  қайта  қалпына  келтіру 

жұмыстары қолға алынбақшы екен. Бір 

Қызылорда  облысында  жерді  қайта 

қалпына  келтіру  үшін  102  млрд.  теңге 

бөлінбекші.

Бұдан  бөлек,  Шиелі  ауданындағы 

«Күміскеткен»  су  қоймасын  салу  ре-

спубликада  оң  шешімін  тауып,  тиісті 

қаржысы қаралып отыр. Бұл су қоймасы 

600 мың текше метр суды қабылдап, егіс 

маусымында 63 мың гектар жерді сумен 

қамтамасыз ететін көрінеді. Жоба құны 

1,5 млрд. теңге. Жалпы, Қызылорда облы-

сы бойынша суармалы жерлер, каналдар, 

қашыртқылар, қоймалардың құрылысына 

162,4 млрд. теңге бөлініпті. «САРАТС-2» 

жобасы бойынша өзбектермен жасалған  

келісім тараптар арасында мақұлданбай 

нәтижесінде бұл жобамен бірлесіп жұмыс 

жасауға  ресми  Ташкент  құлықсыздық 

танытқанын  білдік.  Дегенмен,  Арал 

теңізінің    ахуалы  көршілер  бас  тартты 

екен деп, назардан тыс қалмақ емес. Бұл 

бойынша Қазақстан өз бюджетінен тиісті 

қаражатын бөліп, «САРАТС-2» жобасы 

бойынша тиісті жұмыстарды жеке жасауға 

бел буып отырғандығын осы жиын бары-

сында естіп білдік.

Басқосуда  кәсіпкерлікті  дамыту, 

жұмыспен қамту мәселелері бойынша об-

лыс әкімінің орынбасары Евгений Ким ба-

яндама жасаса, көркейту-көгалдандыру 

және  22  наурызға  дайындық  жайлы 

облыстық  ішкі  саясат  басқармасының 

басшысы    А.Қайруллаев  негізгі  іс-

шаралар жоспарымен таныстырды. Жиын 

барысында  көтерілген  6  негізгі  мәселе 

бойынша тиісті басқарма басшыларына 

тапсырмалар берілді. 

Селектрлік жиыннан соң аудан әкімі 

Қ.Сәрсенбаев өңірде атқарылып жатқан 

жұмыстар  есебін  тыңдады.  Маңызды 

мәселелер қатарына көпқабатты тұрғын 

үй  салуға  арналған  жерлерді  құрылыс 

жұмыстары  жүргізілгенше әзірлеу яғни, 

Әбдікәрімов көшесіндегі тұрғындардың 

гаражын    арнайы  бөлінген  аумаққа 

көшіру,    тоғыз  қабатты  тұрғын  үйдің 

мәселесін  шешу,  шағын  және  орта 

кәсіпті  дамытып,  кооперативтер  құру, 

жұмыссыздықты азайту, білім, денсаулық 

салаларындағы  атқарылған  жұмыстар  

талқыға салынды. Аудан әкімінің орын-

басарлары Т.Жағыпбаров, Б.Ысмағұлов, 

А.Есмахановтар  өздерінің  салалық 

бөліністеріне    сәйкес  атқарып  жатқан 

жұмыстарының барысы жайлы баянда-

ма жасады. 

Сондай-ақ, басқосуда кенттің, ауыл-

аймақтың тазалығы жайлы сөз болды. 

Аудан әкімі әр ауылдың әкімі мен меке-

ме басшылары өзіне тиесілі жерлердің 

тазалығын  қадағалап,  көгалдандыру 

жұмыстарына жауапты болуы керектігін 

жеткізді. 

Одан соң ауданның Наурыз мерекесіне 

дайындығы пысықталды. Жалпы, биыл 

аудан жұртшылығы бұл мейрамға ерекше 

әзірлік үстінде. Айта кету керек, биыл нау-

рыз мерекесі қарсаңында шежірелі Шиелі 

өлкесіне бүкіл түркі халықтарына ортақ 

ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері, мәдени-

шығармашылық  тобы  келіп,  өнерлерін 

көрсетпек.  Осыған  байланысты  аудан 

басшысы Қ.Әубәкірұлы тиісті сала бас-

шыларына мерекеге ерекше дайындалу-

ды, қайырымдылық шараларын көбірек 

ұйымдастыруды тапсырды.

А у д а н   ә к і м і н і ң   о р ы н б а с а р ы  

А.Есмаханов  «биылғы  мектеп  бітіруші 

түлектердің  ҰБТ  көрсеткішінен  жоғары 

нәтижеге  қол  жеткізуі  үшін  барлық 

жағдайды  қарастырамыз.  Соның  бір 

қадамы алдағы уақытта пән мұғалімдері 

мен  барлық  мектеп  директорларынан 

өздерінің мамандықтары бойынша тест 

тапсырмалары  алынатын  болады»  – 

деп, мектеп директорларының біліктілігі 

тексерілетін  күннің  жақындағанын 

жеткізді.

Аудан  әкімі  Қ.Әубәкірұлы  «Қай  ау-

ылда қандай кәсіптің көзі жетіспейтінін 

анықтап, тұрғындарға ұсыну қажет. Ауыл 

адамдары  шашын  қидыру  үшін  аудан 

орталығына қарай сабылмауы керек. Сол 

секілді қазір кез келген ауылда кемінде 

200-дей көлік бар. Неге көлік жөндеуге 

икемі  бар  ауыл  азаматы  несие  алып, 

техникалық қызмет көрсету орталығын 

ашпасқа? Әр елді мекенде монша, шаш-

тараз, тігін цехы секілді халыққа қажетті 

қызмет  көрсету  орындары  болуы  тиіс. 

Сонда ғана кәсіпкерлік саласы дамып, 

жұмыссыздар  саны  азаятын  болады. 

Осының  бәрін  халыққа  түсіндіріп,  үгіт-

насихат жүргізуге тиіссіздер», – деп, сала 

басшыларына нақты тапсырмалар берді. 



Гүлхан ЯХИЯЕВА.

Кеше аймақ басшы-

сы Қ.Көшербаевтың 

төрағалығымен облыстық 

селектрлік жиынның кезекті от-

ырысы өтті. Күн тәртібінде 

маңызды 6 мәселе қаралды. 

Сондай-ақ, Елбасының «100 

нақты қадам – Ұлт жоспарында» 

көрсетілген жобалардың жүзеге 

асу барысы пысықталды. 

Áàíê áàñøûëàðû 

áðèôèíã өòêіçäі

МАҚСАТ – ЖАСТАР 

БЕЛСЕНДІЛІГІН 

АРТТЫРУ


БІЛІКТІ МАМАН ЖҰМЫСТЫ ЖҮРГІЗЕДІ

Қай кезде де өз ісін жетік 

меңгерген маман еш қиналмастан 

жұмыс жасайтыны белгілі. 

Әсіресе, мәселе бухгалтерлік және 

қаржылық есептілікке тірелгенде 

білікті маманның қажеті сөзсіз. 

Өйткені, бүгінгідей экономика са-

ласы күн санап дамып келе жатқан 

сәтте қаржы саласына жауап-

ты мамандарға артылар жүктің 

салмағы да ауыр. Қай сала болса 

да жұмыстың жүруіне білікті ма-

ман себепші болады.

Соңғы кезде ауданымызда алаяқтық сатысындағы 

қылмыстар белең алып, өршіп тұрғаны баршамызға 

аян. Осы бағытта, аудан көлемінде де алаяқтықтың 

алдын  алып,  жолын  кесуде  әкімшілік  пен  құқық 

қорғау  органдары  бірлесіп  тиісті  жұмыстарды 

атқарып жатса да бұл қылмыстың түрі азаяр емес. 

Аталған бағытта да ақпараттық жұмыстар тиісінше 

ұйымдастырылуда. Өткен аптада  «Қазақстан Халық 

Банкі»  АҚ  Қызылорда  облыстық  филиалы  Шиелі 

аудандық басқармасының басшысы Ғ.Сыздықов пен 

«Казкоммерцбанк» АҚ Қызылорда облыстық фили-

алы Шиелі аудандық бөлімінің басшысы Ғ.Октябрин 

бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді. 

Аталған банк басшылары пайызсыз немесе кепілсіз 

қомақты  несие  алып  берем  деуші  алаяқтардан 

сақтанудың ережелері мен банк тарапынан алаяқтық 

қылмысқа қатысты қабылданған шаралар туралы ай-

тып өтті. Баспасөз жиынында ең төмен пайызбен не-

сие алып беремін деушілердің қатары көбейіп кеткенін 

назарға алған банк директорлары егер несие қатты 

қажет болған жағдайда алдымен басшыға немесе 

банк қызметкерлеріне жүгіну керектігін алға тартты. 

Кез келген сұрақтарға банк қызметкерлеріне келіп жа-

уап алуға болатынын еске салды. Журналистер тара-

пынан қойылған сұрақтарға банк басшылары нақты 

әрі толымды жауап берді. 

    «Өскен өңір» ақпарат

Ж у ы р д а   № 4 5   « А қ   О р д а » 

мектеп-гимназиясында  аудандық 

жастар  ресурстық  орталығының 

ұйымдастыруымен  «Персоналды 

басқарудың  жаңа  механизмдері» 

тақырыбында  семинар-тренинг 

ө т к і з і л д і .   Ж а с т а р д ы ң   с а я с и 

белсенділігін арттыру, көшбасшылық 

қасиеттерін  дамыту  мақсатында 

ұйымдастырылған шараға аудандық 

оқушылар  парламенті  және  «Жас 

ұлан»  ұйымының  жетекшілері 

қатысты.


Жиында оқушылар парламентінің 

депутаттары  жылдық  жоспарға 

сәйкес  бір  ай  көлемінде  атқарған 

жұмыстарының есебін берді. 

Ж и ы н   с о ң ы н д а   о қ у ш ы л а р 

өздерінің  мәселелерін  ортаға 

ұсынып, ортақ шешім таба білді. 

«Өскен өңір» ақпарат

ӨКІЛДЕРІ КЕЛЕДІ

Ана деп көркем жыр төккен, армысың ару нұр көктем

Жастар  мәселесі  қай  кезде 

де  өзекті,  келелі  болып  келген. 

Қоғамның ең қозғаушы күші болып 

табылатын  жастарды  белсенді 

өмірге бейімдеу мақсатында түрлі 

шаралар атқарылып келеді.


Біздің пайымдауымызша, тұғыр 

тастың іші қуыс етіп жасалған. Осы 

қуыстың  ішіне  сол  заманнан  сыр 

шертетін жәдігерлер жасырылған 

болуы керек. Анығын ашып айтуға 

мәлімет  тапшы.  Не  болса  да 

тұғыр  тастың    ішінде  қызықты, 

құнды  ақпараттар  салынған  деп 

топшыладық.  Себебі,  бұл  тұғыр 

т а с т ы ң   м е м ле к е т   қ а р а у ы н а 

алынғандығы  бізді  осындай 

пайымға жетелеген еді.

Ескерткіш-обелискінің  ай-

н а л а с ы   қ о р ш а л ғ а н.   Т е м і р 

тақтайшада мемлекет қарауына 

алынғандығы  туралы  жаз-

ба  анық  көрінеді.  Сонымен 

қатар, тұғырдың төбесіндегі 

бетон қақпаққа 2017 жылға 

дейін ашпау туралы белгі 

ойылып жазылған.  Айта 

кету  керек,  бұл  белгі 

тас  Шиелі  аудандық 

мәдениет үйі, аудандық 

о р т а л ы қ   м е ш і т   ж ә не 

халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы ғимараттарының 

аралығында тұр.

Жалпы, бұл ескерткіш 

КСРО-ның өмірге келуіне  

с е б е п   б о л ғ а н   Қ а з а н  

төңкерісінің 50 жылдығына 

арналып  тұрғызылған 

екен. Себебі, 1917 жылы 

орын  алған  қызылдар 

төңкерісіне 1967 жылы 

тура 50 жыл толған.

Т а р и х қ а   с ә л 

шегініс  жасасақ. 

1918  жылдың  7 

қ а р а ш а с ы н д а 

Мәскеу дің Қызыл 

алаңында Қазан төңкерісіне арналған ең алғашқы 

шеру ұйымдастырылған екен. Осыдан барып, 1927  

жылдың  26  қазанында  КСРО  ОАК  Президиумы 

«Қазан төңкерісінің мерейтойы 1927 жылдан ба-

стап, жыл сайын 7-8 қараша күндері тойланады. 

Бұл мереке күндері КСРО-ның барлық аумағында 

жұмыс жасауға рұқсат етілмейді» – деген қаулы 

қабылдапты. Олай болса, біздің тұғыр тасымыз  ме-

реке күндері қарсаңында орнатылуы да ғажап емес. 

1967 жылы Кеңестер елінде  Қазан төңкерісінің 

50  жылдығы  кең  көлемде  аталып  өткен  екен. 

Тіптен 50 жылдықтың құрметіне ауыл аймақтарға 

атау  берілгені  де  алдыңғы  буын  ағалардың  әлі 

есінде. Ақша бірліктеріне де 50 жылдықтың белгісі 

енгізіліпті. 

КСРО-дағы  бірқатар  қалаларда  осындай 

ескерткіштер орнатылып, болашақ ұрпаққа үндеу 

жазылып, капсулаларға салынып, 50 жылға дейін 

ашпау  туралы  мөр  басылыпты.  Бізге  белгілі 

деректерге  сәйкес,  дәл  осындай  яғни,  Шиелі 

кентіндегідей  тұғыр  тас  Ақтау  қаласында  да  тұр 

екен. Біздің Шиелідегі тұғыр тастың қақпағы қашан 

ашылмақшы? 25 қазан ба? Әлде 7 қараша ма? Осы 

ойдың жетегінде жүріп, архивке бас сұқтық.                  

Сап-сары болып сарғайып кеткен 1967 жылғы 

газет  топтамасына  үңілдік.  Болжамымыз  қалт 

кетпепті.

Аудандық «Өскен өңір» газетінің 1967 жылғы 

6 қазандағы №134 (2788) санының 2 бетінде (ав-

торы көрсетілмеген) «Ерлер есімін қастерлеп есте 

сақтаймыз» атты ақпаратқа кезіктік.

Онда осы ескерткіш жайлы төмендегі мазмұнға 

сай мәлімет келтіріліпті. «Кеше аудандық мәдениет 

үйі жанындағы алаңда азамат соғысында және Ұлы 

Отан соғысында қаза тапқан Шиелі патриоттары-

на  ескерткіш-обелиск  ашылды.  ...аудандық  пар-

тия комитетінің бірінші секретары Ғ.Мұхамеджанов 

жолдас Совет елінің даңққа бөленген 50 жылдық 

өміріне  шолу  жасады»  –  деген  жолдар  бар.  Әрі 

қарай  осы  шарада  азамат  соғысының  ардагері 

П.Перепелкин,  Ұлы  Отан  соғысына  қатысушы 

Қ.Байжанов, ұлдары соғыста қаза тапқан аналар 

атынан Нижегородова, әкелерінен айырылған ұл 

қыздар атынан Аманжолов, жас ұрпақ атынан пи-

онер Қасқабаевалар сөз сөйлепті. Отан соғысына 

қатысушы  Ә.Мырзахметов  кейінгі  ұрпаққа  арна-

лып  жазылған  хатты  оқып,  тұғыр  тастың  ішіне 

салыпты.  Артынан  партия,  совет  ұйымдары, 

кәсіпорын, мекеме, мектеп қызметкерлері, қоғамдық 

ұйымдар өкілдері коммунистік партия гимні интер-

националды  шырқап,  ескерткішке  гүл  шоқтарын 

қойыпты. Яғни, Ақтау қаласындағыдай Шиелідегі 

ескерткіште  де алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі 

толқын  ұрпақтарға  арнаған  үндеуі  жасырылған. 

Тек, ол үндеудің қандай мазмұнда екендігі ғана бізді 

қызықтырмақ.  Оның  үстіне  осыдан  ширек  ғасыр 

бұрын тарихтың қойнауына кетіп, саяси сахнадан 

жоғалған мемлекеттің, КСРО атты алып империяның 

адамдары 2017 жылды қалай елестетті екен, бүгінгі 

ұрпаққа нені аманат етті екен? Үндеудің ішінде осы 

мазмұндас сөздер жазылған ба?

Айта кету керек, ескерткіште  оны 2017  жылы 

ашу туралы нұсқау жазылғанымен айы, күні нақты 

мерзімі көрсетілмепті.

Ескерткіш-обелискінің  мөрін  бұзып,  қақпағын 

ашу мерзімі алыс емес. Тек осы шараға қоғамдық-

көпшілік  халықты  қатыстыра  отырып,  жоғары 

деңгейде  ұйымдастырсақ.  2017  жылдың  жұмыс 

жоспарына  шұғыл  енгізіп,  қоғамдық  кеңестің 

талқысына сала отырып, ашылу салтанатын күздің 

жауынды-шашынды,  салқынына  ұрындырмай 

көктемнің жайма шуақ күндерінің бірінде өткізсек  

қалай болар екен? 

КСРО кезеңінде Қазақстан жүзде ген ұлт пен эт-

носты  жатсынбай бауырына басып,  «жүзі басқа 

болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір» 

атты өмірлік ұстанымға  жұмылдыра отырып, осы 

мемлекеттің гүлденуі жолында аянбай еңбек ету-

ге  баулыды. Осы  ұстаным,  тәуелсіздік  жылдары 

одан әрмен нығая түсіп, ширек ғасырда толығып, 

толысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 

Татулық,  тыныштық,  бейбітшілік,  келісім  бас-

ты  құндылыққа  баланды.  1  мамыр  –  Қазақстан 

халқының бірлігі күні ретінде белгіленіп, мерекелі 

датаға  айналды.  Ол  күні  салтанатты  шаралар 

ұйымдастырылып,  республикада кең көлемде атап 

өту дәстүрімізге айналды.

Олай болса, аталған ескерткіш-обелискіні осы 

күннің құрметіне орай ашуға неге болмасқа?

Н.СӘДУАҚАСҰЛЫ

ҚÎҒÀÌ


2

Osken_onir@mail.ru

№19 (8472) 7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

100


СҰРАҚ 

ЖАУАП


(Басы өткен санда)


  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал