332
Қазақ өнерінің антологиясы
Тәңірі
алдында табамыз сізден сауап,
Дәнемені білмеген бейшарамыз.
Заман:
Ұмсын-ау, мұнша неге қысағаның?
Көп дейді сұрағаныңнан сұрамағың.
Шыныңменен: «Пірім!» – деп, нияз берсең,
Сауабымен Тәңірге тапсырамын.
Ұмсын:
Бір мағына сұрайыншы, Заман-еке,
Қиялы бұзған қалай-ды халал неке?!
Мүридін
бастап Құдайға пірі апарса,
Елді неге іздейді мүрид Мекке?
Заман:
Қожаң айтар кітаптан, көрген сөзін,
Күнәң қалмас, Меккенің көрсең жүзін.
Ғалым қиған некені арам қылсаң,
Қаса
доңыз болғаның, бір мегежін.
Қожа қайраңдап қалды, не айтарын білмегеннен, қалбалақтап
айтқаны:
Ұмсын:
Қожекем –
қара құлып, алтын сандық,
Тақсыр пірдің жауабына қайран қалдық.
Сөз сұрасам, теңейді мегежінге,
Қай жерінде қалды екен мұсылмандық?
Заман:
Әркім-ақ бұ дүниеден өтер, Ұмсын,
Өткен жанның жұмысы бітер, Ұмсын!
Ісіне
шариғаттың талас қылсаң,
Күнәһың асып таудан кетер, Ұмсын!
Ұмсын:
Қожеке-ау, адал көп пе, арам көп пе?!
Жеті қат жер, жеті қат аспан көкте.