Айтылым дағдысының ішкі кезеңдері



бет2/8
Дата31.12.2021
өлшемі34,84 Kb.
#22901
1   2   3   4   5   6   7   8
Рухани құндылықтар

Дағдылар

- шығармашылық жəне сын тұрғысынан ойлау;

- коммуникативтік қабілеттер;

- өзгелердің мəдениетіне жəне көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

- денсаулық, достық жəне айналадағыларға қамқорлық көрсету;

- өмір бойы оқуға дайын болу.



• сын тұрғысынан ойлау;

• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

проблемаларды шешу қабілеті;

• ғылыми-зерттеу дағдылары;

• коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

• жеке жəне топпен жұмыс істей білу қабілеті;

• АКТ саласындағы дағдылар.


Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Білім беру мазмұны өзгертеліп жатқан қазіргі кезеңде заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау міндетіміз. Жаңартылған бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаны өмірге бейімдеу, функционалды сауаттылығын арттыру. Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Бәсекеге қабілетті маман - креативті ойлай алатын, таптауырынды ойдан алыстаған, кез-келген тақырыпта өзіндік ой-пікірі бар, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарап, ұтымды жауап бере алатын адам. Сондықтан біз мектеп табалдырығынан бастап оқушының бойына аталған қасиеттерді сіңіре білуіміз керек.

Әлемдік тәжірибе бойынша бастауыш білімді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым, және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгертуге септігін тигізеді. Коммуникативтік дағдыларды басшылыққа алып оқыту – функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады.

Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады.

Сөйлесу барысында кейбір әрекеттерді жиі қолданамыз және олар мыналар:

Сөздерді дыбыстау, сұрақтарға жауап беру, интонацияны қолдану, бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну, сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру, пікірталасқа қатысу, жест, мимиканы қолдану, оқиғаларды баяндап беру т.б. Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады.

Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз. Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі- сауаттылық, ал екінші тобы- идеяны (ойды) жеткізе білуі.

Сауаттылыққа яғни, жазылымға қатысты дағдылар:


  • Орфографиялық қатесіз жазу;

  • Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;

  • Пунктуацияны дұрыс қолдану;

  • Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу.

  • Грамматиканы дұрыс қолдану.

  • Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу.

Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:

  • Стильді дұрыс таңдай білу;

  • Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;

Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым.

Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады.

Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет.

Оқылымның ішкі дағдылары:

Мазмұнын түсіну үшін оқу немес көз жүгіртіп оқу –мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

Тыңдалымның ішкі дағдылары:

Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну.

Тыңдалым түрлері:

Әңгімелесу (диалог), әңгімелер, хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама және т.б

Сөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау-сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.

Интенсивті тыңдалым-сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат-оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.

Экстенсивті тыңдалым-үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды тыңдау.

Тыңдалы мен айтылым дағдысы оқушылардың тіл байлығын арттырады. Ойлау қабілеттері дамиды. Тұйық оқушылар сабаққа ынтасын артады және мінез құлқы қалыптасады. Оқуғадеген таным қабілеті артады. Оқушы ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыруда тиімді әдіс тәсілдер қолдану барысында оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген түсінік болуы тиіс. Оқытудың тиімді стратегиясы арқылы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет деген сұрақтарға жауап іздейді.

Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. [Hattie, 2011]. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталықтандырылған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші оқушының дамуына, оның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін тәсіл. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерін ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгеріледі. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.

Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым- бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан да оқушыларға осы төрт дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі - осы дағдыларға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. (Wallace, Stariha &Walberg, 2004). Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Бастауыш білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқудың стратегияларының сипаттамасына тоқталатын болсам:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет