Айлық есептік көрсеткіш



бет4/8
Дата19.04.2022
өлшемі38,5 Kb.
#31462
1   2   3   4   5   6   7   8
Кепілзат - қарызды қамтамасыз ету ретінде жүретін мүлік немесе басқа да құндылықтар (кейде орталық банктер айқындайтын шарттар бойынша).

Кластер (сluster) - 1) топ, жиынтық; шоғырлану; 2) елді мекен; 3) қандай да бір ортақ нышанмен біріккен тұлғалар тобы.

Клиринг (clearing) - өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке жатқызудың негізінде тауарлар, бағалы қағаздар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Банкаралық клиринг (аталған елдің заңды тұлғаларының өзара ақшалай талаптарын есепке жатқызу жолымен банктердің арасындағы есеп айырысу) және халықаралық валюталық клиринг (сыртқы саудада және елдердің арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарында халықаралық төлем жасау келісімдерінің негізінде жүзеге асырылатын есеп айырысу) болады. Биржалардағы клирингілік есеп айырысу жүйелері кеңінен қолданылады. Арнайы клирингілік палаталар, орталық банк немесе аса ірі коммерциялық банктер арқылы, ал бір банктің

бөлімшелерінің арасында - бас кеңсенің клирингілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады.



Клирингілік палата (clearing house) - өзара талаптарды есепке жатқызудың негізінде биржалық мәмілелердің қатысушыларының арасында есеп айырысуды жүзеге асыратын биржалық және биржа аралық орган.

Компанияның активтері - компанияның иеленетін және оған тиесілі нәрсенің бәрі - қолма қол ақша, инвестициялар, дебиторлық берешек, шикізат және материалдық құндылықтар, бұлар айналымдық капитал деп аталады, ғимараттар мен құрал-жабдық, бұлар негізгі капитал деп аталады, сондай-ақ патенттер және компанияның беделі, бұлар материалдық емес активтер деп аталады. Табысты, мұздатылған, өлі активтер болады.

Компанияның балансы (balance-sheet) фирманың немесе басқа ұйымның активтері мен пассивтерінің белгілі бір уақыт сәтіндегі құны туралы есептеме. Активтерге ақша, бағалы қағаздар, жер, ғимараттар мен құрылыстар, басқа да күрделі жабдық, тауарлық-материалдық қорлар, аяқталмаған өндіріс және борышкерлерден алынуға тиісті сомалар жатады. Пассивтер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген борыштарды қамтиды. Активтердің пассивтерден артатын сомасы фирманың таза құны болып табылады. Егер бұл артуды фирманың өз акционерлері алдындағы міндеттемесі деп қарастыратын болсақ, активтер пассивтерге тең болып шығады да, баланс өзінің айқындамасына сәйкес келетін болады. Пассивтерінің құны активтерінің құнынан асып кететін кез келген фирма төлем жасауға қабілетсіз болып табылады. Баланста көрсетілген көрсеткіштердің барлығының бірдей дәрежеде шын бола бермейтінін атап өту керек. Мысалы, қолма-қол ақшаның құны тұп-тура дәл көрсетілуі мүмкін. Оңай сатып өткізілетін бағалы қағаздар мен тауарлардың құны да едәуір шын дәрежеде белгілі, әрине, олар тез өзгеріп отырады. Ал жер, ғимараттар, құрал-жабдық сияқты нақты активтердің, сондай-ақ қиын сатып өткізілетін бағалы қағаздардың құнына келетін болсақ, олар тек бағалаушылық сипатқа ғана ие.

Компанияның директоры (company director) - Компанияның директорлар кеңесінің (board of directors) мүшесі. Директорлар атқарушы, яғни компанияда толық немесе толық емес жұмыс күні еңбек ететін директорлар болуы және атқарушы емес директорлар болуы мүмкін. Атқарушы емес директорлар қызметіне ерекше білімі мен тәжірибесі немесе белгілі атақтары немесе жақсы беделі бар әрі компанияға салмақтылық бере алатын тұлғалар сайланады. Директорлардың міндеттері заңмен айқындалады, ал оларға Ұлыбританияда қойылатын талаптар Компаниялардың директорларын қызметінен босату туралы Заңда баяндалған.

Конкурстық масса - Борышкердің конкурстық өндіріс (соның ішінде банкроттық) барысында өндіріліп алынуы мүмкін мүлкі.

Консорциум - Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың негізіндегі уақытша ерікті тең құқылы одақ (бірлестік), бұл одақта заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерді шешу үшін белгілі бір ресурстарын біріктіреді және күш-қуатын үйлестіреді. Консорциумның қатысушыларының өздерінің шаруашылық жүргізудегі дербестігін сақтайды және басқа консорциумдардың,

қауымдастықтардың қызметіне қатыса алады. Консорциумның қатысушыларының арасындағы қарым-қатынастар шарттық негізде құрылады. Консорциумды басқару консорциумның қатысушыларының консорциалдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады. Егер консорциалдық келісімде басқаша ескерілмеген болса, консорциумның қатысушылары консорциумның қызметіне байланысты міндеттемелер бойынша біріккен жауапкершілік көтереді. Консорциум өзінің қызметін алға қойылған міндет орындалғаннан кейін немесе өзінің қатысушыларының шешімібойынша тоқтатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет